Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексінің қолданысқа енгізілу уақыты
және жалпы өтпелі ережелер
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі осы Заңның 2-13-баптарында көзделген ережелерді ескере отырып, оның күшіне енген күнінен бастап туындайтын құқықтар мен міндеттерге қолданылады.
2-бап. Көлік, ветеринарлық, санитарлық-карантиндік және
кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль
өткізу пункттерінде өсімдіктер карантині бойынша
бақылаумен байланысты өтпелі ережелер
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 17), 19) тармақшаларының, 192-баптың 4-9 тармақтарының қолданысы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
3-бап. Кеден өкілі мен кедендік баждар мен салықтарды
төлеушінің кедендік баждар мен салықтарды төлеу
бойынша ортақ міндеттердің туындауына байланысты
өтпелі ережелер
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабының 7) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
4-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында
тауарлармен өзара сауда статистикасы
1. Кеден органдары 2011 жылғы 1 шілдеге дейін кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында тауарлармен өзара сауда туралы статистикалық есептілік жинауды жүзеге асырады.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында тауарлармен өзара сауда туралы статистикалық есептілікті заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына (аумағынан) әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер аумақтық кеден органдарына ай сайын ұсынады.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында тауарлармен өзара сауда-саттықтағы статистикалық есептілік нысаны, оны толтыру және ұсыну тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер ұсынылған мәліметтердің шындыққа сәйкестігі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
5. Осы бап 2011 жылғы 1 шілдеден бастап өз күшін жояды.
5-бап. Кеден ісі саласында қызметтерін жүзеге асыратын
тұлғаларға қатысты өтпелі ереже
1. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін құрылған кедендік брокерлер, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары және бажсыз сауда дүкендер иелері кеден саласындағы өз қызметтерін «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай бойы жүзеге асыруға құқылы.
2. Кеден ісі саласында кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймалары мен бажсыз сауда дүкендерінің иелері қызметтерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тұлғалар осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мерзім біткеннен кейін тиісті лицензиялардың түпнұсқаларын орталық кеден органына қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
3. Кедендік брокерлер осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мерзімге кеден өкілдері болып танылады.
4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін құрылған кедендік тасымалдаушылар кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды кеден одағының кедендік аумағында кеден одағының кедендік заңнамасында белгіленген жағдайларда және шарттармен, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 33-бабына сәйкес өз мәртебесін растамастан «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай бойы жүзеге асыруға құқылы.
5. Ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тізіліміне енгізілген, оларға қатысты кедендік ресімдеудің арнаулы жеңілдетілген рәсімдері белгіленген тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін осындай тұлғалар үшін анықталған жеңілдіктердің көлемінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 69-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнаулы жеңілдіктерді «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай бойы пайдаланады.
6-бап. Кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері
туралы өтпелі ережелер
1. Тауарға декларацияны кеден одағының кедендік аумағындағы кез келген кеден органына тапсыруға жол беретін кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарты күшіне енгенге дейін:
тауарға декларация, оның заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не аумағында тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға тұрақты түрде тұратын кеден одағына қатысушы мемлекеттің кеден органына тапсырылады;
кеден одағына қатысушы мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, өзге де ресми өкілдіктері мен халықаралық ұйымдары тауарға декларацияны, аумағында өздері тұрған кеден одағына қатысушы мемлекеттің кеден органына тапсырады.
2. Кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға осы Кодекс күшіне енетін күнге осы тармақтың екінші бөлігін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-тарауының ережесі қолданылады.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енетін күнге уақытша сақтауда тұрған тауарлардың уақытша сақталу мерзімі, мұндай сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарларды уақытша сақтауға орналастырған күннен бастап есептеледі.
3. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енетін күнге кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты декларация, мұндай сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарларды уақытша сақтауға орналастырған күннен бастап есептелетін уақытша сақталу мерзімі біткенге дейін тапсырылған болуы тиіс.
4. Кедендік декларациясын кеден органы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін қабылдаған (тіркеген) тауарлар, кеден органы осы декларацияны қабылдаған (тіркеген) күнгі кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен мәлімделген кедендік режимге орналастыруға жатады.
7-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдаудың
ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер
1. Транзиттік декларациясын (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты) кеден органы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін қабылдаған (тіркеген) тауарларға қатысты кедендік транзитке рұқсат беру (тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу) жүзеге асырылады, ал кеден одағының кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдау мұндай транзиттік декларацияны (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты) кеден органы қабылдаған (тіркеген) күнгі кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады және аяқталады.
2. Кеден органы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін оларға қатысты кедендік транзитке рұқсат берген (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ресімделген) тауарларды кеден одағының кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдау кедендік транзитке рұқсат берілген (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ресімделген) күнгі кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады және аяқталады.
8-бап. Тауарлардың мәртебесі мен кедендік рәсімдер
туралы өтпелі ережелер
1. Кеден одағының кедендік аумағында орналасып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін кедендік режимдермен орналастырылған тауарлардың еркін айналыс үшін шығарылуы, кері импорты және мемлекет пайдасына бас тарту «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күннен бастап ішкі тұтыну үшін шығару, кері импорт және мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімдеріне сәйкес орналастырылды деп танылады және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында орналасқан кедендік мақсат үшін «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күніне кедендік мақсаттар үшін қазақстандық тауарлар мәртебесін иеленген тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылады.
3. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін тауарларды кедендік экспорттау режимінде орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күннен бастап кедендік экспорттау рәсіміне орналастырылды деп танылады және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейінгі кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу, еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу және кедендік аумақтан тыс аумақта тауарларды қайта өңдеу кедендік режимдеріне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күннен бастап, кедендік аумақта қайта өңдеу, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне сәйкес орналастырылды деп танылады, сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін, осындай тауарларды қайта өңдеу операцияларының нәтижесінде алынған тауарларға қатысты осы баптың екінші және үшінші бөлімін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген кедендік рәсімдер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің баптарында анықталған мерзімдер шегінде тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту мүмкіндігі есебінен сәйкес кедендік режимдерге тауарларды орналастыруда белгіленген мерзімдердің өтуіне дейін әрекет етеді.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің бірінің аумағынан екінші бір кеден одағына қатысушы-мемлекеттің аумағына әкелінген немесе кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің бірінің аумағынан екінші бір кеден одағына қатысушы-мемлекеттің аумағынан әкетілген, қазақстандық тауарлар мәртебесін иеленген тауарларға қолданылған осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген кедендік рәсімдер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күннен бастап, өз әрекетін тоқтатады. Осындай кедендік режимдерге орналастырылған тауарлар және осындай тауарларды қайта өңдеу операцияларының нәтижесінде алынған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күннен бастап кеден одағының тауарлары болып танылады.
5. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күннен бастап экспорттың кедендік рәсімдеріне сәйкес әкетуге арналған тауарларды қоспағанда, кеден қоймасының кедендік рәсімдеріне орналастырылды деп танылады және оларға қатысты осы баптың екінші және үшінші бөлімдерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
Экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес әкетуге арналған, кедендік қойманың кедендік режиміне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кедендік қоймаларда сақталады.
Кеден қоймасының кедендік рәсімдері «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған мерзімдер шегінде оларды ұзарту есебінен, кеден қоймасының кедендік рәсімдерінде тауарларды орналастыруда анықталған сақтау мерзімдері өткенге дейін әрекет етеді.
6. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейінгі Қазақстан Республикасындағы көлік құралдарының уақытша әкелінуі және көлік құралдарының уақытша әкетілуі кедендік режимдеріне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күннен бастап уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдеріне сәйкес орналастырылды деп танылады және оларға қатысты осы баптың екінші және үшінші бөлімдерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған мерзімдер шегінде оларды ұзарту мүмкіндігі есебінен уақытша әкелудің кедендік режимінде тауарларды орналастыруда анықталған уақытша әкелу мерзімі өткенге дейін әрекет етеді.
Уақытша әкетудің кедендік рәсімі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес оларды ұзарту мүмкіндігін ескере отырып, уақытша әкету кедендік режиміне тауарларды орналастыруда анықталған уақытша әкету мерзімі өткенге дейін әрекет етеді.
7. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасындағы тауарлардың кері экспорты кедендік режимінде орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күннен бастап кедендік кері экспорт кедендік рәсімге сәйкес орналастырылған болып есептеледі және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне сәйкес тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдерін әкету мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін кедендік режимдерге орналастырылған тауарлардың кері экспортының кедендік рәсіміне «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күннен бастап орналастырылған болып саналады.
8. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейінгі тауарлар мен бажсыз сауда дүкенін жою кедендік режимдеріне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгеннен кейін кедендік рәсімдерге сәйкес жою немесе бажсыз сауданың кедендік рәсімдеріне сәйкес орналастырылған болып есептеледі және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
9. Осы баптың ережесі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгеннен кейін осы Заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік режимдермен орналастырылған тауарларға қолданылады.
9-бап. Көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды
жасаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер
1. Шет мемлекеттерде тіркелген, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін мұндай көлік құралдарымен жолаушылар мен тауарлардың халықаралық тасымалдауын жүзеге асыру кезінде кеден одағының кедендік аумағына әкелінген көлік құралдары, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енген күнінен бастап халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары болып танылады және оларға «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 55-тарауының және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
2. Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі күшіне енгенге дейін мұндай көлік құралдарымен жолаушылар мен тауарлардың халықаралық тасымалдауын жүзеге асыру кезінде кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген көлік құралдары «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі күшіне енген күнінен бастап халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары болып танылады және оларға «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 55-тарауының және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
10-бап. Жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық
сектор) саласында туындаған құқық қатынастары
жөніндегі өтпелі ережелер
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енгенге дейін жер қойнауын пайдалану саласында (отын-энергетикалық сектор) туындаған және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын құқық қатынастарына оларға сәйкес тиісті келісімшарттар әрекет ететін Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы, ал олармен реттелмеген бөлігінде - «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің ережелері қолданылады.
11-бап. Қазақстан Республикасы аумағына (аумағынан)
тауарларды әкелу (әкету) туралы өтпелі ережелер
1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекет басшыларының деңгейіндегі Мемлекетаралық кеңесінің (кеден одағының жоғарғы органы) осы баптың қолданылуын тоқтату туралы шешімін қабылдағанға дейін, кеден одағына қатысушы мемлекеттерден шыққан және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында ішкі тұтыну үшін шығару, кері импорт және мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімдеріне сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасының аумағынан Беларусь Республикасының және (немесе) Ресей Федерациясының аумағына әкетілген және (немесе) Беларусь Республикасының және (немесе) Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар осы Кодекспен белгіленген тәртіппен кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар кеден мақсаттары үшін шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
12-бап. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері
туралы» Қазақстан Республикасының Заңын
қолданысқа енгізілуіне байланысты өтпелі
ережелер
1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының тиісті нормасы қолданысқа енгізілгеннен бастап үш жыл және алты ай өткенге дейін:
1) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің бүкіл мәтіні бойынша «салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі», «салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірлері», «салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін», «салық органының сәйкестендіру нөмірі», «сыртқы экономикалық қызмет қатысушысының сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі», «салық төлеушінің тіркеу нөмірлерін», «салық төлеушінің тіркеу нөмірін», «салық органының тіркеу нөмірі», «сыртқы экономикалық қызмет қатысушысының тіркеу нөмірі» деп есептелсін;
2) Тоқтатыла тұру кезеңінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар бюджетке кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша төлем құжаттарын қабылдау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымына (қалыптастыру алгоритмі) және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көрсетілуінің дұрыстығын бақылап отыруға міндетті деп белгілеп «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 162-бабы 1) тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.
13-бап. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің
кейбір ережелерінің күші жойылды деп тану
туралы
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 19-баптың 12-1) тармақшасы мен 27-баптың 2-тармақшасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден Кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті