Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2017 № 510 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1348 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әшімов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы ортаны қорғау министрі, төраға
Мұташев - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Сағынбек Хайдарұлы ортаны қорғау министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің төрағасы, хатшы
Сәдуақасов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Нұрқан Олжабайұлы сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық- эпидемиологиялық
қадағалау комитеті төрағасының
орынбасары
Оразаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Тимур Бибітәліұлы істер министрлігі Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы
департаментінің директоры
Жұбатов - Ұлттық ғарыш республикалық
Жайлаубай Қызылбайұлы "Инфракос-Экос" Қазақстан
Республикасы ғарыш агенттігі
"Инфракос" мемлекеттік кәсіпорны
"Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік
кәсіпорнының директоры
көрсетілген құрамнан Ысқақов Нұрлан Әбділдәұлы, Рақымбергенов Мұрат Мағауияұлы, Асқаров Альберт Мұхтарұлы, Шалбаев Айдар Есламбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |