Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 шілдедегі
№ 692 қаулысына
қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер
Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
ТІЗБЕСІ
1. "Жалақыға коэффициент туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 6 сәуірдегі № 73-ө өкімі.
2. "Өндірістен қол үзіп дайындауға, қайта дайындауға және біліктілігін арттыруға, екінші кәсіпке оқытуға жіберілетін жұмысшыларды материалдық қамтамасыз ету туралы" КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 2 тамыздағы № 764 қаулысын іске асыру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 10 қыркүйектегі № 361 қаулысы.
3."Интернационалдық міндетін атқарған жұмысшылар мен қызметкерлерді уақытша еңбекке жарамсыздық жөніндегі жәрдемақысымен қамтамасыз етуді жақсарту туралы [Ауғанстан]" КСРО Министрлер Кеңесінің және БКООК-нің 1990 жылғы 11 қазандағы № 1013 қаулысы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің және Қазақ КСР кәсіподақтар Федерациясы Кеңесінің 1990 жылғы 31 қазандағы № 433 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., № 2, 7-құжат).
4. "Мүгедектердің қоғамдық ұйымдары қызметтерінің кейбір мәселелері" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 20 наурыздағы № 178 қаулысы.
5. "Қазақ КСР 1991 жылға арналған халықты жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 4 маусымдағы № 348 қаулысы.
6. "Қазақ КСР тұрмысы төмен азаматтарын әлеуметтік қолдау және қайырымдылық қоры туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 7 маусымдағы № 365 қаулысы.
7. "Қызметтік автомобиль жүргізушілерінің тарифтік ставкалары мен лауазымдық жалақысын көбейту туралы" Қазақ КСР Премьер-Министрінің 1991 жылғы 5 шілдедегі № 110-ө өкімі.
8. "Германия аумағынан шығарылатын әскери қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін бас оқу орнын құру туралы" Қазақ КСР Премьер-Министрінің 1991 жылғы 25 шілдедегі № 123-ө өкімі.
9. "Қазақстан Республикасының Семей облысындағы Курчатов қаласын еңбекке ақы төлеу жөнінен қалалардың үшінші тобынан екінші тобына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 маусымдағы № 522 қаулысы.
10. "Қазақстан Республикасының жұмыс қолы көп және жұмыс қолы жетіспейтін селолық аудандарының 1994-1995 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 желтоқсандағы № 1256 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 49, 589-құжат).