Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат, № 30, 292-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат, № 29, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Айтжанова - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Жанар Сейдахметқызы және сауда министрі,
Джеймс Куигли - «Делойт Туш Томацу» компаниясының бас
атқарушы директоры,
Джеральд Уэйн Грэнди - «Саmесо» корпорациясының президенті және
бас атқарушы директоры,
Джон Харикен - «The Royal Ваnk of Scotland Group plc»
GBM Атқарушы комитетінің мүшесі және
бөлімшесінің бас атқарушы директоры,
Жақсылықов - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Тимур Мекешұлы жаңа технологиялар министрлігі
Инвестиция комитетінің төрағасы
Зарир Дж. Кама - HSBC тобы төрағасының орынбасары,
Коен Ванхарентс - «Бейкер и Макензи Интернешнл» Атқарушы
комитетінің мүшесі,
Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы - Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі,
Финогенов - «Еуразия даму банкі» АҚ-тың басқарма
Игорь Валентинович төрағасы;
мына:
«Исекешев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әсет Өрентайұлы сауда министрі»,
«Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан
Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрі»,
«Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы көмекшісі»;
көрсетілген Кеңестің құрамынан Қ.У. Бишімбаев, М.М. Тәжин, Т.Б. Нұрашев, Джеймс Т. Хитч III, Леонард Блаватник, Коч Мустафа, Сэр Ричард Эванс шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев