«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің теңгерімінен республикалық меншіктен ұтқыр рентгендік-телевизиялық инспекциялық тексеру кешені (теңгерімдік құны 715000000 (жеті жүз он бес миллион) теңге, 2009 жылы шығарылған, ақ түсті, шанақ № 330111, қозғалтқыш № 54197000599474) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті үшін Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, ұтқыр рентгендік-телевизиялық инспекциялық-тексеру кешенін қабылдау-тапсыру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов