Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1493 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 377-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Академияның профессор-оқытушылар құрамының, басшы қызметкерлерінің (ректор, вице-ректорлар, бөлімшелердің жетекшілері мен олардың орынбасарлары) лауазымдық жалақылары (ставкалары) Академияның бекітілген еңбекақы төлеу қоры шегінде 1,5-тен бастап 2,5-ке дейін арттыру коэффициенттерін қолдану арқылы айқындалады деп белгіленсін.
      Лауазымдық жалақыға арттыру коэффициентінің нақты мөлшері лауазымдар санатына қарай сараланып және Академия ректоры бекітетін тәртіппен белгіленеді.».
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады