Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
13-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды»;
12) тармақшадағы «аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының» деген сөздер «аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы:
«қызметкерлерінің» деген сөзден кейін «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;
«және аумақтық органдардың» деген сөздер «орган мен аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) тармақшадағы «әзірлейді» деген сөзден кейін «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 38-1), 38-2), 38-3), 38-4), 38-5), 38-6), 38-7), 38-8), 38-9), 38-10), 38-11) және 38-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-1) астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
38-2) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астық нарығына қатысушылардағы астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексереді;
38-3) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлейді және бекітеді;
38-4) сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
38-5) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;
38-6) мыналардың:
агент пен отандық астық өндіруші;
агент пен астық экспорттаушы арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
38-7) агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
38-8) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
38-9) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растаулардың нысанын әзірлейді және бекітеді және оларды астық экспорттаушыға береді;
38-10) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
38-11) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы жария шарттардың үлгі нысанын әзірлейді;
38-12) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құрудың, жұмыс істеуінің және таратудың талаптарын, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдемесін алудың тәртібін, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуі тәртібін әзірлейді;»;
48) тармақшадағы «өндірушілерді,» деген сөзден кейін «тұқым өткізушілерді, тұқым сапасын сараптамадан өткізетін зертханаларды,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 48-1), 48-2), 48-3) және 48-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«48-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді;
48-2) мыналарды:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынауды жүргізу әдістемелерін;
тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін бекітеді;
48-3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
48-4) патент беруге арналған қорытындымен қоса, сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді.»;
97) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі;»;
116) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды субсидиялау ережесін;»;
мынадай мазмұндағы 164-1), 164-2) және 164-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«164-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
164-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүргізеді;
164-3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 184), 185), 186), 187) және 188) тармақшалармен толықтырылсын:
«184) тракторларды және олардың базасында жасалған шассилер мен механизмдерді, арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану ережесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
185) Қазақстан Республикасының Үкіметіне нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
186) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;
187) көтермелеудің салалық жүйесін бекітеді;
188) субсидиялар алушы міндеттемесінің нысанын бекітеді.»;
14-тармақта:
мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын жабудың және олардың аумақтарын азайтудың табиғи-ғылыми негіздемелерінің жобаларын әзірлеу тәртібін бекіту;
17-2) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқой (спорттық) балық аулау ережесін бекіту;
17-3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын қатып қалуды болдырмау жөніндегі іс-шаралар өткізу ережесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:
«43-1) балық шаруашылығы суаттарының және (немесе) бекіту бойынша конкурсқа шығарылатын жергілікті мәні бар учаскелердің тізбесін келісу;»;
мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:
«63-1) ауылдық аумақтарды дамыту бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың өңірлік бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларын және жергілікті инвестициялық жобаларды келісу;»;
мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:
«92-1) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізу;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов