«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Астана қаласында халықаралық маңызы бар іс-шараларды дайындау және өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен «Тұран даңғылынан «Рубеж» бекетіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тас жолын қайта жаңарту» жобасын іске асыруға Астана қаласының әкімдігіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 700000000 (жеті жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі және Астана қаласының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов