Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар
енгізу туралы
1-бап. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) 7-1-баптың 1-тармағындағы «мұнай өнімдері және газ,» деген сөздер «газ, мұнай өнімдерін өндіру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ ел экономикасына елеулі ықпал жасайтын өнімге, тауарларға және қызметтерге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен шекті баға белгілейді.»;
3) 7-3-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда уәкілетті орган белгілеген шекті бағаны асырмауға»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларының талаптары осы Заңның 7-2-бабының 1-1-тармағына сәйкес оларға қатысты шекті баға белгіленген реттелетін нарықтардың субъектілеріне қолданылмайды.».
2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті