Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.24 № 1245 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 маусымдағы Заң күшi бар N 2530 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етедi: Z100291 қараңыз
1. Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудiң тәртiбi туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен бiрлесiп:
Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларындамұнай операцияларын жүргiзу кезiндегi қауiпсiздiк тәртiбiн;
Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларындамұнай операцияларын жүргiзу кезiндегi қондырғылар құрылысыныңтехникалық тәртiбiн дайындасын және бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 27 қаңтардағы
N 105 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының теңiздерi
мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын
жүргiзудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларына рұқсат алу, келiсiм жасау, жобалау және жүзеге асыру сатысында заңды және жеке тұлғалардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың қызметiн регламенттейдi.
2. Теңiздер мен iшкi су қоймаларындағы мұнай операциялары аймақтық геологиялық-геофизикалық зерттеулердi және барлауға қатысты жұмыстарды, мұнай, газ және конденсат өндiрудi, бiрыңғай технологиялық циклдегi сақтауды, мұнай, газ және конденсатты труба құбыры көлiгiмен теңiзден құрғаққа шығаруды, сондай-ақ құрылыс жүргiзу, теңiз қондырғыларын, жасанды аралдар, бөгендер және қондырғыларды салу мен құрастыру және олардың тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз етудi қамтиды.
3. Каспий мен Арал теңiздерiнiң қазақстандық бөлiктерi мен Қазақстан Республикасы iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзу үшiн шарт жасалынатын аймақтар қызметiн атқара алатын блоктарға бөлiнедi. Блоктар картасын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Шарт жасалынатын аймаққа бiр-бiрiмен аралас немесе бөлек-бөлек бiр және одан көп блоктар кiредi. Блоктар белгiлi бiр тереңдiкпен шектелiнуi мүмкiн.
4. Теңiздер мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия, сонымен бiрге лицензия иесi өзiнiң қызметiн iске асыру шеңберiнде акваторияны пайдалануға да құқылы болатынын бiлдiредi.
Теңiздер мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын
жүргiзу құқына ие болу тәртiбi
5. Теңiздер мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзу мүмкiндiгi жөнiндегi жалпы рұқсатты Мемлекеттiк экологиялық сараптама негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң теңiздер мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзу мүмкiндiгi жөнiндегi шешiмiнен кейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiп бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға барлауға және/немесе көмiрсутек шикiзаттарын өндiруге, болған конкурстың немесе жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер негiзiнде лицензия бередi.
7. Мұнай операцияларымен байланысты теңiз зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн жер қойнауын пайдалануға лицензия алу талап етiлмейдi. Теңiз зерттеу жұмыстарын жүргiзуге рұқсатты арыз берушiге "Қазақстан Республикасы теңiздерi мен iшкi су қоймаларындағы мұнай операцияларымен байланысты теңiз зерттеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбiне" сәйкес құзыреттi орган бередi.
8. Мердiгермен шарт жасалынып бөлiнген аймақ көлемiндегi блоктарда теңiздер мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзу үшiн жер бөлу талап етiлмейдi.
9. Лицензиялау жөнiндегi жұмыс органы теңiздер мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзу басталғаны жайлы кеме қатынасын реттейтiн органдарды, балық және басқа өнiм өндiрушi кәсiпшiлiктердi, экологиялық қауiпсiздiк және басқа мемлекеттiк органдарды хабардар етедi.
10. Теңiз және iшкi су қоймаларында мұнай операциясын жүргiзудi қамтамасыз ететiн жаға құрылыстарын салу үшiн жер бөлу, белгiленген тәртiп бойынша, жергiлiктi атқарушы органдар арқылы жүргiзiледi.
11. Су жағдайына әсер ететiн теңiздер мен iшкi су қоймаларында мұнай операциясын жүргiзуге арналған нысандарды жобалау мiндеттi түрде су қорғау шараларын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының су ресурстары комитетiнiң келiсiмiмен жүргiзiлуi тиiс.
Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су
қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудiң тәртiбi
12. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға лицензия алғаннан соң құзыреттi органға мiндеттi түрде шартқа қоса ұсынылатын мұнай операциясын жүргiзудiң жұмыс бағдарламасын бередi.
13. Жер қойнауын пайдаланушы белгiленген тәртiп бойынша контрактiнiң жұмыс бағдарламасында айтылған технологиялық регламенттердi, бiр үлгiдегi және жеке жоспарларды Құзыреттi органдармен келiседi.
14. Теңiздер мен iшкi су қоймаларындағы мұнай операциялары Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен мұнай және газ кен орындарын пайдалану жөнiндегi бiрыңғай ережеге сай жүргiзiледi.
15. Мұнай кен орнын пайдалануды жобалау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi бекiткен технологиялық сызба жасау жөнiндегi регламентке және мұнай мен мұнай-газ кен орындарын пайдалану жобасына сай әлемдiк өнеркәсiпте қабылданған үлгiлердi есепке ала отырып жүзеге асырылады.
16. Теңiздер мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзген жағдайда, мiндеттi түрде белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк шекараны қорғау, қорғаныс қауiпсiздiгiн, кедендiк және шетелге өту тәртiбiн, визалық тәртiптiң сақталынуын қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралармен ретi қарастырылған жұмыс бағдарламасын тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсу мiндет.
17. Жасанды аралдар және теңiз құрылыстарында бөгендер мен қондырғыларда мұнай, газ және газ конденсатын сақтауға немесе жинауға тыйым салынады.
18. Арналы құбыр иесi оның құбырының өткiзу мүмкiндiгi болған жағдайда басқа кез-келген жүк жөнелтушiнiң мұнай және газдарын тасымалдауға бас тартуға құқы жоқ.
19. Мердiгер жүйелi түрде, жылына бiр реттен кем емес, шартқа қол қойған тиiстi органның, сондай-ақ өлшеу құралдары және төтенше жағдайларды бақылау жөнiндегi тиiстi өкiлеттi органның өкiлдерi қатысуымен өлшеу және өндiрiлген көмiрсутек шикiзаттарын салмақтауға пайдаланылатын аспаптар мен құрал-жабдықтарды тексеру актiсiнде нәтижесi көрсетiлетiн сынақтар өткiзедi.
20. Арналы құбырларды пайдаланатын көмiрсутек шикiзаттарын жөнелтушi жөнелтiлетiн шикiзатты өлшеудi құбырлардың өткiзу мүмкiндiгi мен шикiзат берудiң уақытының ұзақтығына байланысты тәсiлмен жүзеге асырады. Басқа жағдайларда өндiрiлген көмірсутек шикiзатын анықтау жер қойнауын пайдалану шартымен анықталады.
21. Акваторияны, су бетiн және теңiздер мен iшкi су қоймаларының түбiндегi телiмдердi пайдаланғаны үшiн төлемдер iздеу, барлау, көмiрсутек шикiзаттарын өндiру және су түбiмен жер қойнауын басқа мақсатқа пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан алынады.