Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы есептеу тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы есептеу тәртібі туралы келісімге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 438 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын
тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеуді
қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік төлемдер
мен салықтарды төлеудің ерекшеліктері және осындай тауарларға
қатысты өндіріп алынған соманы есептеу тәртібі туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кедендік аумақ және кеден одағын қалыптастыру туралы шартқа негізделе отырып,
Кеден одағы кеден кодексінің 84-бабының 2-тармағына, 85-бабының 5-тармағына, 93-бабының 3-тармағына, 217-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,
Кеден одағының үшінші елдермен саудасына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикалық ықпалдасуын дамыту мақсатында,
Халықаралық сауданың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,
Халықаралық құқықтың жалпы қабылданған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім тауарларды кеден одағының кеден аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізу кезінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжаттарды толтыру мен ұсыну тәртібін, нысанын, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың тұрған орнын белгілеу (растау) тәртібін, Тараптардың осындай тауарларға қатысты бюджеттері арасында өндіріп алынған соманы есептеу тәртібін және кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктерін айқындайды.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
шетелдік валютадағы шот - Тараптың уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте басқа Тараптың валютасында басқа Тараптардың әкелу кедендік баждарын бөлуден түсімдерді есептеу үшін ашылған шот;
кеден органының қаржысын уақытша орналастыру шоты - Қазақстан Республикасының кеден органына уәкілетті органда кедендік баждардың, салықтардың қамтамасыз ету сомаларын есептеу үшін ашылған шот;
уәкілетті органның бірыңғай шоты - уәкілетті органға ұлттық (орталық) банкіде, не ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда аталған Тараптың бюджеттері арасында түсімдерді есептеу мен бөлу үшін ашылған шот;
орталық кеден органдары - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Ресей Федерациясының Федералды кеден қызметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, не олардың құқықтық мирасқорлары;
уәкілетті орган - осы Тарап бюджетінің орындалуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Тараптың мемлекеттік органы;
салық төлеушінің нөмірі - Тараптың салық органына есепке қою кезінде берілетін нөмір;
сәйкестендіру нөмірі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Осы Келісімде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер егер кеден одағының шарттық-құқықтық базасында аталған терминдер пайдаланылмаса кеден одағының шарттық-құқықтық базасында не Тараптардың заңнамасында қандай мағынада пайдаланылса, сол мағынада пайдаланылады.
3-бап
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжат осындай қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаға кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдаған Тараптың кедендік органы берген және тіркеген, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаты (бұдан әрі - Сертификат) болып табылады.
Сертификаттың нысаны мен оны толтырудың тәртібі осы Келісімге, оның ажыратылмас бөлігі болып табылатын 1 және 2-қосымшалармен айқындалады.
Сертификат Тараптың кеден органына ұсынылған кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасына үш данада ресімделеді.
Тіркелген Сертификаттың бірінші данасы Сертификатты тіркеген кеден органында қалады.
Тіркелген Сертификаттың екінші және үшінші даналары кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаға беріледі.
Сертификатты тіркеген кеден органы осы Келісімнің 10-бабына сәйкес Сертификат берілгені туралы жөнелтуші кеден органын хабардар етеді.
Сертификат кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес бір Тараптың кеден органы жүзеге асырған кезде, ал кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету екінші Тараптың кеден органына берілген жағдайда пайдаланылады.
Егер кедендік төлемдерді, салықтарды қамтамасыз ету кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асыратын Тараптың кеден органына берілсе, Сертификатты немесе кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын, нысаны мен қолданылу тәртібі осы Тараптың заңнамасымен белгіленген өзге құжатты қолдануға жол беріледі.
4-бап
Кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты жөнелтуші кеден органына Сертификаттың екінші және үшінші даналарын транзиттік декларациямен бір уақытта ұсынады.
Сертификатты мойындау кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарды шығаруды жүзеге асыратын Тараптың кеден органының қабылдауы болып табылады.
Ұсынылған Сертификат кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжат ретінде аталған Сертификатты осы Келісімнің 10-бабына сәйкес тіркеген кеден органынан Сертификат берілгені туралы ақпарат болған жағдайда Сертификатты пайдаланудың мерзімі өткенге дейін қабылданады.
Сертификат кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес бір транзиттік декларация бойынша қабылданады. Бір транзиттік декларация бойынша бірнеше Сертификат қабылдануы мүмкін.
Жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін Сертификаттың екінші және үшінші даналарының 3-бөлімін осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес толтырады.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарғаннан кейін Сертификаттың екінші данасы жөнелтуші кеден органында қалады, Сертификаттың үшінші данасы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты болып табылатын тұлғаға межелі кеден органына беріледі.
Тауарды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарған кезде Сертификатты қабылдағаны туралы жөнелтуші кеден органы Сертификатты осы Келісімнің 10-бабына сәйкес тіркеген кеден органын хабардар етеді.
5-бап
Кедендік транзит кезінде Тараптардың кеден органдары кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді талап етпейді, егер:
Тауарлар, ол туралы жөнелтуші кеден органын әрбір нақты тасымалдау бойынша өз Тарапының сыртқы істер министрлігі не дипломатиялық өкілдігі мен консулдық мекемелері, сондай-ақ артықшылықтарының көлемі бойынша оларға теңестірілген орган және (немесе) өз Тарапының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың миссиялары хабардар еткен шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, сондай-ақ артықшылықтарының көлемі бойынша оларға теңестірілген органдары және (немесе) халықаралық ұйымдардың миссияларының ресми пайдалануына арналған болса;
Халықаралық почта жөнелтілімдерін оларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру үшін кедендік ресімдеуге Тараптардың почта операторлары ұсынады. Тараптардың кеден органдары кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қосымша ұсынуды талап етпейді, егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарларға қатысты салықтар мен кедендік баждардың сомасын Сертификатта көрсетілген соманы тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне және тіркелген күнге қолданыстағы транзиттік декларацияға сәйкес декларацияланған Тараптың заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамы бойынша 500 (бес жүз) евро баламасынан аспағанда.
6-бап
Жеткізу орнында тасымалдаушы межелі кеден органына транзиттік декларациямен және онда бар өзге құжаттармен бірге Сертификаттың үшінші данасын оны өтеу үшін ұсынады.
Межелі кеден органы Сертификатты өтеу кезінде осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Сертификаттың үшінші данасының 4-бөлімін толтырады. Сертификаттың үшінші данасы жоғалған кезде 4-бөлім толтырылмайды.
Сертификатты өтеу мына жағдайларда жүзеге асырылады:
кедендік транзит кедендік рәсімі тиісінше аяқталғанда;
Сертификат пайдаланылмағанда, оның ішінде Сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанда, жөнелтуші органның Сертификаттың пайдаланылмағаны туралы ақпараты болған жағдайда;
белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіргенде (төлегенде).
Сертификатты өтеу туралы межелі кеден органы жөнелтуші кеден органын осы Келісімнің 10-бабына сәйкес хабардар етеді.
7-бап
Кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығармаған Тараптың аумағында тауарлардың бар болуын растау әкімшілендіру процесі барысында, Тараптардың заңнамасына сәйкес құзыретті органдар жүргізетін қылмыстық істер бойынша тергеулер барысында не тексеру барысында жүзеге асырылады.
Кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығармаған Тараптың аумағында тауардың болуының дәлелдемесі осы Тараптың құзыретті органдарының әкімшілік, қылмыстық істердің материалдарына не тексеру материалдарына негізделген растауы болып табылады.
Тауарлардың Тарап аумағында болу фактін растау тауарды кедендік транзит кедендік режиміне сәйкес шығарған Тараптың мойындауы үшін жеткілікті болуы тиіс.
Мұндай фактіні мойындамаған жағдайда даулар осы Келісімнің 13-бабына сәйкес реттеледі.
8-бап
Аумағында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме туындаған Тараптың кеден органы ілеспе хатпен кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген не тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген Тараптың кеден органына құзыретті органның әкімшілік, қылмыстық істер не тексеру материалдары бойынша куәландырылған шешімінің және кедендік баждарды, салықтарды өндіру қажеттілігі туралы шешімнің не аумағында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме туындаған Тараптың заңнамасына сәйкес ресімделген өзге ұқсас құжатты жолдайды. Ілеспе хатта транзиттік декларацияның, Сертификаттың (ол болған жағдайда) тіркеу нөмірі және кедендік төлемдердің түрлері бойынша кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу және аударуға жататын сома туралы мәліметтер болуы тиіс.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген Тараптың кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың негізінде, кеден одағы Кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
9-бап
Кеден одағы Кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес аударуға жататын кедендік баждар, салықтар мына жағдайларда өз Тарапының уәкілетті органының бірыңғай шотына және (немесе) осы шотта, өндіріліп алынған сомаларды есепке алу үшін және кейін оларды аудару үшін ашылған бюджеттік жіктеудің жекелеген коды бойынша ескеріледі:
кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қаржы қаражатымен (ақшамен) қамтамасыз еткенде - осы Келісімнің 8-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 12 жұмыс күні ішінде;
кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қаржы қаражатынан (ақша) өзге тәсілмен қамтамасыз еткенде, сондай кедендік тасымалдаушылардан өндіріп алған кезде - Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы түсу үшін арналған шотқа олар түскен күннен бастап 12 жұмыс күні ішінде.
Кеден одағы кеден кодексінің 93-бабының 3-тармағына сәйкес аударуға жататын кедендік баждар, салықтар Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында басқа Тараптарға өндіріп алынған сомаларды аудару үшін бағытталған уәкілетті органның бірыңғай шотында бюджеттік жіктеменің жекелеген кодтары бойынша ескеріледі.
Кеден одағы кеден кодексінің 93-бабының 3-тармағына сәйкес аударуға жататын кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасында кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотында ескеріледі.
Осы баптың бірінші бөлігімен белгіленген мерзімдерде, бірақ белгіленген мерзім өткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ұсынылған Тараптың кеден органы өз Тарапының уәкілетті органына Кеден одағы кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған сомаларын, кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын Тараптың шотына шетелдік валютамен аударуға тапсырма жібереді.
Кеден одағы кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған сомаларды кедендік баждар, салықтар төленуге жататын Тараптың шотына шетелдік валютамен аударуды уәкілетті орган кеден органының тапсырмасы түскен күнінен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде толық көлемде жүзеге асырады.
Құжаттың (нұсқаулықтың) есептік (төлем) құжатында оған сәйкес ақша қаражаттарын аудару жүзеге асырылатын осы Келісімнің 8-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген кеден органы ілеспе хатынан өндіріп алынған сомаларын аудару бойынша бюджеттік жіктеменің коды, ілеспе хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
Кеден одағы Кеден кодексінің 93-бабының 3-тармағына сәйкес өндіріп алынған және басқа Тараптардың уәкілетті органдарынан кедендік баждарды, салықтарды төленуге жататын Тараптың шетел валютасындағы шотына түскен сомалар, Осы Тарап бюджетінің кіріспе әкелу кедендік баждарын бөлуден сомаларын Тарап бюджетінің кірісіне аудару бөлігінде әкелу кедендік баждарын (балама күші бар өзге баждар, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу және бөлу үшін белгіленген тәртіппен аударылады.
Тарап бюджетінің кірісіне басқа Тараптардан келіп түскен өндіріп алынған сомалар осы Тараптың шетел валютасындағы шотына ақша қаражаттарын есепке жатқызу күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде бюджет жіктемесінің тиісті кодтарына кедендік баждардың, салықтардың есебіне осы Тараптың кеден органымен есепке жатқызуына жатады.
10-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсаттары үшін Тараптардың кеден органдары мынадай ақпаратпен алмасады:
тіркелген және берілген, қабылданған, жабылған Сертификаттар туралы;
белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алумен (төлеумен) байланысты Сертификатты жабу мүмкіндігі туралы;
кеден одағы Кеден кодексінің 93-бабының 2-тармағына сәйкес Тараптардың бюджеттері арасында өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомасы аударылғаны туралы.
Орталық кеден органдарының келісімі бойынша осы Келісімде іске асырылуын қамтамасыз ету үшін өзге ақпаратпен алмасу жүргізіледі.
Жоғарыда аталған ақпаратпен алмасу орталық кеден органы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
Ақпараттың құрамы, құрылымы, форматы мен регламенті оны қорғаудың тәсілдерін орталық кеден органды келісім бойынша айқындайды.
11-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсаттары үшін уәкілетті органдар шетелдік валютадағы шоттары туралы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.
Бір Тараптың шетелдік валютадағы шотының деректемелері өзгерген жағдайда осы Тараптың уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енген күннен он күнтізбелік күннен кешіктірмей екінші Тараптың уәкілетті органдарына шоттың пысықталған деректемелерін жеткізеді.
Келісімді іске асыру үшін қажетті өзге мәліметтер өзгерген жағдайда Тараптың уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енген күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей екінші Тараптың уәкілетті органдарына көрсетілген өзгерістер туралы ақпаратты жеткізеді.
12-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тараптар арасындағы осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Егер дауды Тараптар, Тараптардың бірі екінші Тарапқа консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші түскен күннен бастап 6 ай ішінде реттемеген болса, онда Тараптар арасында дауды шешуге қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға бере алады.
14-бап
Осы Келісімнің 10-бабына сәйкес іске асырылған жағдайда осы келісімнің күшіне ену, одан шығу және оған қосылу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, одан шығу және оған қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
2010 жылғы «__» _____ ______ қаласында бір түпнұсқа данада орыс
тілінде жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын, әрбір тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жолдайтын Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес
тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік
баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз
етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік
төлемдер мен салықтарды төлеудің ерекшеліктері
және осындай тауарларға қатысты өндіріліп
алынған сомаларды есептеу тәртібі туралы
Келісімге 1-қосымша
Оң жақ беті
№ ОООООООО/ДДММГГ/ННННН
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету
Сертификаты
1-Бөлім. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, нөмірі немесе сәйкестендіру нөмірі, не
(заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін) немесе кедендік баждарды,
_____________________________________________________________________
салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және паспорттық деректері (жеке нөмірі, болмаған жағдайда паспорттың сериясы мен нөмірі), тұрған не тұратын орны
______________________________________________________________ берді.
(елі, облысы, қаласы, көшесі, үйінің, пәтерінің нөмірі,)
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді растауға
_____________________________________________________________________
(Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің тәсілі,
_____________________________________________________________________
cондай-ақ осындай қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттың реквизиттері)
____________________________________________________ сомаға ұсынылды.
(валютаның сандық және жазбаша атауы)
Осы сертификатты кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты
_____________________________________________________________________
( салық төлеушінің атауы, нөмірі, немесе сәйкестендіру нөмірі, тұрған орны (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін)
_____________________________________________________________________
не кедендік транзит кедендік рәсімі декларантының тегі, аты,
әкесінің аты және паспорт деректері (жеке нөмірі, ол жоқ болған
_____________________________________________________________________
жағдайда паспорттың сериясы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттардың атауы)
_____________________________________________________________________
сәйкес тасымалданатын шетелдік құжаттарға қатысты пайдаланады.
Жөнелтуші кеден органынан: __________________________________________
(кеден органының атауы)
Межелі кеден органына: ______________________________________________
(кеден органының атауы)
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді
қамтамасыз етуді ұсынған тұлға ________ ____________________
(қолы) (инициалдары, тегі)
Мөрдің орны
Артқы беті
2-Бөлім. Осы Сертификат _______________________________ тіркелді және
(наименование таможенного органа)
20__ жылғы «___» ___________________ дейін пайдаланылады.
Кеден органының
лауазымды тұлғасы ________ _____________________ ____________________
(қолы) (жеке нөмірлі мөрі) (аты-жөні, тегі)
3-Бөлім. Осы Сертификат _______________________ транзиттік декларация
(номер транзитной декларации)
бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуды растау үшін қабылданды
Кеден органының
лауазымды тұлғасы ________ _____________________ ____________________
(қолы) (жеке нөмірлі мөрі) (аты-жөні, тегі)
4-Бөлім. Осы Сертификат _____________________________________________
(өтеу себебі көрсетіледі)
байланысты өтелді
Кеден органының
лауазымды тұлғасы ________ _____________________ ____________________
(қолы) (жеке нөмірлі мөрі) (аты-жөні, тегі)
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес
тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік
баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз
етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік
төлемдер мен салықтарды төлеудің ерекшеліктері
және осындай тауарларға қатысты өндіріліп
алынған сомаларды есептеу тәртібі туралы
Келісімге 2-қосымша
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету
сертификатын толтыру тәртібі
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген кеден органы тіркеу нөмірін бере отырып Сертификатты тіркеуді жүзеге асырады.
2. Тіркеу нөмірінің құрылымы мынадай:
ОООООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда:
ОООООООО1 - Сертификатты тіркеген кеден органының коды;
КК - тіркеу күні;
MM - тіркеу айы;
ЖЖ - соңғы екі сан тіркеу жылдары;
ННННН - Сертификаттың реттік саны.
Осы Келісім күшіне ену күнінен бастап Сертификаттың реттік санын нөмірлеу бірден басталады. Әрбір келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Сертификаттың реттік санын нөмірлеу бірден басталады.
3. Сертификаттың 1-Бөлімін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлға толтырады.
Сертификаттың 1-Бөлімінде:
1) салық төлеушінің атауы, нөмірі2 немесе сәйкестендіру нөмірі, (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін) немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және паспорттық деректері (жеке нөмірі, болмаған жағдайда паспорттың сериясы мен нөмірі), тұрған орны3 не тұрғылықты жері (елі, облысы, қаласы, көшесі, үйінің, пәтерінің нөмірі);
2) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің тәсілін (банк кепілі, қаржы қаражаты (ақша), кепілгерлік, мүлік кепілдігі, осындай қамтамасыз етуді қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге тәсіл), оған сәйкес қабылдаған құжаттың нөмірі мен күні;
3) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген сома (сандық және жазбаша, валютаның атауы);
4) кедендік транзит кедендік рәсімі декларантының атауы, салық төлеушінің нөмірі4, немесе сәйкестендіру нөмірі, тұратын жері не тегі5, аты, әкесінің аты және паспорттық деректері (жеке нөмірі, болмаған жағдайда паспорттың сериясы мен нөмірі), тұрған орны не тұрғылықты жері (елі, облысы, қаласы, көшесі, үйінің, пәтерінің нөмірі);
5) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттардың (болған жағдайда) нөмірі;
6) жөнелтуші кеден органының атауы;
7) межелі кеден органының атауы көрсетіледі.
Сертификаттың қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап 30 күннен аспауы тиіс. Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету есебінен төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау мүмкіндігінің мерзімі оны берген күннен үш айды құраған жағдайда Сертификатты тіркеу мүмкін емес.
Сертификаттың 1-бөліміне кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаның басшысы қол қояды және мұндай тұлға жеке кәсіпкер болып табылса мөрмен куәландырылады. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді жеке тұлға ұсынса, онда 1-Бөлімге осы тұлға қол қояды және мұндай тұлға жеке кәсіпкер болып табылса мөрмен (ол болған жағдайда) куәландырылады.
4. Сертификаттың 2-бөлімін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының лауазымды тұлғасы толтырады.
Сертификаттың 2-бөлімінде:
1) Сертификатты тіркеген кеден органының атауы;
2) Сертификатты пайдалану мерзімі көрсетіледі.
Сертификаттың 2-бөліміндегі жазбалар Сертификатты тіркеген кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
5. Сертификаттың 3-бөлімін жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы толтырады.
Сертификаттың екінші және үшінші парағындағы 3-бөлімде Сертификат кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қабылдауды растау құжаты ретінде қабылданған транзиттік декларацияның нөмірі көрсетіледі.
Сертификаттың 3-бөліміндегі жазбалар Сертификатты жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
6. Сертификаттың үшінші парағының 4-бөлімін межелі кеден органының лауазымды тұлғасы:
Кедендік транзит кедендік рәсімін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің туындауына әкелетін бұзушылықтарсыз аяқталғаннан кейін «тасымалдауды тиісті деңгейде аяқтау» деген жазуды енгізу жолымен;
Сертификатты пайдалану мерзімі өткеннен кейін және оны пайдаланғаны туралы ақпарат болған жағдайда, «сертификатты пайдаланбай» деген жазуды енгізу жолымен;
Сертификатты пайдалану мерзімі өткенге дейін жөнелтуші кеден органынан оны пайдаланғаны туралы ақпарат болмаған жағдайда, егер тұлға тиісті жазбаша өтініш жасаса, «сертификатты пайдаланбай» деген жазуды енгізу жолымен;
Кедендік транзит кедендік рәсімін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің туындауына әкелетін бұзушылықтармен аяқтағаннан кейін кедендік баждарды салық төлеуші кедендік баждарды, салықтардың тиісті сомаларын төлеуіне байланысты салықтарды төлеу бойынша міндеттемені тоқтатқан жағдайда «кедендік баждарды, салықтарды төлеумен» деген жазбаны енгізу жолымен толтырады.
Сертификаттың 4-бөліміндегі жазбалар межелі кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
-------
1 Егер кеден органының коды сегіз белгіден аз болған жағдайда, бірінші белгілер «9» (тоғыз) мағынасын алады
2 Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлері үшін көрсетіледі
3 Заңды тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалар, ұйымдар және жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі
4Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлері үшін көрсетіледі
5Заңды тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалар, ұйымдар және жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі