Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 787 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 861 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 2011.10.06 № 1141 Қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар акцияларының пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 787 қаулысымен
бекітілген

Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг (бұдан әрі – ұлттық басқарушы холдинг), ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар (бұдан әрі – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар), сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы "Акционерлік қоғамдар туралы" және 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес әзірленді.

      Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары негізінде Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызмет ерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) әзірлейді және бекітеді.";

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      2) жергілікті қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестері) құнынан пайыздық қамту;

      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жетімділік нүктесін беретін мемлекеттік ақпараттық жүйе (www.goszakup.gov.kz);

      4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасалған шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      8) сатып алу – тапсырыс берушілердің мыналарды:

      еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      жарналарды (салымдарды), оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;

      заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізуге байланысты қаржы қызметтерін сатып алуды;

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алуды;

      теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеуді;

      іссапар шығыстарына өтемақы төлеуді;

      басқару органының және бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеуді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің көрсетілетін қызметтерді сатып алуын;

      отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуды;

      ұлттық басқарушы холдингтің экспорттық кредиттерді сақтандыру бойынша мамандандырылған халықаралық сақтандыру компаниясының қызметтерін сатып алуын;

      исламдық қаржыландыру өнімдерін* тартуды/орналастыруды қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті осы Үлгілік қағидаларда, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылатын сатып алуы.

      Ескертпе:

      *Осы Үлгілік қағидалардың мақсаттары үшін исламдық қаржыландыру өнімдері деп исламдық қаржыландыруды жүзеге асыратын ұйымдардан, оның ішінде халықаралық ұйымдардан тартылған ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ не Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында исламдық банктерде/исламдық лизинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лизингтік компанияларда орналастырылған меншікті ақша, бағалы қағаздар түсініледі.

      Ақша қаражатын, бағалы қағаздарды тарту және орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес исламдық қаржыландыру принциптері сақтала отырып жүзеге асырылады;

      9) сатып алуды ұйымдастырушы - сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс беруші не сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау мақсатында тапсырыс беруші анықтаған заңды тұлға;

      10) стратегиялық әріптестер - тапсырыс беруші айқындайтын, тиісті (интеллектуалдық, ғылыми, әдіснамалық, білім беру, технологиялық, кадрлық) ресурстары бар және мына:

      қазіргі заманғы әдіснамалар мен жаңа технологияларды білім беруге енгізу;

      білім берудің инновациялық мазмұны мен қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

      білім беру қызметі мен оның нәтижелеріне, оның ішінде оқытудың сапасына және оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелеріне мониторингті, сыртқы бақылауды жүзеге асыру;

      білім беру қызметінің сапасын, балалар мен педагогтарды конкурстық іріктеудің аспаптары мен технологияларын бақылау мен бағалау құралдарын әзірлеу және енгізу;

      оқыту үдерісін қамтамасыз ететін кабинеттер мен зертханалар үшін жабдықтарды әзірлеу және өндіру салаларының бірінде немесе бірнешеуінде халықаралық қызмет тәжірибесі бар ұйым;

      10-1) стратегиялық жоба – ұлттық басқарушы холдинг немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар айқындайтын, мынадай өлшемшарттарға сай келетін жоба:

      жоба құны (сметалық және (немесе) бағалау) ағымдағы жылдың басына ұлттық басқарушы холдингтің немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымның жеке капиталының жиырма бес пайызынан асады;

      11) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12) технологиялық меморандум – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жасасатын және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін және кепілдендірілген мемлекеттік тапсырысты орналастыруды айқындайтын келісім;

      13) кепілдендірілген тапсырыс – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      14) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2017 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.10.2019 № 738 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Үлгілік қағидалар негізінде бекітілетін Сатып алу қағидалары талаптарды қамтуы және мыналарды:

      1) инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруды;

      2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер ұсынуды;

      3) әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті;

      4) сатып алу процесінің жариялылығы мен айқындылығын;

      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны ұтымды және тиімді

      жұмсауды қамтамасыз етуі тиіс.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Сатып алу процесі

      4. Сатып алу процесі мыналарды қамтиды:

      1) сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту;

      2) өнім берушіні таңдау;

      3) сатып алу туралы шарт жасасу және оны орындау.

      5. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстардың сметасы) негізінде сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жылдар бойынша орта мерзімді кезеңге арналған сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;

      2) сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;

      3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді

      көрсетудің жоспарланатын мерзімі мен орны;

      4) келесі қаржы жылы (жылдары) аяқтау мерзімі бар сатып алу туралы шарттар жасасқан жағдайда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген соманың шегінде кестеге және жылдар бойынша белуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланатын мерзімі.

      Сатып алу жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстардың сметасы) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Тапсырыс берушi сатып алу жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, сондай-ақ сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратты мемлекеттік сатып алудың веб-порталында не тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші бекітілген сатып алу жоспарының негізінде қабылдайды.

      8. Бекітілген сатып алу жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

      9. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін бюджет (бизнес-жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) пен сатып алу жоспары бекітілгенге дейін жүзеге асыра алады. Бұл ретте бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) және өнім берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу жоспарының бекітілуі сатып алу туралы шартты жасасу талабы болып табылуы тиіс.

      10. Сатып алу тәсілін тапсырыс берушілер Сатып алу қағидаларының негізінде дербес таңдайды.

      11. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тапсырыс беруші сатып алуды мынадай тәсілдермен жүзеге асырады:

      1) тендер;

      2) баға ұсыныстарын сұрату;

      3) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта;

      4) тауар биржалары арқылы;

      5) бір көзден сатып алу;

      6) кепілдендірілген тапсырыс.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Сатып алуды осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген тәсілдермен жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші сатып алу қағидаларын әзірлеу кезінде белгілейді.

      Тапсырыс берушілер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімде оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат береді.

      Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімде беріледі.

      Сатып алу қағидаларында осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын сатып алудың жүзеге асырылуы және сатып алу қорытындылары туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында не тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында міндетті түрде орналастыру туралы талаптар қамтылуға тиіс.

      Тапсырыс берушілер сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлейді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.02.2017 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындау және жүргізу үшін тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.

      Сатып алуды ұйымдастырушыны анықтау тәртібі Сатып алу қағидаларында көзделеді.

      14. Тендер тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 915-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу біртекті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жүзеге асырылады, бұл ретте өнім берушіні таңдау кезінде ол ұсынған баға шешуші шарт болып табылады.

      16. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

      17. Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу Қазақстан

      Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге

      асырылады.

      18. Тапсырыс берушінің бір көзден сатып алуы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) егер осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағының 1) 4) тармақшаларында көзделген тәсілдердің бірімен сатып алу өтпеді деп танылса;

      2) қандай да бір өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде сол өнім берушімен қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында басқа да сатып алуларды жүргізу қажеттілігі туындаса;

      3) аралық соттағы дауды шешуге байланысты төрелік алымдар мен шығыстарды төлеу;

      4) егер тиісті күнтізбелік жылға арналған сатып алу жоспарында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлерінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      5) егер тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес (алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес болмаған жағдайда басқару органы/жоғары орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша күнделікті және (немесе) апта сайынғы мұқтажды сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болғанда (хабарландыру берген сәттен бастап және тендердің қорытындылары бойынша шарт жасасқанға дейінгі кезеңде), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      6) төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі, байланыс объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы және өзге қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолда тез арада қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      7) оқшауланған бөлімшенің қызметін қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушінің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      9) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      10) табиғатты пайдалану құқығын сатып алу;

      11) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және алқалық орган/бақылау кеңесі (алқалық атқару органы/бақылау кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;

      12) тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/бақылау кеңесі (алқалық атқарушы орган/бақылау кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алу;

      13) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

      14) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік шрифтімен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды сатып алу;

      15) мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу;

      16) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;

      17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыратын ұйымдардың "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      18) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;

      19) теңіз агенті, теңіз брокері қызметін сатып алу;

      20) мемлекеттік метрологиялық бақылауды тарату аясында қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      21) уақытша бос ақшаны орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде бағалы қағаздарды сатып алу;

      22) тапсырыс берушінің негізгі қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын уран мен оның қосылыстарын сатып алу;

      23) өздерінің орналасқан жерінің құпиялығын сақтауды көздейтін объектілердегі жұмыстарды сатып алу;

      24) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25) мүлікті сенімді басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      26) тапсырыс берушінің:

      мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған мемлекеттік сатып алу туралы;

      тендердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған сатып алу туралы;

      жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жүргізілген тендер қорытындылары бойынша шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      27) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы;

      28) тапсырыс берушіден, сондай-ақ құрылтайшылары тапсырыс берушілер болатын мекемелерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу не олардың қызметінің негізгі мәні бойынша дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тапсырыс берушілерге тиесілі заңды тұлғалардан тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      29) инвестициялық стратегиялық жобаларды, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      30) жаңа технологияны енгізуге байланысты сол технологияның меншік иесінен жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      31) жоба алдындағы құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстардың негізгі көлемін тиесілі түрде орындаған өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;

      32) жобалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігінен туындайтын жобалық құжаттаманы әзірлеген өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, жиындар мен төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      34) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      35) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесі 100 (бір жүз) пайызға тең болатын тұлғадан не мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      36) қосылған желі арқылы табиғи газды, суды, сумен жабдықтау қызметін және жылу энергиясын сатып алу;

      37) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      38) мыналарды:

      Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;

      Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;

      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;

      мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алуы;

      39) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;

      40) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.

      41) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін, сондай-ақ сатып алуға, жеткізу мен лизинг мәнін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      42) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;

      43) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредитттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      43-1) ұлттық компанияның жарғылық мақсаттарына сәйкес білім беру, ғылым қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін білім беру және оқу бағдарламаларын (соның ішінде талапкерлерді таңдау және қабылдау, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша), даму тұжырымдамаларын әзірлеу, енгізу және (немесе) іске асыру жөнінде қызметтерді және (немесе) жұмыстарды сатып алу;

      44) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      45) кіреберіс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;

      46) жерсерік ресурсын жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу;

      47) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      48) бейне/аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      49) рейтингтік агенттіктердің, қаржы қызметтерінің қызметтерін сатып алу;

      50) ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу;

      51) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      52) электр энергиясын, оның ішінде холдингке кіретін энергия жабдықтаушы ұйымнан сатып алу;

      53) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      54) темір жолда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді сатып алу;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      18-тармақты 55) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.24 № 640 (жариялануға жатпайды) Қаулысымен.

      56) стратегиялық әріптестерден білім және ғылым, білім беру үдерісін әдіснамалық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      56-1) "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;

      57) білім беру және (немесе) ғылыми бағдарламаларының мазмұнына сәйкес шетелдік арнайы оқу және көркем әдебиетті сатып алу;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      58) тармақша 2013.12.13 дейін қолданыста болады - ҚР Үкіметінің (ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 896 Қаулысының 2-т. қараңыз).

      58) тапсырыс берушіге "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ "Назарбаев Университетінің" құрылысына бөлінген жер учаскелеріндегі құрылыстарды сатып алу және бұзу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болып табылатын заңды тұлғадан сатып алу;

      58-1) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      58-2) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      58-3) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59) акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығына орналастыру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу;

      60) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық дамыту институтының Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де күзетілетін адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.

      61) Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының және Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін шикізат, құрал-саймандар мен шығыс материалдарын сатып алу.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.02 N 1732 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.01.30 № 50, 2010.04.02 № 279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.09.06 № 896 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.03.04 N 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.05 N 356; 13.05.2013 N 477 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 07.12.2013 № 1323; 16.05.2014 № 503; 25.12.2015 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 10.02.2017 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2017 жылғы 29 тамыздағы № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      18-1. Кепілдендірілген тапсырыс тәсілімен сатып алу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі – кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші) арасында технологиялық меморандум жасалған жағдайда жүзеге асырылады.

      Ескерту. Үлгі ережесі 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      19. Тапсырыс беруші осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін өнім берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарт жасасады.

      Сатып алу туралы шартта осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптар қамтылуға тиіс.

      Сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19-1. Кепілдендірілген тапсырысты тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті берушілердің барлығының арасында кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастыру арқылы мынадай тәртіппен орналастырады:

      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасында жасалған технологиялық меморандумда айқындалған, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілер арасында кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жариялайды;

      2) кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жүргізеді және олардың өндірістік қуатын есепке ала отырып, бір немесе бірнеше әлеуетті өнім берушілері айқындайды;

      3) өткізілген сатып алу негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші өндірісті ұйымдастыру және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің осы шартта көрсетілген техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізу бойынша әлеуетті өнім берушімен (лермен) (бұдан әрі – өнім беруші) кемінде үш жыл мерзімге кепілдендірілген тапсырыс шартын (тарын) жасасады;

      4) өнім беруші (лер) кепілдендірілген тапсырыс шартының талаптарына сәйкес шартта көрсетілген мерзімде тауар өндіруді ұйымдастырады және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізеді.

      Ескерту. 2-бөлім 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      20. Қазақстан Республикасының резидент емесімен сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.

      20-1. Тапсырыс беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Үлгілік қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында не тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастырады.

      Ескерту. 2-бөлім 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.02.2017 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      21. Сатып алу қағидалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.

  Үлгілік қағидаларға
1-қосымша

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат

      Ескерту. Үлгі ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 N 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Жалпы мәліметтер

Тапсырыс берушінің БСН

Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде)

Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде)

Сатып алу жылы

1

2

3

4

      Сатып алу жоспары

Р/с

Жоспар тармағының түрі

Сатып алу нысанасының түрі

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды (ТЖҚБНА сәйкес)

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілдегі атауы (ТЖҚБНА сәйкес)

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі атауы (ТЖҚБНА сәйкес)

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілдегі қысқаша сипаттамалары (сипаты) (ТЖҚБНА сәйкес)

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасы (сипаты) (ТЖҚБНА сәйкес)

Қосымша сипаттама (мемлекеттік тілде)

Қосымша сипаттама (орыс тілінде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Кестенің жалғасы

Сатып алу тәсілі

Өлшем бірлігі (ТЖҚЖ сәйкес)

Саны, көлемі

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алудың жоспарланған сомасы, теңге

Сатып алуды жүзеге асырудың мерзімі (ай)

Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсету мерзімі

Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсету орны (ӘАОЖ сәйкес елді мекен коды)

Алдын ала төлем мөлшері, %

11

12

13

14

15

16

17

18

19

      *ТЖҚБНА – Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы

      Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратта ақпаратты толтыру әр тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бойынша әрбір жолда мынадай тәртіппен жеке жүзеге асырылады.

      Жалпы мәліметтер

      1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (болған жағдайда толтырылады).

      2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі.

      3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.

      4-баған. Сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі (мысалы: 2012).

      Сатып алу жоспары

      1-баған. Жылдық сатып алу жоспары жазбасының (позициясының) реттік нөмірі көрсетіледі (реттік нөмірі нүктесіз бүтін сандармен жазылады).

      2-баған. Жоспар тармағының түрі көрсетіледі.

      3-баған. Сатып алу нысанасының түрі (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) көрсетіледі.

      4-баған. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес 17 белгі деңгейінде тауар коды не 14 белгі деңгейінде жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.00.00.00.01.10.1).

      5-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).

      6-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).

      7-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес қазақ тілінде сатып алу нысанасының қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).

      8-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес сатып алу мәнінің орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).

      9-баған. Сатып алу мәнінің қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі.

      10-баған. Сатып алу мәнінің орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (аталған баған толтыру үшін міндетті болып табылмайды).

      11-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.

      12-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).

      13-баған. 11-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі.

      14-баған. Сатып алу мәнінің бірлігі үшін бағасы теңгемен көрсетіледі.

      15-баған. Жоспарланатын сатып алу сомасы теңгемен көрсетіледі.

      16-баған. Сатып алу рәсімдерін өткізудің жоспарланатын айы көрсетіледі.

      17-баған. Жоспарланатын жеткізу мерзімі көрсетіледі (еркін жол).

      18-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес елді мекен коды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу орны көрсетіледі.

      19-баған. Аванстық төлемнің жоспарланған мөлшері көрсетіледі.


  Үлгілік қағидаларға
2-қосымша

Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат

      Ескерту. Үлгілік қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 N 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - 14.05.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Шарттар тізіліміндегі жазбаның нөмірі

Жазбаның соңғы өзгертілген күні

Тапсырыс беруші

Сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

Сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алудың қорытындысы шыққан күн

Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері

Шарт

атауы

БСН

күні

нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      кестенің жалғасы

Шарт валютасының коды

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды (ТЖҚБНА) сәйкес

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚБНА сәйкес) атауы

ТЖҚБНА сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты)

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаты

Тауар туралы ақпарат

Бірлік үшін бағасы, теңгемен

Саны

Сомасы, теңге

тауар өндірілген ел

тауардың мәртебесі

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

      кестенің жалғасы

Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат

Шарт орындалған күн

Шарттың қолданылуы тоқтатылған күн

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Орналасқан жері (мекенжайы)

БСН, ЖСН

Өнім берушінің елі

Телефон және факс

Шарт бойынша

Іс жүзінде

Іс жүзінде тапсырыс берушінің төлегені, теңгемен

Күні

Негізі және себебі

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

      Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта ақпаратты толтыру есепті кезең үшін әрбір жасалған шарт туралы жеке жолда мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.

      1-баған. Шарттар тізілімінде 20 мәнді нөмір жазбасын жүйе автоматты түрде толтырылады.

      2-баған. Сатып алу шартына өзгеріс енгізілген жағдайда күні "күн, ай, жыл" (00.00.0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.

      3-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.

      4-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      5-баған. Сатып алу тәсілі мәтіндік бөлігі мен код аймағы мәнінің мынадай сәйкестігіне қарай көрсетіледі:

      тендер – 1;

      баға ұсыныстарын сұрату - 2;

      бір көзден сатып алу – 3;

      ұйымдастырылған электрондық сауда-саттық – 4;

      тауар биржалары арқылы – 5;

      кепілдендірілген тапсырыс – 6.

      6-баған. Сатып алу өткізілетіні туралы хабарламаға берілген нөмір көрсетіледі.

      7-баған. Сатып алу қорытындылары шыққан күн "күн, ай, жыл" (00.00.0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.

      8-баған. Құжаттың "күн, ай, жыл" (00.00.0000.) форматында күні, нөмірі мен атауы (мысалы, № 54, сатып алу қорытындыларының хаттамасы) көрсетіледі.

      9-баған. Шарт жасалған күн "күн, ай, жыл" (00.00.0000.) форматында көрсетіледі.

      10-баған. Шартқа берілген нөмір көрсетіледі.

      11-баған. Шарт валютасының коды валюталардың сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

      12-баған. Тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

      13-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

      14-баған. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

      15-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы көрсетіледі.

      16-баған. Тауар өндірілген ел елдердің анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

      17-баған. Тауардың мәртебесі, егер: толық өндірілген болса – 1, қайта өңдеуге ұшыраған болса – 2 деп көрсетіледі.

      18-баған. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) теңгемен көрсетіледі.

      19-баған. Тауарлардың саны 18-бағанда аталған тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес көрсетіледі.

      20-баған. Шарттың сомасы теңгемен (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) көрсетіледі.

      21-баған. Заңды тұлғаның толық атауы немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты шартқа сәйкес көрсетіледі.

      22-баған. Заңды тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің пошталық мекенжайы, атауы, қаланың (елді мекеннің), көшенің, үйінің, кеңсесінің (егер бар болса) нөмірі, жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы субъектісінің пошталық мекенжайы, атауы, қаланың (елді мекеннің), көшенің, жеке тұлғаның тұрғылықты орны бойынша тіркелген үйінің, пәтерінің нөмірі көрсетіледі.

      23-баған. Заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.

      24-баған. Елдердің анықтамалығына сәйкес өнім беруші резиденті болып табылатын ел көрсетіледі.

      25-баған. Өнім берушінің телефоны және факсы (бар болса) көрсетіледі.

      26-баған. Шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуы аяқталуының жоспарлы күні "айы, жылы" форматында (00.0000) көрсетіледі.

      27-баған. Шарттың орындалған күні "күні, айы, жылы" форматында (00.00.0000.) көрсетіледі.

      28-баған. Шарт ақысын төлеу есебіне жүзеге асырылған төлемдер сомасы теңгемен не шартта көрсетілген валютада көрсетіледі.

      29-баған. Өзге себептермен шарттың қолданылуының орындалуының немесе орындалмауының тоқтатылған күн "күні, айы, жылы" форматында (0000.00.00.) көрсетіледі.

      30-баған. Бұзылуына байланысты немесе өзге себептер бойынша шарт қолданысының тоқтатылу негіздемесі мен себебі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады