Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық нарықтарға тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желісін құрудағы, пайдаланудағы және дамытудағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Ұлттық нарықтарға тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желісін құрудағы, пайдаланудағы және дамытудағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 430 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Ұлттық нарықтарға тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін
ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық
желісін құрудағы, пайдаланудағы және дамытудағы ТМД-ға
қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
Тараптар мемлекеттерінің ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 2007 жылғы 5 қазандағы шешімімен бекітілген ТМД одан әрі дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі, сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 2008 жылғы 14 қарашадағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығын экономикалық дамытудың 2020 жылға дейінге кезеңге арналған стратегиясын орындау жөніндегі экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі ретінде ұлттық нарықтарға тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желісін құрудағы, пайдаланудағы және дамытудағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында,
ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желісін құру әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық процестердің тиімділігін арттыратына, сауда байланыстарын нығайтатынына, тең әрі өзара пайдалы негізде Тараптар мемлекеттерінің өзара электронды іс-қимылының жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізуге жол ашатынына сенімділігін растай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар келіскен әдіснамалық негізде ақпараттық-маркетинтік орталықтардың ұлттық желілерін одан әрі құру, пайдалану және дамыту жөнінде іс-шаралар жүргізу және сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің тауарлары мен қызметтерін олардың ұлттық нарықтарына ілгерілету үшін оларды мемлекетаралық желіге біріктіру осы Келісімнің мақсаты болып табылады.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдер мынадай мағынада болады:
ақпараттық жүйе - дерекқорда орналасқан ақпарат және оның өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдар жиынтығы;
ақпараттық-маркетингтік орталық (АМО) - АМО мемлекетаралық желісінде іске асырылатын ақпараттық жүйелер, ресурстар және технологиялардың базасында электрондық ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету бойынша АМО мемлекетаралық желісі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға;
ақпараттық ресурс - электрондық өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін АМО мемлекетаралық желісі ақпараттық жүйелерінің дерекқорында орналасқан ақпарат жиынтығы;
АМО мемлекетаралық желісі - Тараптар келіскен ережелер мен қағидаттар бойынша АМО мемлекетаралық желісі арқылы өзара іс-қимыл жасайтын және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық тауар өндірушілерінің тауарлары мен қызметтерін олардың нарықтарына ілгерілетуге жәрдемдесетін АМО ұлттық желілерінің жиынтығы;
мемлекетаралық АМО - АМО мемлекетаралық желісінің операторы функцияларын жүзеге асыратын және Тараптар келіскен ережелер мен қағидаттар бойынша АМО ұлттық желілерінің электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
АМО желісінің субъектілері - АМО мемлекетаралық желісі операторларының ақпараттық-коммуникациялық қызметтерін пайдаланатын кәсіпорындар, ұйымдар, азаматтар, билік органдары;
электрондық өзара іс-қимыл - Тараптар келіскен ережелер мен қағидаттар бойынша АМО мемлекетаралық желісіндегі ақпараттық алмасу;
электрондық сауда - ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желіні және электрондық өзара іс-қимыл регламенттерін пайдалана отырып жүзеге асырылатын сауда;
электрондық хабар - ақпараттық-телекоммункациялық желіні пайдаланушы жіберген немесе алған ақпарат.
3-бап
Тараптар АМО ұлттық желісін оларды кейіннен АМО мемлекетаралық желісіне біріктіре отырып жасайды, пайдаланады әрі дамытады және оның негізінде мынадай мақсаттарды шешу үшін электрондық сауданы жүзеге асырады:
ұйымдарды және азаматтарды Тараптар мемлекеттері шығу мемлекеттері болып табылатын тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен жүйелі негізде қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
өндірістік тұтыну саласында өндірушілер мен тұтынушылар арасында, сондай-ақ өндірушілер мен Тараптар мемлекеттерінің өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдары арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
өндірістік тапсырыстарды қалыптастыру, өндірістік кооперацияны дамыту және қаржы қаражаты мен инвестициялардың басқа да түрлерін өндірісті дамыту мен жаңғыртуға тарту үшін жағдайлар жасау;
электрондық сауда құралдарын пайдалана отырып, мәмілелер жасауды қамтамасыз ету;
электрондық өзара іс-қимыл қызметтерін, ақпарат берудің жалпы форматтарын, өзара іс-қимыл процесінде электронды саудаға қатысушылар мен АМО желісінің өзге де субъектілері арасындағы заңды күші бар операцияларды және электронды хабарлармен алмасуды бірізді құжаттандыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік және АМО мемлекетаралық желісіне қатысушы коммерциялық ұйымдардың өзара электрондық іс-қимылы кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тараптар мемлекеттерінде жұмыс істейтін тауарлар мен қызметтерді өндірушілер туралы дерекқор құру;
Тараптар мемлекеттерінің тауарлары мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
4-бап
1. АМО мемлекетаралық желісі:
электрондық ақпараттық ресурстарды құрылымдауға;
ақпараттық жүйелерді құру және олардың электронды өзара іс-қимылын жүзеге асыру үшін электронды сервистің кең ауқымды жиынына негізделеді.
2. АМО мемлекетаралық желісінде АМО ұлттық желілерін құру және олардың электронды өзара іс-қимылын ұйымдастыру кезінде Тараптар мынадай шарттар мен қағидаттарды сақтайды:
АМО мемлекетаралық желісін құру, пайдалану және дамыту жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізу әрбір Тарап мемлекетінің экономикалық және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тең құқықтық және өзара пайдалы принциптер негізінде жүзеге асыру;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құралдарды қоса алғанда, келісілген форматтар мен стандарттар негізіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
негізін қайта құрмай, АМО мемлекетаралық желісінің сабақтастығын, функционалдық мүмкіндіктерін өсіру мен дамытуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық және технологиялық шешімдерді іске асыру;
деректердің сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
деректердің растығын қамтамасыз ету;
деректердің тең түпнұсқалығын және тұтастығын қамтамасыз ету;
ұлттық өндірушілердің мұқтаждарын негізге ала отырып, тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттық ресурстардың қажеттілігі мен жеткіліктілігі шарттарын қамтамасыз ету;
істен шыққаннан кейін АМО мемлекетаралық желісінің жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін құралдарды пайдалану;
ақпараттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін сақтау кезінде электрондық сауданың басқа мемлекетаралық және ұлттық желілерімен электрондық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
5-бап
Осы Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды қаржыландыруды Тараптар ТМД-ның үкіметтері басшылары кеңесінің шешімі бойынша осы мақсаттарға көзделетін ұлттық бюджеттердің, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады.
6-бап
Тізбесін әрбір Тарап айқындайтын және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарландыруды беру кезінде депозитарийге берілетін уәкілетті органдар немесе ұйымдар осы Келісімнің іске асырылуы үшін жауапты болып табылады.
Тараптардың әрқайсысы 30 күн ішінде депозитарийге оның уәкілетті органдар немесе ұйымдар тізбесіндегі өзгерістер туралы жазбаша хабарлайды.
Уәкілетті органдар немесе ұйымдар АМО мемлекетаралық желісін дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, Тараптар мемлекеттерінің тауарлары мен қызметтерін олардың ұлттық нарықтарына ілгерілету үшін АМО ұлттық желісін қолдану және дамыту мәселелері бойынша Тараптар арасында тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.
7-бап
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өз мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
8-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамамен ресімделетін және осы Келісімнің күшіне енуі үшін көзделген тәртіппен күшіне енетін, өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Осы Келісімді қолдану мен түсіндіру кезінде туындайтын Тараптар арасындағы даулы мәселелер консультациялар және мүдделі Тараптардың келіссөздері жолымен шешіледі.
Даулы мәселелерді консультациялар және келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар келісім бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотына немесе басқа рәсімге жүгінеді.
10-бап
Осы Келісім депозитарий оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы үшінші хабарламаны алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
11-бап
Осы Келісім өз күшіне енгеннен кейін депозитарийге қосылу туралы құжатты беру жолымен кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
Тарап мемлекеттері үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
ТМД-ға қатысушы мемлекет болып табылмайтын мемлекеттер үшін осы Келісім депозитарийдің оған қол қойған немесе осындай қосылуға қамтылған мемлекеттердің келісімі туралы соңғы хабарлама алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
12-бап
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады. Әрбір Тарап осы Келісімнен шығуға депозитарийге өзінің осындай ниеті туралы жазбаша хабарламаны шығуға дейін 6 айдан кешіктірмей жібере отырып және осы Келісімнің қолданысы уақытында туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттеп, шығуға құқылы.
_____ жылғы _________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Әзірбайджан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі атынан Үкіметі атынан
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі атынан Үкіметі атынан
Беларусь Республикасының Түрікменстанның
Үкіметі атынан Үкіметі атынан
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкіметі атынан Үкіметі атынан
Өзбекстан Республикасының Украинаның
Үкіметі атынан Үкіметі атынан
Молдова Республикасының
Үкіметі атынан