Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 97 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесінде:
14-тармақта:
11) тармақшадағы «мөрі).» деген сөз «мөрі);» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) осы Ережеге 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы (лизинг алушы) жобасының қысқаша сипаттамасы.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ережеге 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 мамырдағы
№ 426 қаулысына
қосымша
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта
өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі
және айналым қаражатын толықтыруға
қаржы институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды қаржыландыру
ережесіне
4-1-қосымша
Қарыз алушы (лизинг алушы) жобасының
қысқаша сипаттамасы*
1. Қарыз алушының (лизинг алушының) атауы ___________________________
_____________________________________________________________________
2. Кредиттің (қарыздың, лизингтің) сомасы ___________________________
3. Кредит беру (лизинг) мерзімі _____________________________________
4. Сыйақы ставкасы __________________________________________________
5. Жобаның мақсаты __________________________________________________
_____________________________________________________________________
Р/с |
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы шикізатының, жабдықтарының және т.б. атауы |
Бағасы |
Саны |
Сомасы |
Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________________ (Т.А.Ә.)
(лауазымы) (қолы)
М.О. (күні)
_________________________________________________ туралы мәліметтер**
(кәсіпорынның атауы)
растаймын:__________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)
(қолы)
Ескертпе:
* Әрбір қарыз алушы (лизинг алушы) бойынша жеке толтырылады
** Мәліметтер қаржы институты немесе қарыз алушыға (лизинг алушыға) қызмет көрсетілетін оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады