Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба) қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз
туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі
[Жамбыл облысындағы учаскелер] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай
халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба)
қол қою туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба) қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы «__» ________
№ ____ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз
туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл
облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай»
халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі Қарыз алушы деп аталатын) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі АДБ деп аталатын) арасындағы _____________ ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ.
ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
(А) Қазақстан Республикасы мен АДБ арасында 2009 жылғы 13 қаңтарда жасалған «ҚАЗ қаржыландырудың көп траншты тетігі: Инвестициялық бағдарлама ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі (Жамбыл облысындағы учаскелер) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі]» қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге сәйкес (бұдан әрі ҚНК деп аталатын) АДБ-ның көп траншты қаржыландыруын ұсыну жолымен ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізінің Жамбыл облысындағы учаскелері үшін Қарыз алушының Инвестициялық Бағдарламасы (бұдан әрі Инвестициялық Бағдарлама деп аталатын) шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру үшін Қарыз алушыға көмек көрсету мақсатында;
(В) Қарыз алушының 2010 жылғы 18 наурыздағы қаржыландыру туралы кезеңді сауал салуды ұсынуы арқылы ҚНК-ге сәйкес Қарыз алушы АДБ-ға осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған және Жобаның қаржыландыру мақсаттары үшін Қарыз бөлу туралы өтінішпен жүгінді; сондай-ақ
(С) Қарыз алушы Жапония Үкіметіне Жоба мақсаттары үшін Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Жапония Агенттігі арқылы берілетін алпыс сегіз миллион долларға баламалы мөлшерде қарыз («ХЫЖА қарызы») беру туралы өтінішпен жүгінді және Жапония Үкіметі аталған соманы беруге келісті және бұл сомаға АДБ әкімшілік ететін болады.
ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы келісім тараптары төмендегілер туралы уағдаласты:
І БАП Қарыз беру қағидалары. Анықтамалар
1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ-ның Әдеттегі капитал ресурстарынан бөлінетін қарыздарға Лондон банкаралық ставкасы бойынша қолданылатын жай операциялар үшін қарыз беру ережелерінің барлығы осы арқылы осы Қарыз туралы келісімге қолданылатын және осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай толық көлемде, алайда төмендегі өзгерістерді (жоғарыда аталған Жай операциялар үшін қарыз беру қағидасы осы сияқты өзгерістерімен қоса бұдан әрі Қарыз беру қағидасы деп аталатын) сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі:
(а) 3.03-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
«3.03-бөлім Резервке қойғаны үшін комиссия. Кредит.
(а) Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімде көзделген ставкалар мен шарттар бойынша Қарыздың талап етілмейтін сомасы бойынша резервке қойғаны үшін комиссия төлеуге міндеттенеді.
(b) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде айтылған ставкалар бойынша кредит беруге міндеттенеді, әрі мұндай кредит Қарыз мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге жатпайды. АДБ Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қатысты осы кредиттің сомасын қолдануға міндеттенеді».
(b) 3.06-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
«3.06-бөлімі Өтеу.
(а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің төмендетілетіні туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген Қарызы бар әрбір Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген Қарызға қолданылатын тіркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) спред айырмасын (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген тіркелген спред күшіне енген күнінен бастап және одан кейін барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады.
(b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құны маржасын есептеулері кез келген жарты жылдықта АДБ-ның қаражатын үнемдеуге әкелгені туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы қаржыландыру құнының маржасын (і) (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін тікелей басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенетін Қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады, АДБ қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын проценттерден өтемақы сомасын шегеруге міндеттенеді».
(с) 3.07-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
«3.07-бөлім Қосымша сома.
(а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің ұлғаятыны туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін неғұрлым төмен тіркелген спред қолданылатын, талап етілмейтін Қарызы бар әрбір Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл қосымша соманың мөлшері (і) жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред пен талап етілмейтін қарызға (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) қолданылатын тіркелген спред айырмасын (іі) талап етілмейтін Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалатын болады, ол бойынша Қарыз алушы жаңа қарыздарға қолданылатын, көтеріңкі тіркелген спред күшіне енген күннен бастап және сол сәттен кейінгі барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеп отыруға міндеттенеді.
(b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құны маржасын есептеулері кез келген жарты жылдықта АДБ шеккен қосымша шығындарға әкеліп соққаны туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл қосымша соманың мөлшері (і) қаржыландыру құнының маржасын (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) (іі) Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалады, ол бойынша Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеп отыруға міндеттенеді. АДБ қосымша ақы төлеу мөлшерін қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қосуға міндеттенеді».
1.02-бөлім. Егер түпмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әрбір жағдайда Қарыз беру ережесінде анықтама берілген мына терминдер, оларда айтылған тиісті мағынаға ие болады. Мынадай терминдердің мына төмендегі мағыналарға ие:
(а) ОАӨЭЫ Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастықты білдіреді.
(b) «ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі» - Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) шекарадағы Қорғастан Алматы мен Шымкент арқылы Ресей Федерациясымен батыс шекараға дейін өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін білдіреді;
(с) «Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқау» Азия Даму Банкінің және оның Қарыз алушыларының консультанттардың қызметтерін тартуы жөніндегі АДБ нұсқауын (мерзімді түзетулері бар 2007 жылғы) білдіреді;
(d) «Консультациялық қызметтер» осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшаның 2-тармағына сәйкес Қарыздан түсетін табыс есебінен қаржыландырылатын қызметтерді білдіреді, алайда, келісімшарттық жұмыстарды орындау бөлігінде ұсынылатын кез келген қызметтер болмайды.
(е) «ЭБШНҚ» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға 5-қосымшаның сілтемесі арқылы енгізілген экологиялық бағалау және шолудың негіздемелік құжатын білдіреді;
(f) «ҚОӘБ» Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ-мен келісілген Қоршаған ортаға әсерді бағалауды білдіреді;
(g) «ҚОБЖ» Қоршаған ортаға әсерді бағалауға (ҚОӘБ) енгізілген Қоршаған ортаны басқару жоспарын білдіреді;
(h) ҚНК осы Қарыз туралы келісімнің декларациялық (А) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
(i) «Инвестициялық Бағдарлама» осы Қарыз туралы келісімнің декларациялық (А) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
(j) ХЫЖА қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің декларациялық (А) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
(k) ХЫЖА қарыз туралы келісім Қарыз алушы мен Халықаралық ынтымақтастық бойынша жапон агенттігі арасындағы ХЫЖА қарызына қатысты Қарыз туралы келісімді білдіреді.
(l) «км» төменде көрсетілгендей, жол жобасы бойынша километрлер санының дәл белгілерімен көрсетілген жерді және «км» километрді білдіреді;
(m) Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға 5-қосымшаның сілтемесі арқылы енгізілген Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жөніндегі негіздемелік құжатты білдіреді;
(n) «ЖСҚЖ» Жоба үшін Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жоспарын білдіреді;
(o) «Қарыз қаражатының төлемдері бойынша анықтамалық» Қарыз қаражатының төлемдері бойынша АДБ-ның анықтамалығын білдіреді (мерзімді түзетулері бар 2007 жылғы);
(р) «ККМ» Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігін білдіреді;
(q) «Облыс» Қарыз алушының аумақтық-әкімшілік бірлігін білдіреді;
(r) «Бөлік» осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада көрсетілгендей, Жобаның бөлігін білдіреді;
(s) «ЖБК-АДБ» Инвестициялық бағдарламаның 1-жобасы шеңберінде құрылатын Жобаны басқару жөніндегі консультанттар тобын білдіреді;
(t) «Сатып алу жөніндегі нұсқаулық» АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқаулығын (мерзімді түзетулері бар 2007 жылғы) білдіреді;
(u) «Сатып алу жоспары» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген Сатып ату жөніндегі нұсқауға, Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқауға және АДБ-мен келісілген басқа да іс-шараларға сәйкес мерзімді жаңартулары бар 2010 жылғы 30 маусымдағы Жоба үшін сатып алу жоспарын білдіреді;
(v) «Жоба» жалпы анықтамасы осы Қарыз туралы келісімнің декларациялық (А) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
(w) «Жоба бойынша атқарушы агенттік» Қарыз беру ережесінің мақсаттары үшін және оның анықтамасы шеңберінде ККМ-ні және Жобаны орындауға жауапты оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді;
(х) «Жоба жолы» осы қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында толық көрсетілген 1-бөлік пен 2-бөлікке сәйкес салынатын, жақсартылатын немесе қайта қалпына келтірілетін жолдардың учаскелерін білдіреді;
(y) «Жұмыстар» консультациялық қызметтерді қоспағанда, Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызметтерді және Жобаға қатысты, бірыңғай міндеттемелердің не «пайдалануға берілген» құрылысқа келісімшарттың бөлігі ретінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, құрылысты немесе құрылыс жұмыстарын білдіреді.
II БАП Қарыз
2.01-бөлім.
(а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның әдеттегі капитал қорынан бір жүз жетпіс үш миллион АҚШ доллары ($ 173,000,000) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл соманы осы Қарыз туралы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Айырбастау шеңберінде кезең-кезеңімен айырбастауға болады.
(b) Қарыз негізгі өтеу кезеңін 15 жыл деп және осы Бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдікті өтеу кезеңін болжамдайды.
(с) Осы Бөлімнің (b) тармағында пайдаланылатын «жеңілдікті кезең» деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасында баяндалған өтеу кестесіне сәйкес Қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.
2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға талап етілген және талап етілмеген Қарыздың негізгі сомасына Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әрбір пайыздық кезеңнің ставкасы бойынша кезең-кезеңімен Қарыз беру ережесінің 3.03-бөліміне сәйкес жылына 0.40 % кредитті шегере отырып, Қарыз беру ережесінің 3.02-бөліміне сәйкес жылына 0.60 % пайыздар төлеуге міндеттенеді.
2.03-бөлім. Қарыз алушы резервке қою үшін жыл сайын 0.15 % сомасында комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия осы қарыз туралы келісімге қол қойылған күнінен кейін алпыс (60) күн өткен сәттен бастап Қарыздың толық сомасына (кезең-кезеңімен алынатын соманы шегергенде) есептеледі.
2.04-бөлім. Пайыздар мен Қарыз жөніндегі өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әрбір жылдың 15 наурызында және 15 қыркүйегінде төленуге жатады.
2.05-бөлім. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасындағы ережелерге сәйкес Несие шотынан талап етілген Қарыздың негізгі сомасын төлеуге міндеттенеді.
2.06-бөлім.
(а) Қарыз алушы борышты ұтымды реттеуді қамтамасыз ету мақсатында Қарыздың кез келген уақытта төмендегі айырбастаудың кез келгенін сұратуға құқылы:
(і) Төленген және талап етілмеген немесе төленбеген Қарыздың толық немесе ішінара сомасының Қарыз валютасын бекітілген валютаға өзгерту;
(іі) Талап етілген және талап етілмеген Қарыздың толық немесе ішінара негізгі сомасына қолданылатын базалық пайыздық ставканы, өзгермелі пайыздық ставкадан тіркелген ставкаға және керісінше өзгерту; және
(ііі) Пайыздық ставканың тіркелген ең жоғары деңгейін немесе кез келген көрсетілген өзгермелі пайыздық ставканың ең төменгі деңгейін белгілеу жолымен, талап етілетін немесе талап етілмейтін қарыздың толық немесе ішінара сомасына қолданылатын өзгермелі пайыздық ставкаға лимиттерді бекіту.
(b) Осы Бөлімнің (а) тармағына сәйкес АДБ мақұлдаған өзгерістер туралы кез келген сауалды Қарыз беру ережелерінің 2.01 (6) бөлімінде анықталуы бойынша «Айырбастау» деп және ол Қарыз беру ережелерінің V Бабының және Айырбастау жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді деп есептеу керек.
III БАП Қарыз қаражатын пайдалану
3.01-бөлім. Қарыз алушы Жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын осы қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
3.02-бөлім. Барлық қарыз қаражаты осы қарыз туралы келісімнің 3-қосымшасының ережелеріне сәйкес алынуға және бөлінуге тиіс, бұл ретте осы Қосымшаға Қарыз алушы мен АДБ-ның келісімі бойынша кезең-кезеңмен өзгерістер жасауға жол беріледі.
3.03-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық тауарлар, жұмыстар мен консультациялық қызметтер осы қарыз туралы келісімнің 4-қосымшасының ережелеріне сәйкес сатып алынуға тиіс. АДБ келісімшарт бойынша тауарлар, жұмыстар немесе консультациялық қызметтер Қарыз беруші мен АДБ ескерген рәсімдер шеңберінде елеулі дәрежеде сатып алынбаса не келісімшарттың мерзімдері мен талаптары АДБ талаптарын қанағаттандырмаса, келісімшартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
3.04-бөлім. Егер АДБ өзгеше келіспесе, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық тауарлар, жұмыстар мен консультациялық қызметтер Жобаны орындау мақсатында ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3.05-бөлім. Қарыз беру ережелерінің 9.02-бөлімінде айтылған мақсаттар үшін Қарыз шотынан қаражат алу үшін жабу күні болып 2013 жылғы 30 желтоқсан не Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілуі мүмкін болатын осындай басқа бір күн есептеледі.
IV БАП Ерекше жағдайлар
4.01-бөлім.
(а) Қарыз алушы Жобаны тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен әрі ұтымды инженерлік, қаржылық, әкімшілік, экологиялық және әлеуметтік шараларына, жолдарды салу, оларға техникалық қызметтер көрсету және пайдалану рәсімдеріне сәйкес орындауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
(b) Жобаны іске асыру және Жоба объектілерін пайдалану процесінде Қарыз алушы осы қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасында баяндалған барлық міндеттемелерді орындауға не олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.02-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындау үшін және Жоба объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды қарыз қаражатына қосымша түрде қажет болуына қарай дереу қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.03-бөлім.
(а) Қарыз алушы Жобаны іске асыру процесінде АДБ үшін қолайлы, құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына жауап беретіндей дәрежеде, мерзім мен шарттарда тартуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы Жобаны АДБ үшін қолайлы жоспарларға, жобалау стандарттарына, жұмыс ерекшеліктеріне, кестелеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы бұл жоспарларды, жобалау стандарттарын, жұмыс ерекшеліктері мен графиктерін дайындағаннан кейін дереу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға АДБ негізді түрде талап ететін тәптіштеу дәрежесіне сай жасалған кез келген елеулі өзгерістерді беруге немесе олардың АДБ-ға берілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.04-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындауға және Жоба объектілерін пайдалануға қатысты өз департаменттері мен ұйымдарының барлық іс-әрекеттері ұтымды әкімшілік саясат пен рәсімдерге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.05-бөлім.
(а) Қарыз алушы (і) Жоба үшін жекелеген шоттар жүргізуге не олардың жүргізілуін қамтамасыз етуге; (іі) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен құзыретінің саласы АДБ-ның талаптарына жауап беретін тәуелсіз аудиторларға аудиттің тиісті стандарттарын қолдана отырып, жыл сайын осы шоттарға және тиісті қаржылық есептерге аудит жүргіздіріп отыруға; (ііі) алғанына қарай, бірақ әрбір тиісті фискальды жыл аяқталған сәттен бастап алты (6) ай өткеннен кейін кешіктірмей, осы шоттардың және қаржылық есептердің аудиттен өткен және расталған көшірмелерін және аудиторлардың тиісті есебін (Қарыз қаражатын пайдалануға және қаржылық шарттардың осы Қарыз туралы келісімге сәйкес келуіне қатысты аудиторлардың пікірлерімен қоса) ағылшын тілінде АДБ-ға беруге; сондай-ақ АДБ-ның (іv) мерзімді негізді талаптары бойынша осы шоттар мен қаржылық есептерге және аудитке қатысты өзге ақпаратты АДБ-ға беруге міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы, АДБ-ның талабы бойынша, Қарыз алушының Жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысы бар қаржылық істерін 4.05 (а) бөлімге сәйкес Қарыз алушы жалдаған жоғарыда көрсетілген аудиторлармен бірге кезең-кезеңімен талқылап отыру құқығын АДБ-ға беруге міндеттенеді және егер Қарыз алушы өзгешеге келісім бермесе, осындай талқылау Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана өткізілу шартымен, АДБ-ның сұратуы бойынша, аудиторлардың кез келген өкіліне осындай талқылауға қатысуға өкілеттік беруге және соны талап етуге міндеттенеді.
4.06-бөлім. Қарыз алушы АДБ өкілдеріне қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын Жобаны және Жоба объектілерін, сондай-ақ тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялау мүмкіндігін беруге міндеттенеді.
4.07-бөлім. Қарыз алушы барлық Жоба объектілерінің ұтымды қаржылық, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету рәсімдеріне сәйкес пайдаланылуын, күтіп ұсталуын және жөнделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
V БАП Құқықтың тоқтатыла тұруы, өтеу мерзімінің уақытынан бұрын
басталуы
5.01-бөлім. Бұдан әрі Қарыз беру қағидаларының 9.01 (I) бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз алушының қарыз шотынан қаражат алу құқығын уақытша тоқтата тұратын қосымша жағдайлар көзделген: ХЫЖА қарызы тоқтатыла тұруға жатады.
5.02-бөлім. Бұдан әрі Қарыз беру қағидаларының 9.01 (I) бөлімінің мақсаттары үшін өтеу мерзімі уақытынан бұрын басталатын қосымша жағдайлар көзделген: 5.01 бөлімде көрсетілген жағдай орын алуы тиіс.
VI БАП Күшіне енуі
6.01-бөлім. Осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен соң алпыс (60) күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру қағидасының 10.04-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне ену күні болып есептеледі.
VII БАП Өзге де ережелер
7.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру қағидаларының 12.02-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.
7.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру қағидасының 12.01-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін көрсетіліп отыр:
Қарыз алушы үшін
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Факс
+7(7172)71 77 85
АДБ үшін
Азия Даму Банкі
Р.О. Бокс 789
0980 Манила, Филиппин
Факс
(632) 636-2444
(632) 636-2448.
ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ РАСТАУ үшін осы Келісімнің тараптары атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге тиісті қолдармен қол қойылуын және оны АДБ-ның штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күні мен жылында жеткізуді қамтамасыз етті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
___________________
Уәкілетті өкіл
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
___________________
1-ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы
1. Инвестициялық бағдарламаның мақсаты - Жамбыл облысындағы көлік жүйесін тиімді дамыту жолымен Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу.
2. Жоба Инвестициялық бағдарламаның бір бөлігі болып табыла отырып, мынадай Бөліктерден тұрады:
1-бөлік: Қарыз қаржыландыратын жол учаскелеріндегі жұмыстар;
(а) Жамбыл облысында 162 км мен 260 км арасында орналасқан 2 жолақты (шамамен ұзындығы) 80 км болатын жаңа жол салу; және
(b) Қырғызстан Республикасымен шекараға қарай (ұзындығы шамамен) 13 км болатын кіреберіс жолды қайта жаңарту, сондай-ақ осы жолдың (ұзындығы шамамен) 5 км-ін Қарыз алушының тиісті мемлекеттік стандарттарында айқындалған II санатты асфальт жамылғысымен салу.
2-бөлік: ХЫЖА Қарызы шеңберінде қаржыландырылған жол учаскелеріндегі жұмыстар;
(а) Жамбыл облысында 383 км мен 404 км арасында орналасқан Құланды айналмасының (шамамен ұзындығы) 5,2 км болатын қазіргі бар жолын Қарыз алушының тиісті мемлекеттік стандарттарына сәйкес I санатты, 4 жолаққа дейін бетон жамылғысымен жақсарту; және
(b) Қарыз алушының тиісті мемлекеттік стандарттарына сәйкес I санатты бетон жамылғылы Құлан айналмасының жоғарыда көрсетілген учаскесімен қосу үшін 4 жолақты жаңа (шамамен ұзындығы) 14,8 км болатын айналма жол салу.
3-бөлік: Құрылысты қадағалау бойынша консультациялық қызметтер 1-бөлік пен 2-бөлікке сәйкес салынып жатқан, жақсартылатын немесе қалпына келтірілетін жолдарға байланысты құрылыстарды қадағалауды ұсыну.
3. Жобаны 2013 жылғы 1 шілдеге қарай аяқтау күтілуде.
2-ҚОСЫМША Қарызды өтеу кестесі
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер]
(Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі)
Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба)
1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын төлеу күні және Қарыздың негізгі сомасын әрбір төлеу күніндегі төленуге тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы көрсетілген (Кезекті жарна). Егер Қарыз қаражаты Қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде алынған болса, онда Қарыздың негізгі сомасын төлеудің әрбір күніне Қарыз алушы өтеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасын АДБ мыналарды: (а) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің бірінші күнгі сәтінде талап етілетін және талап етілмейтін Қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әрбір күні үшін Кезекті жарнасын көбейту арқылы анықтайды, мұндай өтеу сомасы Валютаны айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған кез келген сомаларды шегеру қажеттілігіне орай түрлендіріледі.
Төлем күні Кезекті жарна
(%-ке шаққанда)
15 қыркүйек 2014 3.333333
15 наурыз 2015 3.333333
15 қыркүйек 2015 3.333333
15 наурыз 2016 3.333333
15 қыркүйек 2016 3.333333
15 наурыз 2017 3.333333
15 қыркүйек 2017 3.333333
15 наурыз 2018 3.333333
15 қыркүйек 2018 3.333333
15 наурыз 2019 3.333333
15 қыркүйек 2019 3.333333
15 наурыз 2020 3.333333
15 қыркүйек 2020 3.333333
15 наурыз 2021 3.333333
15 қыркүйек 2021 3.333333
15 наурыз 2022 3.333333
15 қыркүйек 2022 3.333333
15 наурыз 2023 3.333333
15 қыркүйек 2023 3.333333
15 наурыз 2024 3.333333
15 қыркүйек 2024 3.333333
15 наурыз 2025 3.333333
15 қыркүйек 2025 3.333333
15 наурыз 2026 3.333333
15 қыркүйек 2026 3.333333
15 наурыз 2027 3.333333
15 қыркүйек 2027 3.333333
15 наурыз 2028 3.333333
15 қыркүйек 2028 3.333333
15 наурыз 2029 3.333343
Жиыны 100
2. Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде талап етілмесе, Қарыз алушы төлеуге тиісті қарыздың негізгі сомасы, негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күніне былай айқындалады:
(а) негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күніне дейін талап етілуге тиісті Қарыз қаражаты шегінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнгі сәтке талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
(b) негізгі қарызды өтеуге төлем жүргізілген бірінші күннен кейін қаражатты кез келген алу негізгі қарызды (бастапқы кезекті жарнаны) өтеуге жоғарыда аталған төлем күні үшін әрбір алу сомасын, алымы осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы Кезекті жарнаны құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындаған сомаларда осы алу күнгі сәттен кейін түсетін негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күнінде өтелуге тиіс және бөлгіші осы күнгі сәтке немесе кейін түсетін негізгі қарызды өтеуге төлемдер күні үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналардың сомасын құрайды, бұл төлем сомалары, оларға Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
3. Негізгі өтеудің кез келген күні төленуге тиіс негізгі сомаларды есептеу мақсатында ғана негізгі қарызды өтеуге төлемдердің кез келген күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде жүргізілген қаражат алуды алынған күннен кейінгі негізгі қарызды өтеу төлемінің екінші күнгі сәтіне талап етілген және талап етілмеген деп есептеледі және бұл сома қаражат алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеу төлемінің екінші күнінен бастап негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күнінде төленуге тиіс.
4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, валюталар толық көлемде немесе ішінара талап етілген қарыздың негізгі сомасының қаражаты бекітілген валютаға айырбасталған кезде Айырбастау кезеңі ішінде негізгі соманы кез келген өтеу күнінде өтелуге тиіс жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей жоғарыда аталған Айырбастау алдында ірілендірілген валютадағы бұл соманы не: (і) жоғарыда аталған Айырбастауға жататын валюталарды қос айырбастау шеңберінде АДБ-ға төленуге тиіс, көрсетілген бекітілген валютада көрініс табатын негізгі соманы валюта айырбастау бағамына; не (іі) Айырбастау жөніндегі нұсқауға сәйкес негізгі АДБ-ның шешімі бойынша бекітілген ставкадағы валюталар айырбастау бағамының құрамдасына көбейту жолымен айқындайды.
5. Егер талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасы қарыздың бірден артық валютасында кезең-кезеңімен номиналданса, осы Қосымшаның ережелері осы әрбір сома үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында қарыздың әрбір валютасына номиналданған сомаларға жеке қолданылуға тиіс.
3-ҚОСЫМША Қарыз қаражатын бөлу және алу
Жалпы ережелер
1. Осы қосымшадағы кестеде (бұдан әрі Кесте деп аталатын) Тауарлардың, жұмыстардың, консультациялық қызметтердің Санаттары және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын басқа да шығыстар, сондай-ақ әрбір осындай Санат үшін қарыз сомасын бөлу баяндалады. (Осы қосымшада «Санат» немесе «Санаттар» деген ұғымдар Кестенің Санатына немесе Санаттарына жатады).
АДБ қаржыландыруының пайыздық мәндері
2. Егер АДБ өзгеше келіспесе, кестеде санамаланған Санаттар шығыстары қарыз қаражаты есебінен Кестеде көрсетілген пайыздық мәндер негізінде қаржыландырылатын болады.
Қайта бөлу
3. Кестеде көрсетілген қарыз қаражатын және қаражатты алу пайызын белуге қарамастан,
(а) егер кез келген Санат үшін бөлінген қарыз сомасы осы Санаттың келісілген барлық шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау жолымен, (і) басқа Санат үшін бөлінген, бірақ АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебінен қаражат тапшылығының орнын толтыру үшін қажетті дәрежеде осы Санат үшін қаражатты қайта бөлуге құқылы, сондай-ақ (іі) егер бұл қайта бөлу есептелген тапшылықтың орнын толығымен толтыра алмаса, осы Санат үшін бұдан былайғы алулар барлық шығыстар жабылғанға дейін бұл шығыстар үшін қаражатты алу пайызын азайта алмаса; және
(b) Қандай да бір Санатқа бөлінген қарыздың сомасы осы Санаттағы барлық келісілген шығыстардан асып түссе, АДБ Қарыз алушыға хабарлау арқылы артық соманы басқа Санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.
Қарыз төлеу рәсімі
4. Егер АДБ өзгеше келіспесе, жұмыстарды, консультациялық қызметтерді және шығыстардың басқа баптарын қаржыландыру үшін қарыз қаражаты АДБ-ның Қарыз төлеу жөніндегі анықтамалығына сәйкес төленуге тиіс.
Қаражат алу үшін шарт
5. ХЫЖА Қарыз туралы келісім Қарыз алушының тапсырмасы бойынша қол қойылып, жеткізілу қажет, Қарыз алушының заңды күші болу қажет, сондай-ақ оның күшіне ену үшін барлық алдын ала шарттар орындалу қажет.
3-қосымшаға толықтыру
КЕСТЕ
ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ |
||||
САНАТЫ |
АДБ-ның ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕГІЗІ |
|||
Нөмірі |
Атауы |
АДБ-ның қаржыландыруы үшін бөлінген жалпы сома $ |
Қарыз шотынан АДБ-ның қаржыландыру пайызы |
|
1 |
1-бөлік үшін Жұмыстар |
149,810,00 |
Шығындардың жалпы сұралған сомасының 85 пайызы |
|
2 |
Консультациялық қызметтер (1-бөлік пен 2-бөлік үшін) |
6,870,000 |
Шығындардың жалпы сұратылған сомасының 100 пайызы* |
|
3 |
Бөлінбеген қаражат |
16,320,000 |
||
Жиыны |
173,000,000 |
* Қарыз алушының аумағында алынатын салықтар мен баждарды қоспағанда
4-ҚОСЫМША Жұмыстар мен консультациялық қызметтерді сатып алу
Жалпы ережелер
1. Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық жұмыстар мен консультациялық қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқауға және Консультанттардың қызметтерін тарту жөніндегі нұсқауға сәйкес тиісінше орындалуға және бақылауға жатады.
2. Осы қарыз туралы келісімде пайдаланылатын және басқаша айқындалмаған барлық терминдер тиісті жағдайларда Сатып алу жөніндегі нұсқауда және (немесе) Консультанттардың қызметтерін тарту жөніндегі нұсқауда жазылған мағынаға ие болады.
Жұмыстарды сатып алу
3. Егер АДБ өзгеше келіспесе, тауарлар мен жұмыстар төменде жазылған сатып алу рәсімдерінің негізінде сатып алынуға тиіс:
Халықаралық конкурстық сауда-саттық |
Ұлттық конкурстық сауда-саттық |
4. Басқа шарттардан басқа, сатып алу рәсімі Сатып алу жоспарында көрсетілген егжей-тегжейлі уағдаластықтар пен шекті құнға сәйкес орындалуға тиіс. АДБ-мен алдын ала келісілген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.
Ұлттық конкурстық сауда-саттық
5. Қарыз алушы мен АДБ ұлттық конкурстық сауда-саттық негізіндегі сатып алу бойынша қандай да бір іс-шаралар өткізуді бастағанға дейін Қарыз алушының конкурстық сауда-саттықты жүргізудің мемлекеттік рәсімдерінің Сатып алу жөніндегі нұсқауға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Мұндай рәсімдерге Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген кез келген өзгерістер немесе түсіндірмелер Сатып алу жоспарында көрсетілетін болады. Келісілген өзгерістер немесе түсіндірмелердің кейіннен кез келген өзгеруі тек Қарыз алушы мен АДБ мұндай өзгерісті жазбаша бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді.
Консультациялық қызметтерді таңдау
6. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бағасын бағалауды негізге ала отырып, консультанттарды таңдау әдісін немесе олардың қызметтерінің көлемін қолдануға құқылы.
Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқық
7. (а) Қарыз алушы сатып алынған жұмыстар (не жеке, не басқа тауарлар мен қызметтер құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыруды, компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқықтарын немесе талабын бұзбауларын немесе қысым жасамауларын қамтамасыз етуді АА-ға тапсыруға міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы жұмыстарды сатып алу бойынша барлық келісімшарттар тиісті нұсқамаларды, кепілдіктерді және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігер немесе өнім беруші тарапынан зиянды өтеу кепілдіктерін қамтитынына көз жеткізуін АА-ға тапсыруға міндеттенеді.
8. Қарыз алушы ұсынылып отырған көрсетілетін консультациялық қызметтер үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқығын немесе талабын бұзбайтынына немесе қысым жасалмайтынына көз жеткізу үшін АДБ қаржыландыратын консультанттармен жасалатын барлық келісімшарттар тиісті нұсқамаларды, кепілдіктерді және егер қажет болса, консультанттар тарапынан зиянды өтеу кепілдіктерін қамтитынына көз жеткізуін АА-ға тапсыруға міндеттенеді.
АДБ-ның сатып алу туралы шешімдерді мақұлдауы
9. Егер Қарыз алушы мен АДБ арасында өзгеше келісілмесе және Сатып алу жоспарында көрсетілмесе, халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдері шеңберінде сатып алынған барлық келісімшарттар және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған келісімшарттар АДБ-ның алдын ала қарауына жатады.
5-ҚОСЫМША Жобаны орындау және Жобалық объектілерді пайдалану.
Қаржылық мәселелер
Іске асыру тәртібі
1. Қарыз алушы Жобаны іске асыруға жауапты ұйым ретінде ККМ-ді және Жоба бойынша Атқарушы Агенттік ретінде АЖК-ні тағайындады. ККМ және ККМ Автомобиль жолдары комитеті жобаны іске асыруға жауапты ұйым ретінде аталған жобаға тартылған (а) ЖБК-АДБ және (b) құрылысты қадағалау жөнінде консультанттарды көмек алу қажет.
2. ККМ тағайындаған Жоба Директоры Жобаның күнделікті іске асырылуына жауапкершілікті өзіне алады. Жоба Директоры ККМ-нің инженерлік, қаржы, заң және жабдықтау мәселелеріне жауапты персоналы тарапынан қолдаумен қамтамасыз етіледі. ЖБК-АДБ Жоба Директорына мынадай: Жобаны басқару, сатып алу, қаржы, әкімшілік ету, бағалау, мониторинг және есептілік, сондай-ақ кейінгі жобаларды кешенді тексеру салаларында қолдау көрсету үшін қалыптастырылатын болады.
Мониторинг. Жобаға шолу және бағалау
3. Қарыз алушы ККМ жобаны іске асыру тиімділігінің мониторингі жүйесі арқылы аталған жобаның орындалуының мониторингі мен бағалау жүргізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді. Күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылатын кілт көрсеткіштері мен көзделген нәтижелер және мониторинг және дизайн құрылымында жобаның әсерлері талдауға қажетті бастапқы деректер болып саналады.
4. Қарыз алушы ККМ-ге Күшіне енген күнінен бастап алты 1 жыл ішінде жобаға бірлескен аралық шолу жүргізеді. Аталған бірлескен аралық шолу РСФ мазмұндалған қарыз алу шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес жобаның қауіпсіздігінің инженерлік, экологиялық және әлеуметтік шаралары күшейтілетін болады. Бағалау жобаны және Инвестициялық бағдарламаны енгізу және мақсатына жетуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті аралық өзгерістер жасауға мүмкіндік береді.
Қаржылық басқару жүйесі, аудит және есептілік
5. Қарыз алушы (а) АДБ талаптарына сәйкес қаржылық басқару жүйесі құрылатына және жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуге міндеттенеді; (b) АДБ әзірлеген техникалық тапсырмаға сәйкес жыл сайын жобаның орындалуына аудит жүргізетін болады.
6. Қарыз туралы осы келісімнің 4.05-бөлімінің а) және Қарыздар беру ережесінің б) ережелеріне ескертулерсіз Қарыз алушы жобаны орындаудың барлық қатысушылары Қарыздың тиісті қаражатын, ХЫЖА қарызын, сондай-ақ, осы мақсатта қызмет ететін Қарыз алушының қаражатын пайдалану үшін жеке жазбалар мен шоттарды жүргізетініне көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыздар беру ережесінің 7.04-бөлімінде көрсетілген талаптарға қосымша Қарыз алушы ККМ-ге АБР-ға а) жобаны іске асыру және оған байланысты мәселелер жөніндегі тиісті іс-шаралардың мәртебесі туралы ақпаратты жаңарту үшін қарыз күшіне енген күннен бастап әрбір ай аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде айлық есепті, б) қарыз күшіне енген күннен бастап әрбір ай аяқталғаннан кейін 2 апта үн ішінде қол жеткізілген нәтижелер туралы тоқсандық есепті және с) жылына бір рет орындалу процесі мен мониторинг туралы өзге де есептерді ұсынуды тапсырады.
Бірлесіп қаржыландыру
7. Қарыз алушы Қарыз туралы осы келісімнің 4.02-бөлімінің жалпы мағынасын шектеместен, Жобаны уақтылы және тиімді орындау үшін қажетті бірлесіп қаржыландырудың барлық қаражатына ККМ үшін жыл сайын бөлінетін бюджет қаражаты түрінде қол жетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді және қажетті ресурстар уақытында беріліп отырғанына көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-нің Жобаны іске асыру үшін қаржыландырудағы барлық өзгертілген қажеттіліктерді оның жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгізіп отырғанына көз жеткізуге міндеттенеді.
Құрылыстың сапасы
8. Қарыз алушы Жоба қолданылатын техникалық ерекшеліктер мен жоспарларға сәйкес орындалатынына және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және Жобаны басқару қолданылатын стандарттарға және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілетініне көз жеткізуді ККМ-ге тапсыруға міндеттенеді.
Жұмыстарға арналған келісім-шарттарды орындау
9. Қарыз алушы жұмыстарға арналған келісім-шарттарды жасасқаннан кейін Жоба жолының тиісті сегменттеріне немесе учаскелеріне арналған жұмыстың басталғаны туралы хабарламаның ЖСҚЖ-ның тиісті ережелерін (атап айтқанда, қатысы бар адамдарға уақтылы өтемақы төлеуді қоса алғанда), сондай-ақ ҚОӘБ-ның және жаңартылған ҚОҚЖ-ның ережелерін сақтамайынша мердігерге берілмейтініне көз жеткізуді ККМ-ге тапсыруға міндеттенеді.
Заңсыз сауда-саттықты болдыртпау
10. Қарыз алушы жобаланған жолдарда заңсыз сауда жүргізуді, жабайы жануарлар,сирек кездесетін жануарларды түрін және бақыланатын заттарды сатуды анықтау және болдыртпау үшін сенімді және қатаң шаралар енгізуді қамтамасыз етеді.
Қоршаған орта
11. Қарыз алушы (а) жоба шешімдері, Жоба объектілерінің құрылысы мен оларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету АДБ Экологиялық саясатына (2002), Қарыз алушының, ҚЭҚК-нің табиғатты қорғау заңнамасы мен нормативтік талаптарына, Инвестициялық бағдарлама үшін дайындалған және АДБ-мен және ҚОӘБ-мен келісілген қоршаған ортаға әсердің жалпы бағасына сәйкес жүргізілетініне; және (b) жобаның қоршаған ортаға әлеуетті зиянды әсері ҚОҚЖ-да көрсетілгендей қоршаған ортаға әсерін азайту және мониторингінің барлық шараларын қолдану есебінен төмендегеніне көз жеткізуді ККМ-ге тапсыруға міндеттенеді.
12. Қарыз алушы ККМ-ге (а) ҚОҚЖ жұмыстар басталуы туралы кез келген хабарлама берілгенге дейін жаңартылғанына; (b) ҚОҚЖ орындалуының іске асырылуы, мониторингі мен есептілігі үшін жеткілікті ресурстар берілгеніне; (с) жарты жылдық экологиялық есептердің, ол бойынша есеп жасалатын әрбір кезеңнен кейінгі үш (3) айдың ішінде дайындалғанына және АДБ-ға ұсынылғанына; (d) есептер, басқаларынан басқа, ҚОҚЖ орындауындағы жетістіктерге шолуды, проблемаларды және осы проблемаларды шешу жөніндегі шараларды қамтитынына; (е) Жоба шеңберіндегі егжей-тегжейлі инженерлік жоспар мен құрылыс жұмыстарының келісім-шарттары ҚОӘБ мен ҚОҚЖ-да көрсетілген қолданылатын экологиялық шараларды қамтитынына; және (f) мердігерлері ҚОӘБ және ҚОҚЖ талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында бақыланатынына қосымша көз жеткізуді ККМ-ге тапсыруға міндеттенеді.
Жер учаскелерін сатып алу және қоныс аудару
13. Қарыз алушы ККМ-ге Жоба басқаларынан басқа, мынадай: (а) ЖСҚН ережелеріне сәйкес ЖСҚЖ қатысы бар тұрғындардың назарына жеткізілуі тиіс; (b) ЖСҚЖ-ны қарауға және бекітуге АДБ-ға құрылыс жұмыстарына арналған қандай да болмасын келісімшарттар жасасқанға дейін ұсыну қажет; (с) Жоба үшін қажетті барлық жер учаскелері мен жер бөлу құқықтары уақтылы сатып алынуға және берілуге тиіс; (d) Қоныс аударуға барлық өтемақылар мен жәрдем, олар қоныс аудару сәтіне дейін қатысы бар адамдарға берілетін болады және меншік құқығынан айыру және ЖСҚЖ өтемақылар бағдарламасы жұмыстың басталғаны туралы кез келген хабарлама шыққанға дейін толығымен іске асырылуға тиіс; (е) Шағымдарды шешудің тиімді тетіктері мәселелер мен шағымдар туындаған кезде қатысы бар адамдарға оларды уақтылы шешуге көмектесу мақсатында жұмыс істеуге тиіс; (f) ЖСҚЖ орындалу мониторингін бақылауды жүзеге асыру үшін құзыретті персонал мен ресурстар ұсыну қажет. АДБ үшін мониторинг жүргізу бойынша қолайлы тәуелсіз ұйым ЖСҚЖ-ның сыртқы мониторингін және бағалауын жүргізетін және ЖСҚЖ-ны іске асыру процесінің басында және аяқталған соң нәтижелерді АДБ-ға ұсынатын болады; және (g) Егер ЖСҚЖ-ны орындау кезеңінде жергілікті жерде кез келген өзгерістер, жолдарды қашықтату не қоршаған ортаға қосымша әсері және/немесе қоныс аудару айқындалса, онда ЖСҚЖ-ға толықтырулар енгізу және ЖСҚЖ-ны кейіннен іске асырғанға дейін бірінші кезекте АДБ-ның және тиісті үкіметтік органдардың мақұлдауын алу қажет.
14. Қарыз алушы жобаға қатысты жерлерді жалға алушыларға беру үшін жер учаскелеріне талдау жүргізуді және іздеуді, немесе қолданылатын құқықтарға және Қарыз алушының заңнамасына, Қауіпсіздік шаралары туралы АДБ саясатына (2009), ЖСҚЖ және ЖСҚНҚ сәйкес олардың тыныс-тіршілік деңгейін қалпына келтіруге көмек көрсету үшін осындай жалға алушыларға басқа да қолдау түрлерін көрсетуге міндеттенеді. Жоғарыда көрсетілгендердің нәтижелері ЖСҚЖ түпкі нұсқасына қоса берілетін болады. Мемлекеттік резервтік жер учаскелерінің жоқ екендігі анықталған жағдайда Қарыз алушы жобаға қатысты жалға алушыларға (жалдау шарты кемінде 5 жыл фермерлерге - жобаға қатысты жалға алушылар) оларда қалған жер учаскесінде (учаскелерінде) өндірісті ұлғайту және кеңейту үшін жеткілікті қаржылық немесе техникалық көмек беру жөніндегі шараларды қабылдайтын болады. Жоғарыда ескерілгенге жататын ақпарат, оның ішінде жобаға қатысты жалға алушылардың тізімі, шығындар, кестелер мен осындай өтемақылар бойынша қабылданатын шаралар ЖСҚЖ түпкі нұсқасында айтылатын болады.
Еңбекті қорғау
15. Қарыз алушы ККМ-ге:
(а) Қарыз алушы ККМ-ге (а) құрылыс мердігерлерінің (і) Еңбек туралы кодекстің, еңбек заңнамасының қолданылатын негізгі стандарттарын және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің тиісті нормаларын қолдануды, (іі) әйелдер мен еркектерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді; (ііі) жолдарды салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралар кезінде балалар еңбегін пайдаланбауды; және (іv) жұмысқа талаптарды баламалы және тиімділікпен орындау шартымен Жобаның құрылыстық мақсаттары үшін жергілікті аз қамтылған және тұрмысы нашар халықты барынша жұмысқа орналастырудың ықтимал көлемінде, және (б) Жобаның шеңберінде тартылған мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері арасында және Жоба жолына тікелей жақын тұратын жергілікті тұрғындар арасында ЖҚБТ/АҚТҚ-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен тарайтын аурулардың тәуекелдері туралы ақпаратты таратудың жүзеге асырылуын сақтауды қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарына арналған шарттарға ережелердің енгізілуін қамтамасыз етуді ККМ-ге тапсырады.
(b) жобаланған жолдың тікелей жанында тұратын жобаға тартылған және жергілікті тұрғындар арасында, мердігерлік ұйымның жұмысшылары арасында жыныс жолымен таралатын ВИЧ/СПИД қосқанда аурулар туралы ақпаратты таратуды жүзеге асыру.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
16. Қарыз алушы АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатын (1998 жылғы, қазіргі уақыттағы түзетулерімен) қолдануға міндеттенеді. Қарыз алушы ұтымды басқару, есептілік және ашықтық принциптерін қолдану міндеттемесіне сәйкес АДБ тікелей не өзінің агенттері арқылы Жобаға қатысты барлық болжамды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге құқылы екендігімен және Қарыз алушы кез келген мұндай тексерудің қанағаттанарлықтай аяқталуы үшін кез келген мұндай тексеруге қажеттігіне қарай тиісті есептер мен жазбаларға қол жетімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, қолдау көрсету қажетті дәрежесінде толыққанды ынтымақтасатынына және көмектесетініне келіседі. Бұдан басқа, Қарыз алушы (а) мердігерлердің Қарыз қаражатын алуға және олар бойынша төлемдерге қатысты іс-қимылдарына кезеңдік тексерулер жүргізуді; (b) Жоба шеңберінде АДБ қаржыландыратын барлық келісімшарттар АДБ-ның аудит жүргізу және барлық мердігерлердің, өнім берушілер мен консультанттардың, сондай-ақ Жобаға қатысы бар қызметтердің өнім берушілерінің жазбалары мен шоттарына тексеру жүргізу құқығын белгілейтін ережелерді қамтитынына көз жеткізуді; (с) құрылысты қадағалау жөніндегі консультант мердігерлердің төлем сертификаттарын келісім-шарттың жұмыс сызбалары мен ерекшеліктеріне сәйкес тексерілетініне көз жеткізуді; және (d) Инвестициялық бағдарлама үшін әзірленген және АДБ-мен келісілген сыбайлас жемқорлықпен күрес жоспарының орындалуына көз жеткізуді ККМ-ге тапсырады.
РҚАО-ның ескертпесі: бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.