Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 264-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 мамырдағы
№ 423 қаулысымен
бекітілген
Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік
тауарларының тізбесі
Р/с |
СЭҚ ӨЖ |
Атауы |
1 |
01.47.21 |
Қабықты тауық жұмыртқасы, жаңа жиналып алынған |
2 |
10.11.11 |
Жас немесе тоңазытылған сиыр және бұзау еті |
3 |
10.11.12 |
Жас немесе тоңазытылған шошқа еті |
4 |
10.11.13 |
Жас немесе тоңазытылған қой еті |
5 |
10.11.14 |
Жас немесе тоңазытылған ешкі еті |
6 |
10.11.15 |
Жас немесе тоңазытылған жылқы және жылқы тектес жануарлардың еті |
7 |
10.11.20 |
Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған тағамдық қосымша өнімдері |
8 |
10.11.31 |
Мұздатылған сиыр және бұзау еті |
9 |
10.11.32 |
Мұздатылған шошқа еті |
10 |
10.11.33 |
Мұздатылған қой еті |
11 |
10.11.34 |
Мұздатылған ешкі еті |
12 |
10.11.35 |
Мұздатылған жылқы және жылқы тектес жануарлардың еті |
13 |
10.11.39 |
Жас, тоңазытылған, Мұздатылған ет және өзге де тағамдық қосымша өнімдері |
14 |
10.12.10 |
Жас немесе тоңазытылған үй құсының еті |
15 |
10.12.20 |
Мұздатылған үй құсының еті |
16 |
10.12.40 |
Үй құсының тағамдық қосымша өнімдері |
17 |
10.13.11 |
Туралған, тұздалған, кептірілген немесе ысталған (бекон және ысталған шошқа еті) шошқа еті |
18 |
10.13.12 |
Тұздалған, кептірілген немесе ысталған сиыр және бұзау еті |
19 |
10.13.14 |
Еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе малдың қанынан жасалған шұжық және ұқсас бұйымдар |
20 |
10.13.15 |
Еттен жасалған дайын жартылай фабрикаттар мен қосымша ет өнімдерінен басқа, өзге де еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе мал қанынан жасалған дайын және консервіленген өнімдер |
21 |
10.32.11 |
Томат шырыны |
22 |
10.32.12 |
Апельсин шырыны |
23 |
10.32.13 |
Грейпфрут шырыны |
24 |
10.32.14 |
Ананас шырыны |
25 |
10.32.15 |
жүзім шырыны |
26 |
10.32.16 |
Алма шырыны |
27 |
10.32.17 |
Жеміс-жидек және көкөніс шырындарының қоспалары |
28 |
10.32.19 |
Өзге де жеміс-жидек және көкөніс шырындары |
29 |
10.41.60 |
Гидрогенделген және эстерифицияланған, бірақ одан әрі өңделмеген малдың және өсімдіктің майы мен тоң майы және олардың фракциялары |
30 |
10.42.10 |
Маргарин және ұқсас өнімдер |
31 |
10.51.11 |
Өңделген сұйық сүт |
32 |
10.51.12 |
Майлылығы 6%-дан артық қоюлатылмаған немесе тәттілендірілмеген кілегей |
33 |
10.51.30 |
Сары май |
34 |
10.51.52 |
Өзге де ұйытылған немесе ашытылған йогурт, сүт және кілегей |
35 |
10.51.56 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген сүт өнімдері |
36 |
10.61.11 |
Тазаланған күріш |
37 |
10.61.12 |
Жартылай немесе толық ақталған немесе жарылған күріш |
38 |
10.61.21 |
Бидай немесе суржиктің ұсақ тартылған ұны |
39 |
10.61.23 |
Ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны |
40 |
10.61.31 |
Бидай жармасы |
41 |
10.61.32 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген, дәнді дақылдардан жасалған жарма |
42 |
10.71.11 |
Жаңа піскен нан |
43 |
10.71.12 |
Торт және кондитер өнімдері; тәттілендіретін заттар қосылған өзге де нан-тоқаш өнімдері |
44 |
10.72.11 |
Қытырлақ нандар, кептірілген нан, тостыларға арналған нан және ұқсас түрдегі қытырлақ өнімдер |
45 |
10.72.12 |
Коврижкалар, пряниктер және ұқсас өнімдер; тәтті печенье; вафли |
46 |
10.72.19 |
Құрғақ нан-тоқаш немесе өзге де ұзақ уақыт сақтауға арналған өнімдер |
47 |
10.73.11 |
Макарондар, кеспе және ұқсас ұннан жасалған өнімдер |
48 |
10.82.21 |
Құрамында тәттілендірілген какао-ұнтақтан басқа, какао бар, салмағы 2 кг-дан артық орауыштағы шоколад және өзге де дайын тамақ өнімдері |
49 |
10.82.22 |
Құрамында тәттілендірілген какао-ұнтақтан басқа, какао бар, кесекше, пластина немесе тақталардағы шоколад және өзге де дайын тамақ өнімдері |
50 |
10.82.23 |
Құрамында какаосы жоқ, ақ шоколадты қоса алғанда, қанттан жасалған кондитерлік өнімдер |
51 |
10.82.24 |
Қантталған, глазурленген, шәрбат сіңдірілген және кептірілген жеміс-жидектер, жемістер, жаңғақтар, жеміс қабықтары және өсімдіктердің өзге де бөліктері |
52 |
10.84.30 |
Ac тұзы |
53 |
11.07.11 |
Тәттілендірілмеген және хош иістендірілмеген минералды және газдалған су |
54 |
11.07.19 |
Өзге де алкогольсіз сусындар |