Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 526 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 334-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, сондай-ақ бастапқы тіркеуге ұсынылатын автокөлік құралдарын басқару органдарының сол жақты орналасуы міндеттілігіне;".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2008 года № 675

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2010 года № 526. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2017 года № 29

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.01.2017 № 29 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2008 года № 675 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности автотранспортных средств" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 32, ст. 334) следующее изменение:

      в Техническом регламенте "Требования к безопасности автотранспортных средств", утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 2) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "2) обязательности левостороннего расположения органов управления автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан, а также представляемых на первичную регистрацию;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов