Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 және "Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1122 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 291 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 299-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары»;
      12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік тізілім сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиялары бар жеке тұлғалар (бұдан әрі - сот сарапшылары) туралы мәліметтерді қамтиды.»;
      көрсетілген Ережеге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына қосымша»;
      2) «Қазақстан Республикасы сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 300-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 43-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.»;
      көрсетілген Ережеге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына қосымша».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады