Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1245 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 130 бұйрығын қараңыз.

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын жүргізудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 2, 23-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1245 қаулысымен   
бекітілген      

Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай
аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай
операцияларын жүргізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының  Экологиялық кодексіне(бұдан әрі - Кодекс) және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін анықтайды.
      2. Теңіз бен ішкі су айдындардағы мұнай операциялары өңірлік геологиялық-геофизикалық зерттеулер мен мұнай, газ және конденсат өндіруге, барлауға қатысты жұмыстарды және олармен бірыңғай технологиялық циклмен байланысты мұнайды, газ бен конденсатты уақытша сақтауды және құбыржол көлігімен теңіз құрылыстарынан құрлыққа айдауды, сондай-ақ теңіз құрылыстарын, жасанды аралдарды, дамбалар мен қондырғыларды салу, монтаждау және олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
      3. Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық секторындағы жер қойнауы учаскелерінде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операциялары белгілі бір тереңдікпен шектелуі мүмкін.

2. Теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай
аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай
операцияларын жүргізу тәртібі

      4. Теңізде мұнай операцияларын жүргізудің ерекшеліктері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарында көзделуге тиіс.
      5. Жобалау құжаттарының көрсеткіштерін өзгерткен кезде жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізеді. Жобалау құжаттарын бекіту және жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу бір мезгілде жасалады.
      Жобалау құжаттары (оларға өзгерістер және/немесе толықтырулар) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткенге дейін Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады.
      Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия қаралған жобалау құжаттарын бекітуге ұсынған кезде жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жобалау құжаттарын бекітеді.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде бұл операцияларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, Заңның 93-бабына сәйкес теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі мен зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асырады.
      Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы Заңның 93-бабына сәйкес теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлейді және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітеді.
      Бұл бағдарламалар:
      1) жүргізілетін мұнай операцияларын ішкі бақылау;
      2) персоналды оқыту;
      3) ұңғымаларды бақылауға алу, авариялық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету;
      4) теңізде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту;
      5) теңіз ластанған жағдайда дереу оқшаулау және теңізді тазарту жөніндегі шараларды әзірлеуді қамтиды.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде функционалдық аймаққа бөлу негізінде Кодекстің және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес шаруашылық немесе өзге қызметке толық тыйым салынған және жұмыстардың жекеленген түрлерін жүргізуге қосымша уақытша шектеулер салынған қорықтық учаскелер бөлінеді.
      Кен орындарын пайдаланған кезде Каспий теңіздің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында мұнай тасымалдау Заңның 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптар сақталған жағдайда құбыр жолдар арқылы жүзеге асырылады.
      Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 77-бабына сәйкес мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің сақталуына қатер төндіретін кез келген қызметке тыйым салынады.
      8. Төтенше экологиялық жағдай аймақтарында мұнай операцияларын жүргізу Кодекстің 176-бабында белгіленген құқықтық режимді сақтаумен жүзеге асырылады.
      9. Теңіздегі, ішкі су айдындардағы, төтенше экологиялық жағдай аймақтарындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мұнай операцияларын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану талаптарына сәйкес жүргізеді.

Об утверждении Правил проведения нефтяных операций на море, внутренних водоемах, в зонах чрезвычайной экологической ситуации и на особо охраняемых природных территориях

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2010 года № 1245. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2015 года № 750

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2015 № 750 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 130.

      В соответствии с подпунктом 36) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения нефтяных операций на море, внутренних водоемах, в зонах чрезвычайной экологической ситуации и на особо охраняемых природных территориях.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 1997 года № 105 "Об утверждении положения о порядке проведения нефтяных операций на море и внутренних водоемах Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., № 2, ст. 23).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 24 ноября 2010 года № 1245

Правила
проведения нефтяных операций на море, внутренних водоемах,
в зонах чрезвычайной экологической ситуации и на особо
охраняемых природных территориях

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения нефтяных операций на море, внутренних водоемах, в зонах чрезвычайной экологической ситуации и на особо охраняемых природных территориях (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" (далее - Закон), Экологическим кодексом Республики Казахстан (далее - Кодекс) и Законом Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях" и определяет порядок проведения нефтяных операций на море, внутренних водоемах, в зонах чрезвычайной экологической ситуации и на особо охраняемых природных территориях.
      2. Нефтяные операции на море и внутренних водоемах включают региональные геолого-геофизические исследования и работы, относящиеся к разведке, добыче нефти, газа и конденсата и связанные с ними единым технологическим циклом, временное хранение и перекачку нефти, газа и конденсата трубопроводным транспортом с морских сооружений на сушу, а также работы по строительству, монтажу и обеспечению жизнедеятельности морских сооружений, искусственных островов, дамб и установок.
      3. Нефтяные операции на участках недр в казахстанском секторе Каспийского и Аральского морей и внутренних водоемах в Республике Казахстан, в зонах чрезвычайной экологической ситуации и на особо охраняемых природных территориях могут ограничиваться определенной глубиной.

2. Порядок проведения нефтяных операций на море, внутренних
водоемах, в зонах чрезвычайной экологической ситуации и на
особо охраняемых природных территориях

      4. Особенности ведения нефтяных операций на море должны быть предусмотрены в проектных документах, утвержденных в установленном порядке.
      5. При изменении показателей проектных документов недропользователь вносит соответствующие изменения в рабочую программу. Утверждение проектных документов и внесение изменении в рабочую программу производятся одновременно.
      Проектные документы (изменения и/или дополнения в них) до утверждения уполномоченным органом по изучению и использованию недр, рассматриваются Центральной комиссией по разведке и разработке полезных ископаемых.
      При рекомендации Центральной комиссии по разведке и разработке полезных ископаемых к утверждению рассмотренных проектных документов уполномоченный орган по изучению и использованию недр утверждает проектные документы.
      6. Недропользователь, при проведении нефтяных операций на море, осуществляет данные операции таким образом, чтобы не препятствовать и не наносить вреда морскому судоходству, рыбной ловле и иной правомерной деятельности, обычно осуществляемой на конкретном участке моря в соответствии со статьей 93 Закона.
      Недропользователь, осуществляющий нефтяные операции на море, согласно статье 93 Закона, разрабатывает специальные программы по предотвращению загрязнения моря и утверждает их в составе проектных документов.
      Эти программы включают мероприятия по:
      1) внутреннему контролю за проводимыми нефтяными операциями;
      2) обучению персонала;
      3) взятию скважины под контроль, обеспечению оборудованием и материалами, необходимыми в случае возникновения аварийных и иных опасных ситуаций и загрязнения моря;
      4) привлечению иных организаций, специализирующихся на устранении аварий на море и их последствий;
      5) разработке меры по незамедлительной локализации и очистке моря вследствие загрязнения моря.
      7. В пределах установленной Правительством Республики Казахстан государственной заповедной зоны в северной части Каспийского моря на основании функционального зонирования выделяются заповедные участки с полным запретом хозяйственной и иной деятельности и дополнительные временные ограничения на проведение отдельных видов работ в соответствии с требованиями Кодекса и Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях".
      Транспортировка нефти в государственной заповедной зоне в северной части Каспийского моря при эксплуатации месторождений осуществляется трубопроводами при соблюдении требований, установленных экологическим законодательством Республики Казахстан в соответствии со статьей 114 Закона.
      На участках недр, представляющих особую экологическую, научную, историко-культурную, рекреационную ценность, запрещается любая деятельность, угрожающая сохранности геологических, геоморфологических и гидрогеологических объектов государственного природно-заповедного фонда, в соответствии со статьей 77 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях".
      8. Проведение нефтяных операций в зонах чрезвычайной экологической ситуации осуществляется с соблюдением правового режима, определенного статьей 176 Кодекса.
      9. Нефтяные операции на море и внутренних водоемах, в зонах чрезвычайной экологической ситуации и на особо охраняемых природных территориях производятся недропользователями также в соответствии с требованиями по рациональному и комплексному использованию недр в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.