Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 324 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 45-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен
толықтырылсын:
«Заңды тұлғаны қайта құру оған қатысты қылмыстық іс қозғалған кезден бастап және соңғы іс жүргізу шешімі қабылданғанға дейін тоқтатылады.»;
2) 49-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Заңды тұлғаны оған қатысты қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап және соңғы іс жүргізу шешімі қабылданғанға дейін таратуға болмайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Заңды тұлғаны заңды күшіне енген сот үкімінің негізінде таратуға болмайды.»;
3) 51-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Заңды тұлғаның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің негізінде мемлекет кірісіне өндіріледі.».
2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж, № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 жылғы 21 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың бірінші бөлігінде «айыпты қоғамдық қауіпті әрекет» деген сөздер «жеке тұлғаның айыпты қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) немесе заңды тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Заңды тұлғалар жасаған қылмыс санаттары жеке тұлғаның заңды тұлғаның пайдасына немесе мүддесінде жасаған қылмыстар санаттарына сәйкес келеді.»;
3) 11-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Осы Кодекстің қылмыстың әлденеше рет қайталануы туралы ережелері заңды тұлғалардың әрекетіне (іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) қолданылмайды.
Жеке тұлға қылмысты заңды тұлғаның мүддесінде немесе пайдасын әлденеше рет жасаған жағдайда, заңды тұлға осы Кодекстің Ерекше бөлімі бабының қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін жеке тұлғаны жазалауды көздейтін бөлігі бойынша жауапқа тартылады.»;
4) 13-баптың бірінші бөлігінде «адамның» деген сөз «жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті адамдар
1. Қылмыстық жауапқа мыналар тартылуға тиіс:
1) есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке тұлға;
2) заңды тұлға.
2. Қылмыс жасаған жеке тұлғалар тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан заң алдында бірдей.
3. Заңды тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту қылмыстық әрекетті жасаған, ұйымдастырған, азғырған немесе жәрдемдескен айыпты жеке тұлғаны осы қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты жеке тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту заңды тұлғаны осы қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтан босатпайды.»;
6) 15-баптың бірінші бөлігінде «адам» деген сөз «жеке тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы
1. Заңды тұлға осы Кодекстің Ерекше бөлімінде тікелей көзделген жағдайларда ғана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады.
2. Егер жеке тұлға заңды тұлғаның пайдасына және мүддесінде органның шешімі бойынша, санкциясымен немесе заңды тұлғаның не мыналарға:
а) заңды тұлғаға өкілдік етуге;
б) заңды тұлғаның атынан шешім қабылдауға;
в) заңды тұлғаның қызметін бақылауға құқығы бар жеке тұлғаның басқару функцияларын жүзеге асыратын адамның мақұлдауы бойынша қылмыстық әрекет жасаған жағдайларда ғана, заңды тұлға жеке тұлғаның жасаған қылмыстық әрекеттері үшін жауап береді.
3. Егер осы Кодекстің нормаларында олардың шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға не өзге ұйымдарға қолданылатыны көрсетілмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша олар шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға ғана жатқызылатын және қолданылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
4. Қызметтің жүзеге асырылатын түріне, қызметкерлердің санына және бір жылғы активтердің орташа жылдық құнына байланысты коммерциялық емес ұйым қылмыстық жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты тең дәрежеде қолданылатын жағдайларды қоспағанда, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін көзделген тәртіппен қылмыстық жауапқа тартылады.
Ескертпе:
1. Осы Кодекске қатысты заңды тұлға деп мемлекеттік мекемелер, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктер, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асырып жүрген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйымды түсіну керек.
Осы Кодекске сәйкес заңды тұлғаларға сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (заңды тұлғаны құрусыз құрылымдық бөлімшелер) жатады.
2. Заңды тұлғалар осы Кодекстің 190, 191, 192, 193, 196, 199, 206-209, 213, 214, 222, 233-233-3, 277-279, 281, 282-287, 292, 312-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады.»;
8) 19-бапта:
бірінші бөлікте «адам» деген сөз «жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте «адам» деген сөз «жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 20-баптың және 21-баптың екінші және үшінші бөліктерінде «адам» деген сөз «жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 22-бапта:
«адамның» деген сөз «жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«адам» деген сөз «жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 23-бапта:
бірінші бөлікте «адамның» деген сөз «жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте «адам» деген сөз «жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 24-бапта:
бірінші бөлікте «адамның» деген сөз «жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте «адамға» деген сөз «жеке тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 27-бапта:
екінші абзацта «Екі» деген сөз «1. Екі» деген сөзбен ауыстырылсын, «адамның» деген сөз «жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Осы баптың ережелері заңды тұлғалардың әрекетіне (іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) қолданылмайды.
Жеке тұлғалар заңды тұлғаның пайдасына және мүддесінде қылмыс жасауға бірлесіп қатысқан жағдайда, заңды тұлға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыс жасауға бірлесіп қатысқаны үшін жеке тұлғаларды жазалауды көздейтін бөлігі бойынша жауапқа тартылады.»;
14) 38-баптың бірінші бөлігінде:
«адамға» деген сөз «жеке тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын; «қолданылады» деген сөздің алдынан «, сондай-ақ заңды тұлғаға» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 39-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Жеке тұлғаларға қолданылатын жазаның түрлері»;
бірінші бөлікте «адамдарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Заңды тұлғаларға қолданылатын жазаның түрлері
1. Заңды тұлғаларға мынадай жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) заңды тұлғаны тарату қолданылуы мүмкін.
2. Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және заңды тұлғаны тарату жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.»;
17) 40-бапта:
екінші бөлікте «Айыппұл» деген сөзден кейін «жеке тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте «ретінде» деген сөзден кейін «жеке тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлікте «төлеуден» деген сөзден кейін «жеке тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«5. Айыппұл заңды тұлғаларға жасалған қылмыстың ауырлығы мен келтірілген зиян мөлшерін ескере отырып, айлық есептік көрсеткіштің бес мыңнан бес жүз мыңға дейінгі шегінде тағайындалады.
6. Айыппұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мынадай мөлшерлерде:
а) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бес мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;
б) орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он мыңнан үш жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;
в) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз мыңнан бес жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде тағайындалады.
Заңды тұлғаларды шағын немесе орта, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
18) мынадай мазмұндағы 40-1, 40-2-баптармен толықтырылсын:
«40-1-бап. Заңды тұлғаны белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру
1. Заңды тұлғаны белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру белгілі бір қызметпен айналысуға, оның ішінде белгілі бір мәмілелер жасасуға, акцияларды немесе өзге де құнды қағаздарды шығаруға, субсидия, жеңілдіктер мен мемлекеттен басқа да игіліктер алуға тыйым салудан тұрады.
2. Заңды тұлғаны белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру екі жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
3. Заңды тұлғаны тарату жазалаудың қосымша түрі ретінде осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
40-2-бап. Заңды тұлғаны тарату
1. Заңды тұлғаны тарату ұйым қызметінің толық тоқтатылуынан және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте тиісті рәсімдерді жүзеге асырғаннан кейін барлық мүлікті мемлекет кірісіне өндіруден тұрады.
2. Заңды тұлғаны тарату жазалаудың қосымша түрі ретінде осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.»;
19) 52-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Заңды тұлғаға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Ерекше бөлімінің ережелерін ескере отырып, әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру және жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу үшін қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындай алады.»;
20) 77-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Осы баптың ережелері қылмыс жасағаны үшін сотталған заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Бұрын сотталған жеке тұлға заңды тұлғаның пайдасына және мүддесінде қылмыс жасаған жағдайда, заңды тұлға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бұрын сотталған жеке тұлғаның жауаптылығын көздейтін бөлігі бойынша жауапқа тартылады.»;
21) 190-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - жеті жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
22) 191-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп немесе онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
23) 192-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - алпыс мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жетпіс мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
24) 193-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - алпыс мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жетпіс мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда - мүлкі тәркілеп жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық бес мыңнан жетпіс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
25) 196-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жүзден мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - алпыс мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жетпіс мыңнан жүз отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма бес мыңнан қырық бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық бес мыңнан алпыс бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
26) 199-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан жиырма бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
27) 206-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - екі жүз мыңнан үш жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз жиырма мыңнан жүз жетпіс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - екі жүз елу мыңнан үш жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық бес мыңнан алпыс бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз елу мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - үш жүз мыңнан төрт жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
28) 207-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес жылдан жеті жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салып, бес айдан жеті айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан отыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан отыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық бес мыңнан алпыс бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
29) 208-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып және онсыз жазаланады; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салумен үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып және онсыз немесе сотталған адамның бес жылдан он жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
30) 209-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе мүлкін тәркілеп немесе онсыз сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салып және онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе заңды тұлғаны таратумен жазаланады.»;
31) 213-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - он мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
32) 214-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - жеті жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан жиырма бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан қырық бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
33) 222-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырумен үш жылға бас бостандығынан айыруға бес жүзден мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға жазаланады; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп және онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
34) 233-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
«жеке тұлғалар - төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
«жеке тұлғалар - жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
«жеке тұлғалар - он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
«жеке тұлғалар - он бес жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмірлік бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
35) 233-1-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
«жеке тұлғалар - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
«жеке тұлғалар - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып қырық мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
36) 233-2-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп немесе онсыз алты жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп не онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мыңға айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
37) 233-3-бап-мынадай редакцияда жазылсын:
«233-3-бап. Экстремизмді немесе террористік қызметті
қаржыландыру
1. Экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру -
жеке тұлғалар - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мыңға айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет -
жеке тұлғалар - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; заңды тұлғалар - заңды тұлғаны таратып, қырық мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
38) 277-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
39) 278-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан қырық мың айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз жиырма мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз елу мыңнан үш жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
40) 279-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз жиырма мыңнан үш жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз елу мыңнан үш жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
41) 281-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан елу мыңға айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан тоқсан мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан жетпіс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
42) 282-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан тоқсан мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына немесе алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан жетпіс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
43) 283-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан отыз мыңға айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерде айыппұл салумен үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан тоқсан мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғалар - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
44) 284-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жетпіс мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан жетпіс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жетпіс мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
45) 285-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жетпіс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
46) 286-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жетпіс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - елу мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
47) 287-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не қылмыстық әрекеттер объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлкін тәркілеп не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс мыңнан сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз отыз мыңнан жүз елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкін, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлкін тәркілеп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан алпыс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жетпіс мыңнан тоқсан мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз отыз мыңнан жүз сексен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - сотталған адамның мүлкін, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлкін тәркілеп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жиырма мыңнан жетпіс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жетпіс мыңнан жүз отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - жүз отыз мыңнан екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе заңды тұлғаны таратуға жазаланады.»;
48) 292-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан тоқсан мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - он мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - қырық мыңнан жетпіс мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - сексен мыңнан жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.»;
49) 312-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар немесе коммерциялық емес ұйымдар - он бес мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан отыз бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан он екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар немесе коммерциялық емес ұйымдар - жиырма мыңнан жиырма бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп не онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар немесе коммерциялық емес ұйымдар - жиырма мыңнан жиырма сегіз мыңға айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз бес мыңнан қырық мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан он сегіз мыңға айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар немесе коммерциялық емес ұйымдар - жиырма мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз бес мыңнан қырық бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғалар - мүлкін тәркілеп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - бес мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар немесе коммерциялық емес ұйымдар - жиырма мыңнан отыз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар - отыз бес мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.».
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-І құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат):
1) 7-бапта:
9) тармақтағы «олардың заңды өкілдері» деген сөздерден кейін «, заңды тұлғаның өкілдері» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақтағы «олардың заңды өкілдері» деген сөздерден кейін «, заңды тұлғаның өкілдері» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақпен толықтырылсын:
«21-1) заңды тұлғаның өкілі - меншік иесі, басшысы, сондай-ақ заңға немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қылмыстық процесс жүргізуші органдарда заңды тұлғаның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген заңды тұлғаның органы болып табылатын өзге адам»;
2) 8-баптың екінші бөлігінде «құқықтары мен бостандықтарын» деген сөздерден кейін «ұйымның заңды мүдделерін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 15-баптың екінші бөлігіндегі «құқықтары мен бостандықтарының» деген сөздерінен кейін «, заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 26-бапта:
бірінші бөліктегі «заңды өкілінің» деген сөздерден кейін «және заңды тұлға өкілінің» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «және заңды өкілінің» деген сөздер «, заңды өкілінің және заңды тұлға өкілінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 48-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлға мен жеке тұлға бір оқиға шеңберінде жасаған қылмыстары немесе әр түрлі қылмыстары үшін сезікті болса, айыпталса, онда оларға бір қылмыстық іс шеңберінде айып тағылуы мүмкін.»;
6) 51-баптың төртінші бөлігіндегі «, қорғаушыға» деген сөзден кейін «, заңды тұлғаның өкіліне» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 68-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлға да сезікті болып танылуы мүмкін, қылмыстық процесте оның мүддесін осы баптың жетінші бөлігінде көзделген барлық құқықтарға ие өкілі білдіреді.»;
8) 69-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлға да айыпталушы болып танылуы мүмкін, қылмыстық процесте оның мүддесін осы баптың екінші бөлігінде көзделген барлық құқықтарға ие өкілі білдіреді.»;
9) 72-баптың бірінші бөлігіндегі «олардың заңды өкілдері» деген сөздерден кейін «, заңды тұлғаның өкілі» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 117-баптың бірінші бөлігінің 3-тармағындағы «адамның» деген сөз «жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 207-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағы «заңды тұлға үшін - атауы, күні, айы, жылы және оны тіркеу орны, оның мекен-жайы және іс үшін маңызы бар басқа да мәліметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 217-баптың бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Заңды тұлғаның өкілінен жауап алмас бұрын тергеуші айыпты өзінің толық немесе ішінара мойындайтынын, не айыпты жоққа шығаратынын анықтайды.»;
13) 280-бапта:
екінші бөлікте «қылмыстық іске» деген сөздердің алдынан «жеке тұлғаға қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Заңды тұлғаға қатысты қылмыстық іске оның құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, статистикалық карточкасы және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, сондай-ақ оның өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі және сенімхат тіркелуі тиіс.»;
14) 315-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші және үшінші сөйлемдердегі «сотталушының» деген сөзден кейін «, сотталушы болып табылатын заңды тұлға өкілінің» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші сөйлемдегі «оған» деген сөз «сотталушыға» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «сотталушы» деген сөздің алдынан «, Сотталушы болып табылатын заңды тұлғаның өкілін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 346-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Заңды тұлғаның өкіліне оның алдын-ала тергеу немесе анықтау кезінде кінәсін мойындауға (толық немесе ішінара), мойындамауға байланысты емес екені түсіндірілуі тиіс.»;
16) 371-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағында «сотталушы» деген сөзден кейін «(жеке тұлға)» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 378-баптың 4) тармағындағы «үкім» деген сөздің алдынан «қылмыстық жауапқа тартылатын заңды тұлға үшін - атауы, күні, айы, жылы және оны тіркеу орны, оның мекен-жайы мен іс үшін маңызы бар басқа да мәліметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 380-бапта:
380-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағындағы «сотталушының» деген сөзден кейін «жеке тұлғаның» деген сөздермен, «әкесінің аты» деген сөзден кейін «немесе сотталушы болып табылатын заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің 2) тармағындағы «сотталушының» деген сөзден кейін «(жеке тұлғаның)» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 382-баптың 1) тармағындағы «сотталушының» деген сөзден кейін «жеке тұлғаның» деген сөздермен, «әкесінің аты» деген сөзден кейін «немесе сотталушы болып табылатын заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің 2) тармағындағы «сотталушыны» деген сөзден кейін «(жеке тұлғаны)» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 386-бапта:
бірінші бөліктегі «Үкім» деген сөз «1. Үкім» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Заңды тұлғаға қатысты ақтау үкімі қабылданған жағдайда оның көшірмесі заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына тыйым салуды немесе заңды тұлғаның осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге байланысты құқықтарын шектеуді алып тастау мақсатында заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын органға жіберіледі.»;
21) мынадай мазмұндағы 52-1-тараумен толықтырылсын:
«52-1-тарау. Заңды тұлғаларға қатысты істер бойынша іс жүргізу
ерекшеліктері
495-1-бап. Заңды тұлғалардың қылмыстары туралы істер бойынша іс
жүргізу тәртібі
1. Осы тараудың ережелері заңды тұлғаларға қатысты істер бойынша қолданылады.
2. Заңды тұлғалардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы Кодексте белгіленген жалпы ережелермен, сондай-ақ осы Тарауда көзделген ерекшеліктермен анықталады.
495-2-бап. Заңды тұлғаны қылмыстық қудалау
1. Заңды тұлғаны жауапқа тартқан жағдайда қылмыстық қудалау оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғаның өкілі қылмыстық жауапқа тартылатын заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады.
495-3-бап. Тергеушінің заңды тұлғаны қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезіндегі әрекеттері.
Заңды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда тергеуші үш тәулік ішінде заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын органға қайта ұйымдастыру немесе тарату рәсімдерін тоқтату туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Алдын ала тергеу барысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда заңды тұлғаны ұйымдастыруға немесе таратуға тыйым салуды алып тастау мақсатында тергеуші үш күн ішінде заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын органға тиісті қаулының көшірмесін жолдауға міндетті.
495-4-бап. Қылмыстық жауапқа тартылатын заңды тұлғаның өкілі
1. Заңды тұлғаның меншік иесі, басшысы, сондай-ақ заңға немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның органы болып табылатын өзге де адам оның өкілі болып табылады.
2. Заңды тұлғаның өкілі қайтыс болған, сырқаттанған, жұмыстан босатылған, заңды тұлғаның немесе оның өкілінің мүдделері арасында қарама-қайшылықтар пайда болған, қылмыстық процесті жүргізуші органға орынсыз себептермен келмей қалған, сондай-ақ өкіл өз-өзіне қарсы болған жағдайларда заңды тұлғаны оны ауыстыра алатын бір ғана өкілі қылмыстық жауапқа тартылатын заңды тұлғаның мүдделерін білдіре алады.
3. Заңды тұлғаның өкілі қылмыстық процеске оған берілген сенімхат негізінде қатысады және қылмыстық процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша толық көлемде құқықпен қамтамасыз етіледі, қылмыстық жауапқа тартылатын заңды тұлғаның мүддесін білдіреді.
4. Заңды тұлғаның өкілі іс жүргізуінде қылмыстық іс бар қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, ол осы Кодекстің 156-бабының екінші бөлігіне сәйкес іс жүргізуге мәжбүр ету шарасына тартылуы мүмкін.
4. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 жылғы 21 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 23-бапта:
бірінші бөлікте «жасырушы сотталушы» деген сөз «жасырушы сотталушы жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын, «жасырушы» деген сөз өзгеріссіз қалдырылады;
екінші бөлікте «сотталғандар» деген сөзден кейін «жеке тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 24-бап мынадай мазмұнында алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Заңды тұлғаға белгіленген белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 25-баптың бірінші бөлігінің екінші сөйлемінде:
«талаптары» деген сөзден кейін «сотталған заңды тұлғаның және» деген сөздерімен толықтырылсын;
«сотталушының» деген сөзден кейін «жеке тұлғаның» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 26-баптың бірінші бөлігінде «сотталғандарды» деген сөз «сотталған жеке тұлғаны немесе заңды тұлғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 28-бапта:
«Сотталушы» деген сөз «белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталған заңды тұлға, сондай-ақ сотталған жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сотталғандар» деген сөзден кейін «сонымен қатар сотталған жеке тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Сотталған заңды тұлғаның өкілі немесе сотталған жеке тұлға инспекцияға келуден қасақана жалтарған жағдайда олар күштеп әкелуге тартылуы мүмкін.»;
6) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
«5-1-тарау. Заңды тұлғаны тарату түріндегі жазаны орындау
29-1-бап. Заңды тұлғаны тарату түріндегі жазаны орындау тәртібі
1. Заңды тұлғаны тарату туралы үкімді қабылдаған сот үкім заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы мен үкімнің көшірмесін сотпен анықталған органға жолдап, ол жөнінде заңды тұлғаға хабарлайды.
2. Заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде заңды тұлғаның тарату азаматтық заңнамада белгіленген тәртіпте сотпен анықталған органмен жүргізіледі.
3. Сотпен анықталған орган заңды тұлғаны тарату үшін үкім қабылдаған сотқа заңды тұлғалардың мемлекеттік тізбесіне ол жөнінде жазба енгізген күннен бастап бес күн ішінде тиісті хабарлама жіберуге міндетті.
4. Заңды тұлғаларды тіркейтін орган заңды тұлғалардың таратылуы туралы шешімді алғаннан кейін, заңнамада көзделген тарату тәртібін тексереді және он күннің ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді, ол туралы мемлекеттік статистикалық органдарына хабарланады.».
5. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2010 жылғы 6 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-1-бабы 1-бөлігі 7) тармағының 1) тармақшасында «лауазымды тұлғаларын» деген сөзден кейін «қылмыстық және» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) заңды күшіне енген сот үкімі негізінде шаруашылық серіктестіктерімен қылмыс жасалған жағдайда;»;
2-тармағының бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Шаруашылық серіктестігі қылмыстық іс қозғалған кезден бастап соңғы процессуалдық шешім қабылданғанға дейін тоқтатылады.».
6. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат):
1) 61-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру қылмыстық іс қозғалған кезден бастап процессуалдық шешім қабылданғанға дейін тоқтатылады.»;
2) 68-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды күшіне енген сот үкімі негізінде таратылуы мүмкін.»;
3) 69-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
«4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қылмыс жасауда айыпты деп тану туралы заңды күшіне енген сот үкімі.».
7. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 жылғы 6 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабы 1-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайда, коммерциялық емес ұйымдардың қайта құрылуы тоқтатылады.»;
2) 26-баптың 1-тармақшасында «мәжбүрлеп (сот шешімі бойынша)» деген сөздер «мәжбүрлеп (сот шешімі немесе үкімі бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 жылғы 6 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 23 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 22 сәуірдегі «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақпен толықтырылсын:
«мемлекеттік сатып алуды жүргізу алдында заңды тұлғаға бір жыл бойы сот тәртібінде қылмыстық жаза тағайындалды.».
2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті