Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Төтенше ден қою саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 8-қосымшада:
«Вице-министр (азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел әрекет ету мәселелерімен айналысатын) - генерал-майор» деген жолдағы «, әскери бөлімдер және жедел әрекет ету» деген сөздер «және төтенше жағдайларды жою» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел әрекет ету департаментінің директоры - генерал-майор» деген жолдағы «, әскери бөлімдер және жедел әрекет ету» деген сөздер алып тасталсын;
2) құпия.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев