Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 291 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2013 № 1122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2013 № 1122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2013 № 1122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 515 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер
әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін
қалыптастыру және пайдалану
қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2013 № 1122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 43-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2013 № 1122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік тізілім Заң талаптарына жауап беретін сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелері (бұдан әрі - әдістемелер) туралы мәліметтерді қамтиды.
      3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), процеске өзге қатысушыларды, сондай-ақ сот сарапшыларын әдістемелер туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.

2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру тәртібі

      4. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдары (бұдан әрі - coт сараптамасы органдары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген, байқаудан өткен және енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді ұсына отырып жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс әдістемелер туралы мәліметтерді сот сараптамасы органдары Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары әдістемелерді бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
      7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс мәліметтер Орталыққа келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оған енгізіледі.
      8. Мемлекеттік тізілім осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізгіштерде жүргізіледі.
      9. Мемлекеттік тізілімнің қағаз нұсқасы тігіледі, нөмірленеді, оған жауапты тұлғаның қолы қойылады, Орталықтың мөрімен бекітіледі.
      Беттердің нөмірлері толассыз болып табылады.
      Қарындашпен жазуға, шимайлауға, өшіруге, түзету енгізуге, парақтарын алуға жол берілмейді.
      10. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сот сараптамасы органдары тиісті ақпаратты Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары бекітілген әдістемелердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Орталық осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастан бес жұмыс күні ішінде енгізеді.
      11. Мемлекеттік тізілімнің электронды нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

3. Мемлекеттік тізілімді пайдалану тәртібі

      12. Сот сарапшылары сот сараптамасын жүргізу кезінде Мемлекеттік тізілімде енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді пайдаланады.
      13. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процеске өзге қатысушы, сондай-ақ сот сарапшысы Орталықтың мекенжайына әдістемелер туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрауды жазбаша түрде рәсімдейді.
      14. Орталық жазбаша түрде сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнен басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және Орталықтың мөрімен куәландырылған үзіндіні ұсынады.
      15. Аталған үзінді қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), процеске өзге қатысушының, сондай-ақ сұрауды ресімдеген сот сарапшысының мекенжайына жіберіледі.

Қазақстан Республикасы  
сот-сараптамалық зерттеулер
әдістемелерінің мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру және
пайдалану қағидаларына  
қосымша          

Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері
әдістемелерінің мемлекеттік тізілімінің
нысаны

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.10.2013 № 1122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Әдістеменің шифры

Әдістеменің атауы

Әдістеменің әзірленген жылы

Әдістеменің бекітілген күні

Әдістеменің авторы (жасаушы)

Ескертпе

2

3

4

5

6

7

Об утверждении Правил формирования и использования Государственного реестра методик судебно-экспертных исследований Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2010 года № 515. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 291

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.04.2015 № 291 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      Сноска. Заголовок постановления в редакции постановления Правительства РК от 21.10.2013 № 1122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 43 Закона Республики Казахстан от 20 января 2010 года «О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 21.10.2013 № 1122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и использования Государственного реестра методик судебно-экспертных исследований Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 21.10.2013 № 1122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 4 июня 2010 года № 515 

Правила
формирования и использования Государственного реестра методик
судебно-экспертных исследований Республики Казахстан

      Сноска. Заголовок Правил в редакции постановления Правительства РК от 21.10.2013 № 1122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и использования Государственного реестра методик судебно-экспертных исследований Республики Казахстан разработаны в соответствии со статьей 43 Закона Республики Казахстан от 20 января 2010 года «О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан» (далее - Закон) и определяют цель, порядок формирования и использования Государственного реестра методик судебно-экспертных исследований Республики Казахстан (далее - Государственный реестр).
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 21.10.2013 № 1122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      2. Государственный реестр содержит сведения о методиках судебно-экспертных исследований (далее - методики), отвечающих требованиям Закона.
      3. Государственный реестр формируется в целях обеспечения органов, ведущих уголовный процесс, судов, органов (должностных лиц), в производстве которых находятся дела об административных правонарушениях, иных участников процесса, а также судебных экспертов сведениями о методиках.

2. Порядок формирования Государственного реестра

      4. Ведение Государственного реестра осуществляется Государственным учреждением «Центр судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан» (далее - Центр).
      5. Информационное обеспечение ведения Государственного реестра осуществляют органы судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан и уполномоченного органа в области здравоохранения Республики Казахстан (далее - органы судебной экспертизы), предоставляя сведения о методиках, разработанных, апробированных и внедренных в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      6. Сведения о методиках, подлежащих включению в Государственный реестр, направляются органами судебной экспертизы в Центр в одном экземпляре на государственном и русском языках, в печатном и электронном виде, заверенные печатью указанных органов, в течение пяти рабочих дней после принятия решения органами судебной экспертизы об утверждении методик.
      7. Сведения, подлежащие внесению в Государственный реестр, вносятся в него в течение пяти рабочих дней с момента их поступления в Центр.
      8. Государственный реестр ведется на бумажных и электронных носителях на государственном и русском языках по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      9. Бумажный вариант Государственного реестра прошнуровывается, пронумеровывается, подписывается ответственным лицом, скрепляется печатью Центра.
      Нумерация страниц является сквозной.
      Записи карандашом, помарки, подчистки, исправления, изъятие листов не допускаются.
      10. При необходимости внесения изменений и дополнений в Государственный реестр органы судебной экспертизы направляют соответствующую информацию в Центр в одном экземпляре на государственном и русском языках, в печатном и электронном виде, заверенные печатью указанных органов, в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения органами судебной экспертизы о внесении изменений и дополнений в перечень утвержденных методик.
      Изменения и дополнения в Государственный реестр вносятся Центром в течение пяти рабочих дней с момента поступления информации, указанной в настоящем пункте.
      11. Электронный вариант Государственного реестра размещается на интернет-ресурсах Министерства юстиции Республики Казахстан.

3. Порядок использования Государственного реестра

      12. Судебные эксперты при производстве судебной экспертизы используют сведения о методиках, внесенные в Государственный реестр.
      13. Орган, ведущий уголовный процесс, суд, орган (должностное лицо), в производстве которых находится дело об административном правонарушении, иные участники процесса, а также судебные эксперты оформляют в письменном виде запрос в адрес Центра о предоставлении сведений о методиках.
      14. Центр в течение двух рабочих дней со дня поступления запроса в письменном виде предоставляет выписку из Государственного реестра, удостоверенную подписью руководителя либо лица, его замещающего, и печатью Центра.
      15. Данная выписка направляется в адрес органа, ведущего уголовный процесс, суда, органа (должностного лица), в производстве которого находится дело об административном правонарушении, иных участников процесса, а также судебного эксперта, оформивших запрос.

Приложение             
к Правилам формирования и использования
Государственного реестра методик  
судебно-экспертных исследований  
Республики Казахстан        

Форма Государственного реестра методик судебно-экспертных
исследований Республики Казахстан

      Сноска. Приложение с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 21.10.2013 № 1122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).


п/п

Шифр
методики

Наименование
методики

Год
разработки
методики

Дата
утверждения
методики

Автор
(составитель)
методики

Примечание

1

2

3

4

5

6

7