Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 97 Қаулысы.

      "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 97 қаулысымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі
бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты
іс-шараларды қаржыландыру ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражаттарын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары өндірістік мақсаттар (қайта өңдеу) үшін өздерінің негізгі және айналым қаражатын толықтыруға алған кредиттері мен лизинг бойынша сыйақы ставкасын төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге қаржы институттарына 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарлама (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша республикалық бюджеттен субсидиялар беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорны - меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, балық және балық өнімдерімен және/немесе тамақ өнімін өңдеумен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілері;

      ауыл шаруашылығы өнімі - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикізаты мен өнімі, оның ішінде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер;

      бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      қаржы институттары - екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;

      қарыз алушы (лизинг алушы) - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны;

      айналым қаражаты - белгілі бір өнім партиясын шығаруға арналған өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін ауыл шаруашылығы шикізаты, негізгі және қосалқы материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, негізгі қорларды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, отын, арзан құнды және тез тозатын заттар, мүкәммал, құралдар, сондай-ақ олардың құнына байланыссыз арнайы құралдар мен тетіктер;

      негізгі қаражат - ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру бойынша технологиялық құралдар, сондай-ақ жабдықтарға арналған құрамдауыш бұйымдар мен қосалқы бөлшектер;

      уәкілетті орган - қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;

      айқындау - бюджеттік бағдарламаның қаржы институттарын іріктеу және олардың арасында бағдарламада көзделген бюджеттік субсидияларды бөлу.

      3. Республикалық бюджеттен субсидиялар бір қарыз алушының (лизинг алушының) негізгі құралдарды сатып алуға субсидия алуға ұсынатын кредиттерінің (қарыздарының) жалпы сомасы 1500000000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден, айналым қаражатын толықтыруға 1000000000 (бір миллиард) теңгеден, бұрын берілген шығындарды қайта қаржыландыруға 1500000000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын шартта меншікті және/немесе тартылған қаражаты есебінен қаржы институттары беретін кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақы ставкасының 80 (сексен) пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі, бұл ретте шекті пайыздық ставка жылдық 20 %-дан (жиырма пайыздан) аспауы тиіс.

      Субсидиялар алу мерзімінде қаржы институттарының кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақы ставкасын жоғары өзгеруіне рұқсат етілмейді.

      4. Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына дейін қаржы институты мен қарыз алушы (лизинг алушының) арасында жасалған кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде кредитті (қарызды) пайдаланудың нақты мерзімі үшін жасалады.

      Қарыз алушы (лизинг алушы) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан кейін алған кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау кредит (қарыз, лизинг) берген күннен бастап он екі ай бұрын және/немесе қаржы лизингінің шарты бойынша жабдық лизингке берілген күннен бастап жүргізіледі.

      Шетелдік валютадағы кредит (қарыз, лизинг) сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит (қарыз, лизинг) берілетін күнгі қолданыстағы ресми бағамына сәйкес осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген сомаларға баламалы болуы тиіс.

      Бұл ретте қаржы институты шетелдік валютада берген кредит (қарыз, лизинг) бойынша субсидиялар қаржы институттарына айқындау жүргізу күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша есептеледі.

      Субсидиялар мерзімі өткен несие берешегі бойынша есептелген және төленген пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге берілмейді.

      5. Республикалық бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына берілетін сыйақы ставкасын субсидиялау:

      1) дайын өнімді қайта өңдеу және өндіру, атап айтқанда, етті қайта өңдеу, құс етін және жұмыртқа өндіру; сүтті қайта өңдеу; жемістерді, жидектерді, кекөністерді қайта өңдеу және жеміс-көкөніс консервілерін, балалар тағамын өндіру; былғары шикізатын және жүнді қайта өңдеу; дәнді дақылдарды қайта өңдеу; шитті мақтаны қайта өңдеу; балық және балық өнімдерін қайта өңдеу; нан және нан-тоқаш өнімдерін, май-тоң май өнімдерін, құрама жемді, ақ қантты, кондитерлік өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға арналған кредиттер (қарыздар) бойынша;

      2) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру бойынша технологиялық құралдар, сондай-ақ жабдықтарға арналған құрамдауыш бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға арналған кредиттер (лизинг) бойынша жүргізіледі;

      3) бұрынғы шығындарды қайта қаржыландыруға арналған кредиттер бойынша жүргізіледі, бұл ретте бұрын берілген қаражаттың мақсаты 5-тармақтың 1), 2) тармақшаларына сәйкес болуы тиіс.

2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға республикалық
бюджеттен қаражат беру тәртібі

      6. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі құрамында комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болмайды.

      7. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржы институттарын айқындау бойынша комиссияның бірінші отырысы өтетін күн тиісті қаржы жылының 2 сәуірі айқындалды. Тиісті қаржы жылында көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген жағдайда, комиссияның қайта отырысы тиісті қаржы жылғы 2 шілде және 1 қазан күндері болады.

      8. Комиссия хатшысы нөмірлеуі, тігуі және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мөрімен бекітуі тиіс арнайы журналда қаржы институттарының өтініштерін тіркейді.

      9. Қаржы институты осы Ереженің қағидаларын түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен, бірақ өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей жүгінуге құқылы. Бағдарламаның әкімшісі сұрау салуды тіркеген сәттен бастап үш күн мерзімде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен келіп түскенін көрсетпей, осындай түсіндіруді бағдарламаның әкімшісі осы Ережеге сәйкес шақыру жіберген барлық қаржы институттарына хабарлайды.

      10. Бағдарламаның әкімшісі бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржы институттарын айқындауды мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:

      1) қарыз алушының (лизинг алушының) және жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын қарыз алушыларда (лизинг алушыларда) өтінімдердің қалыптасқан портфелінің болуы;

      2) қаржы институтының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарымен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы;

      3) үш айдан асып кеткен салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы.

      11. Қаржы институттары қарыз алушыларға (лизинг алушыларға) қойылатын мынадай талаптарды негізге ала отырып, оларды дербес анықтайды:

      Қазақстан Республикасының резиденті;

      үш айдан асып кеткен салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін шикізатты қоспағанда, отандық тауар өндірушіден өндірістік мақсаттар үшін қажетті ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу.

      12. Ауыл шаруашылығы шикізатын ауылдық тауар өндірушілер кооперативтерінен сатып алатын қарыз алушылар басым құқықты пайдаланады.

      Осы Ереженің 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу комиссия үшін қаржы институтының өтінімдер портфелінен қарыз алушыны алып тастауына негіз болып табылады.

      13. Айқындауға қатысуға ниет білдірген қаржы институттары, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында тиісінше көрсетілген кредиттік ресурстарды ұсынудың әрбір мерзімі және кредиттің мақсатты бағыты бойынша өтінімді ұсынады. Өтінімге қаржы институтының басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлға қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс.

      14. Өтінімге оның ажыралмас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны (қаржы институтын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      2) банктік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (лизингтік компаниялардан басқа);

      3) салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы, анықтамаға осы салық органының мөрімен бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған конверттерді ашу күнінің алдындағы екі айдан аспайтын күн қойылуы тиіс;

      4) қаржы институтының төлем қабілеті бар екенін, таратуға жатпайтындығын, оның мүлкіне тыйым салынбағанын, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмағанын растайтын қаржы институтының анықтамасы;

      5) қаржы институты мен қарыз алушы (лизинг алушы) арасында жасалған қаржы институты куәландырған кредиттік және/немесе алдын ала шарттың көшірмесі (қарыздың, қаржы лизингінің) кредитті (қарызды, лизингті) өтеу және ол бойынша пайыздарды төлеу кестесін қоса;

      6) қаржы институты куәландырған ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алу шартының көшірмесі (өзі өндірген шикізатты қолданған жағдайда, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі туралы анықтаманы қоса беру керек) немесе қаржы институтымен жасалған кредитті (қарызды) мақсатты қолдануын тексеру актісі;

      7) қарыз алушының (лизинг алушының) кредит алу туралы несие шотынан үзінді көшірме немесе қарыз, лизинг затын алғанын растайтын құжат;

      8) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының (лизинг алушының) қысқаша сипаттамасы;

      9) осы Ережеге 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша осы Ереженің 4-тармағына сәйкес әр қарыз алушы (лизинг алушы) бойынша кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақы есебі;

      10) салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар екендігі туралы әр қарыз алушы (лизинг алушы) бойынша тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының көшірмесі, анықтамаға осы салық органының мөрімен бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын күн қойылуы тиіс;

      11) егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда, өтінімге қол қою құқығына сенімхат.

      Қарыз алушының (лизинг алушының) қысқаша сипаттамасы мен жобаның қысқаша сипаттамасына қарыз алушының (лизинг алушының) бірінші басшысының қолы қойылады және оның мөрімен куәландырылады. Мәліметтерді қарыз алушыға (лизинг алушыға) қызмет көрсететін қаржы институтының филиалы растайды (қаржы институты филиалының бірінші басшысының қолы жәнемөрі);

      12) осы Ережеге 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы (лизинг алушы) жобасының қысқаша сипаттамасы.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.17 № 426 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      15. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігіліп, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің арт жағына жіптің ұшына "__ парақ тігілген және нөмірленген. Күні 20__ жыл "__" _____" деген сөздер жазылған қағаз жапсырылып, лауазымды тұлғаның қолы қойылуы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген, жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және қаржы институтына қайтарады. Қаржы институты бір өтінімнен көп өтінім берген жағдайда барлық етінімдер ретімен нөмірленуге жатады.

      16. Қаржы институты бір уақытта бірнеше мақсатты бағыттар бойынша өтінімдер ұсынған жағдайда, қаржы институты басқа өтінімдерге көрсетілген құжаттардың №__ өтінімге салынғандығы туралы қаржы институтының анықтамасын қоса бере отырып, өтініштердің бірінде осы Ереженің 14-тармағының 1), 2), 3), 4), және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса беруге құқылы.

      17. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша конверттерді ашқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.

      18. Өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі комиссия отырысы өткізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде комиссия жеке отырысында өтінімдер берген қаржы институттарының анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы мәселені шешеді.

      19. Қаржы институты осы Ереженің 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда комиссия осы қаржы институтының анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдайды және қаржы институты өтінімдерінің толықтығы мен осы Ереже талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.

      20. Қаржы институтының анықтауға қатысуына рұқсат беру және олардың арасында субсидиялар сомасын бөлу туралы комиссия шешімі шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.

      Хаттамада қаржы институтының атауы, орналасқан жері және деректемелері, қаржы институтына субсидиялар көлемі, қарыз алушылардың (лизинг алушылардың) тізімі, сондай-ақ өтінімдерді кері қайтару себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін қаржы институтының және қарыз алушының (лизинг алушының) атауы көрсетіледі. Комиссия шешімі бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысқан барлық қаржы институттарына жазбаша нысанда хабарланады.

      21. Субсидиялар қаражаты көлемін бөлуді комиссия осы Ереженің 3, 4-қосымшаларында берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы сомасына тікелей барабар сомада жүзеге асырады.

      22. Анықтау жүргізу қорытындылары бойынша комиссия отырысы хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаржы институттары алдын ала кредиттік (қарыз, қаржы лизингі) шарттарға сәйкес қарыз алушыларға кредиттер береді.

      Қаржы институттары қарыз алушыларға кредиттер бергеннен кейін, сондай-ақ анықтау қорытындылары туралы хаттаманың негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институты арасында қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін және өзге де шарттарды көздейтін субсидиялауға арналған шарт жасалады.

      23. Кейіннен қаржы институтының есептік шотына аудару үшін бағдарламаның әкімшісіне қаражат бөлу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Бағдарламаның әкімшісі осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаражатты республикалық бюджеттен қаржы институтының есептік шотына аударуға қаржы институты берген өтінімді және осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті қарайды және оларды қарағаннан кейін осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ведомость және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады.

      24. Қаржы институтына субсидиялар төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.

      25. Кредит (қарыз, лизинг) бойынша субсидияларды әкімші тиісті қаржы жылы ішінде осы Ереженің 4-тармағына сәйкес кезеңде есептелген сыйақы есебімен толық көлемде аванстық төлеммен аударады.

3. Қорытынды ережелер

      26. Қарыз алушы (лизинг алушы) қаржы институтына сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтатқан немесе қарыз алушы (лизинг алушы) кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін кредиттік келісімді бұзған жағдайда қаржы институты бес күнтізбелік күн ішінде бағдарламаның әкімшісін бұл туралы хабардар етуі және субсидиялардың пайдаланылмаған сомасын бюджетке қайтару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Мұндай жағдайда бағдарламаның әкімшісіне көрсетілген жағдайлар басталғаны туралы белгілі болған сәттен бастап субсидиялау тоқтатылады.

      27. Қаржы институттары субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы, субсидиялау ретінде алынған қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.

      28. Кредитті уақтылы және толық қайтару, кредит бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін қарыз алушылар (лизинг алушылар) қаржы институттарының алдында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.

      29. Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы бюджет қаражатының іске асырылуы, мақсатты пайдаланылуы және бюджеттік бағдарлама нәтижелеріне қол жеткізілгені үшін жауапты болады.

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды
қаржыландыру ережесіне
1-қосымша

ӨТІНІМ

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ ж. "__" ___________ №__ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесін қарап,

      ____________________________________________________________________

      (қаржы институтының толық атауы)

      субсидияларды алуға 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.

      Осы өтінімде мыналар бар:

      1. Қатысушы туралы мәліметтер

      Толық атауы ________________________________________________________

      Заңды мекен-жайы ___________________________________________________

      Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық мекен-жайы:

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нөмірі, күні, берілген орны, берген орган)*

      Лицензия, нөмірі, берілген күні және лицензия берген органның атауы*

      ____________________________________________________________________

      Бірінші басшының Т.А.Ә. ____________________________________________

      * нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      2. Іріктеу өткізілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның пруденциалдық нормативтерін сақтау туралы мәліметтер

      Бір қарыз алушыға қауіптің ең жоғары мөлшері ( )

      Өтімділік коэффициенті ( )

      Ашық валюталық ұстанымның лимиттері ( )

      Қаржы институтының негізгі қаражатқа және басқа да қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті ( )

      3. Жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерінің лимиттерін сақтау туралы мәліметтер

      Жарғылық капиталының мөлшері млн. теңге ( )

      Меншікті капиталының мөлшері млн. теңге ( )

      4. Қарыз алушылармен (лизинг алушылармен) жұмыс істеу тәжірибесі туралы мәліметтер

Р/с

Кәсіпорынның атауы

Мекен-жайы, телефоны

Негізгі қызмет түрі

Есептік шот ашылған күн

Кредиттердің саны мен сомасы

Кредиттің пайыздық ставкасының сомасы

Кредиттер, пайыздар бойынша қайтарымдылығы










      5. Қарыз алушылардың (лизинг алушылардың) өтінімдер портфелі туралы мәліметтер

Р/с

Заңды тұлғаның, кәсіпорынның толық атауы

Мекен-жайы

Негізгі қызмет түрі

Кредиттің мақсаты

Кредит сомасы, млн. теңге

Кредитті қолдану мерзімі























      Бірінші басшы ________________________ (Т.А.Ә)

      (қолы)

      М.О. (Күні)

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды
қаржыландыру ережесіне
2-қосымша

Қарыз алушының (лизинг алушының) қысқаша сипаттамасы*

      1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны _____________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Меншік нысаны ____________________________________________________

      3. Заңды, іс жүзіндегі және электрондық мекен-жайлары, телефондары,

      факсы _______________________________________________________________

      4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, берген орган, нөмірі, күні мен

      берілген орны _______________________________________________________

      5. Жарғылық капиталының мөлшері _____________________________________

      6. Құрылтайшылар ____________________________________________________

      7. Банктік деректемелері ____________________________________________

      8. Салықтық есепке алу үшін тіркеу орны, СТН № ______________________

      9. Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары ___________

      _____________________________________________________________________

      10. Негізгі қызмет түрі _____________________________________________

      11. Жылдық айналымы, сомасы _________________________________________

      12. Соңғы есепті күнгі пайдасы немесе шығыны, сомасы ________________

      _____________________________________________________________________

      13. Қызметкерлердің іс жүзіндегі саны _______________________________

      14. Бюджетке төленетін төлемдер, салықтар және басқа да алымдар

      бойынша берешегі (қай түрі бойынша және сомасы) _____________________

      15. Кредиттер бойынша берешегі (кімге және сомасы) __________________

      16. Болжамды өткізу нарықтары және олардың теңгемен сыйымдылығы _____

      _____________________________________________________________________

      17. Пайдаланылатын жабдықтардың негізгі түрлері және олардың

      өнімділігі (ауысымында тонна, литр, дана) ___________________________

      Ауыл шаруашылығы шикізатын негізгі жеткізушілер (алдын ала Шарттар,

      анықтамалар және т. б. қоса берілсін) _______________________________

      _____________________________________________________________________

      (Өзі өндірген шикізатты пайдаланған жағдайда қарыз алушының өзі

      өндірген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі туралы анықтамасы қоса

      берілсін)

      19. Кәсіпорынның өткен 2 жылдағы қызметі туралы ақпарат.

Жылдар

Сатып алынған шикізат

Өндірілген дайын өнім

Қызметкерлердің саны

ақшалай мәнде

заттай мәнде

ақшалай мәнде

заттай мәнде








      Кәсіпорынның бірінші басшысы ____________________________ (Т.А.Ә.)

      (лауазымы) (қолы)

      М.О. (күні)

      __________________________________________ туралы мәліметтер**

      (кәсіпорынның атауы)

      растаймын: _______________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)

      (қолы)

      Ескертпе:

      * Әрбір қарыз алушы (лизинг алушы) бойынша жеке толтырылады

      ** Мәліметтер қаржы институты немесе қарыз алушыға (лизинг алушыға) қызмет көрсетілетін оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды
қаржыландыру ережесіне
3-қосымша

20__ жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы институттары берген
кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақы есептемесі

Айы

20__ жылғы 1 қаңтардағы жағдайда кредит (қарыз, лизинг) бойынша несие берешегінің қалдығы

Кредит (қарыз) бойынша %

Негізгі борышты өтеу сомасы, теңге

20__ жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсан кезеңіндегі сыйақы өтеу сомасы, теңге

Бірінші





Екінші





Үшінші





Төртінші





Бесінші





Алтыншы





Жетінші





Сегізінші





Тоғызыншы





Оныншы





Он бірінші





Он екінші





Барлығы






      Қаржы институты филиалының бірінші басшысы _________________ (Т.А.Ә.)

      Күні М.О.

      Қарыз алушының (лизинг алушының) бірінші басшысы ___________ (Т.А.Ә.)

      Күні М.О.

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды
қаржыландыру ережесіне
4-қосымша

20__ жылғы 1 қаңтардан кейін қаржы институты берген
кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақы есептемесі

Айы

Берілген кредит (қарыз) сомасы, теңге

Кредит (қарыз) бойынша %

Негізгі борышты өтеу сомасы, теңге

Он екі ай үшін есептелген сыйақы сомасы, теңге

Бірінші





Екінші





Үшінші





Төртінші





Бесінші





Алтыншы





Жетінші





Сегізінші





Тоғызыншы





Оныншы





Он бірінші





Он екінші





Барлығы






      Қаржы институты филиалының бірінші басшысы _________________ (Т.А.Ә.)

      Күні М.О.

      Қарыз алушының (лизинг алушының) бірінші басшысы ___________ (Т.А.Ә.)

      Күні М.О.

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта
өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі
және айналым қаражатын толықтыруға
қаржы институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды қаржыландыру
ережесіне
4-1-қосымша

      Ескерту. Ереже 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.17 № 426 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Қарыз алушы (лизинг алушы) жобасының
қысқаша сипаттамасы*

      1. Қарыз алушының (лизинг алушының) атауы ___________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Кредиттің (қарыздың, лизингтің) сомасы ___________________________

      3. Кредит беру (лизинг) мерзімі _____________________________________

      4. Сыйақы ставкасы __________________________________________________

      5. Жобаның мақсаты __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Р/с

Сатып алынатын ауыл шаруашылығы шикізатының, жабдықтарының және т.б. атауы

Бағасы

Саны

Сомасы












      Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________________ (Т.А.Ә.)

      (лауазымы) (қолы)

      М.О. (күні)

      _________________________________________________ туралы мәліметтер**

      (кәсіпорынның атауы)

      растаймын:__________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)

      (қолы)

      Ескертпе:

      * Әрбір қарыз алушы (лизинг алушы) бойынша жеке толтырылады

      ** Мәліметтер қаржы институты немесе қарыз алушыға (лизинг алушыға) қызмет көрсетілетін оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды
қаржыландыру ережесіне
5-қосымша

Қаржы институттары қарыз алушыларға (лизинг алушыларға)
беретін кредиттер (қарыздар, лизинг) бойынша сыйақы ставкасын
субсидиялау үшін республикалық бюджеттен қаражат аударуға
өтінім

      Осымен _______________________________________ қаржы институты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 20__ жылғы "__" _______ №__ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен бағдарламасы 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау" бағдарламасы бойынша ашылған қаржы институтының №__ шотына _____________ кезеңіне _________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

      Қаржы институтының басшысы ___________

      М.О.

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды
қаржыландыру ережесіне
6-қосымша

20__ жылғы __-тоқсандағы кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы
ставкасын іс жүзінде есептеу мен өтеу туралы есеп және
20__ жылғы __-тоқсандағы субсидиялар аударуға арналған өтінім

Р/с

А/ш өнімін қайта өңдеу кәсіпорнының (қарыз алушының, лизинг алушының) атауы

Барлық көзделген субсидиялар, теңге

Есепті кезең барлық аударылған субсидиялар, теңге

Іс жүзінде есептелген субсидиялар, теңге

Ауытқуы (+,-) (+) артық төленгені, (-) кемі

Қарыз алушыға (лизинг алушыға) жүзінде есептелген* сыйақы, теңге

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

4-бағ.-6-бағ. барлығы

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      кестенің жалғасы

Қарыз алушы (лизинг алушы) төлеген сыйақы, теңге

20__ жылғы __-тоқсанына қаржы институтының өтінімі, теңге

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

жалпы сомасы

қарыз алушының (лизинг алушының) өтегені

бюджеттен субсидиялау**

%

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

11

12

13

14

15

16

17

18










      Ескертпе:

      * субсидиялар сомасын есептемегенде

      ** 8-бағ. бойынша ауытқу сомасын ескере отырып

      Қаржы институтының басшысы _________ ___________ қолы

      МО

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды
қаржыландыру ережесіне
7-қосымша

      "Бекітемін"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігінің

      Жауапты хатшысы

      _______________________________

      20__ жылғы "__" _______________

20__ жылғы №__ субсидиялау шартына сәйкес 096 "Ауыл шаруашылығы
өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер,
жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау"
бюджеттік бағдарламасы бойынша кредит (қарыз, лизинг) бойынша
пайыздық сыйақы ставкасын субсидиялау үшін ведомость

Қаржы институтының атауы

Кредит беру шарты

ҚР АШМ субсидияларының іс жүзінде аударылған сомасы

Барлығы қалдық (5-бағ. - 6-бағ.)

кредит сомасы

сыйақы ставкасын өтеудің жылдық сомасы

ҚР АШМ субсидиялайтын жылдық сома

1

2

3

4

5

6








      кестенің жалғасы

Қаржы институтының 20__ жылғы __тоқсанға өтінімі

Субсидиялау

жалпы сомасы

қарыз алушының өтегені

бюджеттен субсидияланғаны

өткен жылдарда есептелгені

қаржы институтының өтінімін ескере отырып есептелген жиыны

аударуға жататыны (12-бағ. - 6-бағ.)

сомасы

сомасы

7

8

9

10

11

12








      Жауапты департамент директорлары (қолы) ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады