Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 246 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 559 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 наурыздағы
№ 246 қаулысымен
бекітілген

Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі, "Қазақстан Республикасының ұлттық кауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы, "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы, "Қарсы барлау қызметі туралы"2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға;

      2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналар:

      абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпарат;

      ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпарат;

      биллингтік мәліметтер (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтер);

      техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жері;

      деректер беру желісіндегі мекенжайы;

      деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайы;

      интернет-ресурстың сәйкестендіргіштері;

      деректер беру желісінің хаттамалары қамтылған абоненттер туралы мәліметтер;

      3) абоненттік нөмір – басқа абоненттік жабдықпен қосылу сол арқылы орнатылатын шартты жасасқан кезде абоненттің пайдалануына бөлінетін және желіде абонентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;

      4) байланыс желісі – байланыс құралдары мен желілерден тұратын және телекоммуникацияларға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;

      5) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы Қағидалардың талаптары почта байланысын қоспағанда, байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байланыс операторларына (бұдан әрі – Оператор) қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Оператор екі жыл бойы абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз етеді, ол өткен соң ақпарат жойылады. Оператор абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтау жөніндегі міндетін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      6. Оператор осы Қағидаларға сәйкес телекоммуникация құралдарынан абонентке көрсетілген қызметтер туралы қызметтік ақпаратты тұрақты жинауды жүзеге асырады және оның Оператор жүйесінде (бұдан әрі – Жүйе) сақталуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-1. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау Қазақстан Республикасының аумағында ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының шетелдегі абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Жүйенің пайдаланылатын құралдарын жаңғырту (ауыстыру) кезінде оның сипаттамаларын жақсарту мақсатында (көрсетілетін байланыс қызметтері түрінің саны, абоненттер саны ұлғайғанда, сақталатын ақпараттың көлемі өскенде, Жүйенің функционалдағы кеңейтілгенде), сақталған ақпараттың жоғалуына немесе өзгеруіне жол берілмейді.

      8. Оператор қызметтік ақпаратты қолда бар ақпараттық жүйелерден, дерекқор мен техникалық байланыс құралдарынан алады.

      9. Функционалды түрде Жүйе жинау, сақтау, басқару және қорғау құралдарының функцияларын орындайтын логикалық модульдерден тұрады. Жүйе модульдерінің өзара әрекеті хаттамасын Оператор байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органмен келіседі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Абонент туралы қызметтік ақпарат ақпаратты сақтау жабдығындағы Жүйеде жиналады.

      Жүйе мыналарды:

      1) абоненттер туралы ақпарат пен абонентке көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты сақтауды;

      заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестіндіру нөмірі, шоттарды жеткізу үшін мекенжай;

      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтаның мекенжайлары, почталық мекенжайы;

      байланыс телефондарының нөмірлері; абоненттік жабдықтарды орнату мекенжайы; шартты жасасу және қолданылуын тоқтату күні; абонентке қолжетімді байланыс қызметтерінің тізбесі; абоненттік нөмір;

      биллингтік мәліметтер – абоненттің жеке шоты бойынша ақпарат, шотты толтыру туралы ақпарат, деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары;

      деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары және деректерді беру желісіндегі интернет-ресурстарға кірудің мекенжайы, интернет желісіне қол жеткізудің әрбір көрсетілген қызметі бойынша деректерді беру желісінің хаттамалары, оның ішінде: уақыт белдеулері есебімен желіде абонентті тіркеу күні мен уақыты; осы сессия үшін бөлінген динамикалық немесе статикалық ІР-мекенжайы; желіге шығу нүктесі; желіге шығу жүзеге асырылған абоненттік нөмір және ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру коды; осы сессия ішінде берілген және қабылданған ақпарат көлемі; қызметтердің әрқайсысы көрсетілген уақыт кезеңі; пайдаланушы қолданған байланыс түрі, жіберілген немесе алынған электрондық хабарламаның мекенжайлары, почталық хабарламаның электрондық почта мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендіруші, уақыт белдеулері есебімен интернет-ресурста деректер өзгеруінің басы мен аяқталу күні және уақыты, сондай-ақ өзгеріс болған ІР-мекенжайы;

      2) сақтаудың бірыңғай форматын;

      3) уақытқа деректерді байланыстыруды;

      4) деректердің өзгермеуін;

      5) сақталатын деректердің толықтығы мен анықтығын;

      6) телекоммуникациялар желілерінде жедел-іздестіру іс-шаралары құралдарымен біріктіру мүмкіндігін;

      7) байланыс қызметтерін пайдаланушылар және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы сұраулардың алуан түрлерін қабылдауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған қол жеткізуді, берілген параметрлер бойынша ақпарат пен жүйелік есептер беруді;

      8) авторизацияның бағдарламалық және техникалық құралдары арқылы Жүйенің деректеріне рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 28.04.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении Правил осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2010 года № 246. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2023 года № 559.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.07.2023 № 559 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется постановлением Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 15 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах.

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется постановлением Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 30 марта 2010 года № 246

Правила
осуществления операторами связи сбора и хранения
служебной информации об абонентах

      Сноска. В заголовок Правил внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется постановлением Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Наименование главы 1 в редакции постановления Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 15 сентября 1994 года "Об оперативно-розыскной деятельности", от 5 июля 2004 года "О связи", от 6 января 2012 года "О национальной безопасности Республики Казахстан", от 24 ноября 2015 года "Об информатизации", от 28 декабря 2016 года "О контрразведывательной деятельности" и определяют порядок осуществления операторами связи Республики Казахстан сбора и хранения служебной информации об абонентах.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:

      1) абонент – физическое или юридическое лицо, с которым заключен договор на оказание услуг связи;

      2) служебная информация об абонентах – сведения об абонентах, предназначенные исключительно для целей проведения контрразведывательной деятельности и оперативно-розыскных мероприятий на сетях связи и включающие в себя:

      информацию об абонентских номерах, включая сведения об индивидуальных идентификационных номерах (для физических лиц) или бизнес-идентификационных номерах (для юридических лиц) владельцев абонентских номеров;

      информацию об идентификационных кодах абонентских устройств сотовой связи, включая сведения об индивидуальных идентификационных номерах (для физических лиц) или бизнес-идентификационных номерах (для юридических лиц) владельцев абонентских устройств сотовой связи;

      биллинговые сведения (сведения о полученных абонентом услугах);

      местоположение абонентского устройства в сети в соответствии с требованиями технического регламента;

      адреса в сети передачи данных;

      адреса обращения к интернет-ресурсам в сети передачи данных;

      идентификаторы интернет-ресурса;

      протоколы сети передачи данных;

      3) абонентский номер – номер, выделяемый в пользование абоненту при заключении договора, с помощью которого устанавливается соединение с другим абонентским оборудованием, и позволяющий идентифицировать абонента в сети;

      4) сеть связи – технологическая система, включающая в себя средства и линии связи и предназначенная для телекоммуникаций или почтовой связи;

      5) оператор связи – физическое или юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан, оказывающее услуги связи и (или) эксплуатирующее сети связи.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Требования настоящих Правил распространяются на операторов связи, осуществляющих деятельность по оказанию услуг связи, за исключением почтовой связи (далее - Оператор).

      Сноска. В пункт 3 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется постановлением Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Исключен постановлением Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах

      Сноска. Наименование главы 2 в редакции постановления Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Оператор обеспечивает сбор и хранение служебной информации об абонентах в течение двух лет, по истечении которых информация уничтожается. Оператор несет ответственность, предусмотренную законами Республики Казахстан, за нарушение обязанности по сбору и хранению служебной информации об абонентах.

      6. Оператор осуществляет постоянный сбор служебной информации о предоставленных абоненту услугах со средств телекоммуникаций (средств связи) в соответствии с настоящими Правилами и обеспечивает ее хранение в системе Оператора (далее – Система).

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6-1. Хранение служебной информации об абонентах осуществляется исключительно на территории Республики Казахстан. Запрещается передача служебной информации об абонентах за пределы Республики Казахстан, за исключением случаев оказания услуг связи абонентам Республики Казахстан, находящимся за рубежом.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 6-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. При модернизации (замене) используемых средств Системы в целях улучшения ее характеристик (при увеличении количества видов оказываемых услуг связи, количества абонентов, возрастании объемов хранимой информации, расширении функциональности Системы) потеря или изменение уже хранящейся информации не допускается.

      8. Оператор получает служебную информацию из имеющихся информационных систем, баз данных и технических средств связи.

      9. Функционально Система состоит из логических модулей, выполняющих функции сбора, хранения, управления и средств защиты. Протокол взаимодействия модулей Системы согласовывается Оператором с органом, осуществляющим контрразведывательную деятельность и оперативно-розыскные мероприятия на сетях связи.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Служебная информация об абоненте накапливается в Системе на оборудовании хранения информации.

      Система обеспечивает:

      1) хранение информации об абонентах и информации об оказанных абоненту услугах:

      для юридических лиц – бизнес-идентификационный номер, адрес для доставки счетов;

      для физических лиц – фамилия, имя и отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность), местожительство, номер и дата выдачи документа, удостоверяющего личность, индивидуальный идентификационный номер, адреса электронной почты, почтовый адрес;

      номера контактных телефонов; адрес установки абонентского оборудования; дата заключения и прекращения действия договора; перечень услуг связи, доступных абоненту; абонентский номер;

      биллинговые сведения – информация по личному счету абонента, информация о пополнении счета, адреса абонентов в сети передачи данных;

      адреса абонентов в сети передачи данных и адреса обращения к интернет-ресурсам в сети передачи данных, протоколы сети передачи данных по каждой предоставляемой услуге доступа в сеть интернет, включая: дату и время регистрации абонента в сети с учетом временных поясов; динамический или статический IP-адрес, выделенный для данной сессии; точку выхода в сеть; абонентский номер и идентификационный код абонентского устройства сотовой связи, с которого был осуществлен выход в сеть; объем переданной и принятой информации в течение данной сессии; период времени, в течение которого предоставлялась каждая из услуг; использованный пользователем вид связи, адреса переданного или полученного электронного сообщения, адреса электронной почты почтового сообщения, идентификатор интернет-ресурса, дата и время начала и окончания изменений данных на интернет-ресурсе с учетом временных поясов, а также IP-адрес, с которого происходило изменение;

      2) единый формат хранения;

      3) привязку данных ко времени;

      4) неизменность данных;

      5) полноту и достоверность хранимых данных;

      6) возможность интеграции со средствами оперативно-розыскных мероприятий на сетях телекоммуникаций;

      7) автоматизированный доступ, обеспечивающий прием различных видов запросов о пользователях услуг связи и оказанных им услугах связи, выдача информации и системных отчетов по заданным параметрам;

      8) защиту от несанкционированного доступа к данным Системы с помощью программных и технических средств авторизации.

      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.04.2018 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).