Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 377-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Академияның профессор-оқытушылар құрамының, басшы қызметкерлерінің (ректор, вице-ректорлар, бөлімшелердің жетекшілері мен олардың орынбасарлары) лауазымдық жалақылары (ставкалары) Академияның бекітілген еңбекақы төлеу қоры шегінде 1,5-тен бастап 2,5-ке дейін арттыру коэффициенттерін қолдану арқылы айқындалады деп белгіленсін.
Лауазымдық жалақыға арттыру коэффициентінің нақты мөлшері лауазымдар санатына қарай сараланып және Академия ректоры бекітетін тәртіппен белгіленеді.».
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов