Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 1359 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 861 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің қызметтерді сатып алуы;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2010 года № 1359. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2019 года № 861.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.11.2019 № 861 (вводится в действие с 01.01.2020).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 "Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании" (САПП Республики Казахстан 2009 г., № 27-28, ст. 245) следующее дополнение:

      в Типовых правилах закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 7) пункта 2 дополнить абзацем тринадцатым следующего содержания:

      "приобретения услуг национальным управляющим холдингом для обеспечения деятельности стратегического консультативно-совещательного органа национального управляющего холдинга;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов