Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Астананың жаңа университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Университет) акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану қүқықтарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне беруді;
2) "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - Қоғам) бірлесіп, Университеттің жарғылық капиталын төлеуге берілетін Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін бағалау жүргізуді;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін Университеттің жарғылық капиталын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
2. Мүдделі мемлекеттік органдар осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 маусымдағы № 603 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 294 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 107-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 маусымдағы № 603 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1120 қаулысы.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті заң жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 152 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-100-жол алынып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 222-33-5-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлімдегі реттік нөмірі 227-2-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 304-1-жолмен толықтырылсын:
"304-1 "Астананың жаңа университеті" АҚ".
3. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
"6. "Астананың жаңа университеті" акционерлік қоғамы.".
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.