Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 851 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2010 жылғы 31 тамыздағы
№ 851 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші абзацындағы «Смайылов Әлихан Асханұлы» деген сөздер «Дәленов Руслан Ерболатұлы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) және 3) тармақшалардың үшінші абзацындағы «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Айтжанова Жанар Сейдахметқызы,»;
      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исекешев Әсет Өрентайұлы,».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
      3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысында :
      1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайыновқа» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 960 қаулысында:
      1-тармақтағы «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжановаға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. «Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:
      1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжанова» деген сөздермен ауыстырылсын.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2010 года № 851

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 31 августа 2010 года № 851

Изменения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2002 года № 323 "О назначении представителей Республики Казахстан в Советах Управляющих":
      в пункте 1:
      в абзаце третьем подпункта 1) слова "Смаилова Алихана Асхановича" заменить словами "Даленова Руслана Ерболатовича";
      в абзаце третьем подпунктов 2) и 3) слова "экономики и бюджетного планирования" заменить словами "экономического развития и торговли";
      абзац второй подпункта 4) изложить в следующей редакции:
      "Управляющим - Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан Айтжанову Жанар Сейдахметовну,";
      абзац второй подпункта 5) изложить в следующей редакции:
      "Управляющим - Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан Исекешева Асета Орентаевича,".
      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.08.2016 № 488.
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2002 года № 1337 "О реализации Соглашения о техническом сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития по разработке и реализации Программы совместных экономических исследований":
      в пункте 1 слова "Кусаинова Марата Апсеметовича - вице-министра экономики и бюджетного планирования" заменить словами "Орынбаева Ербола Турмахановича - Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан".
      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2006 года № 960 "О реализации Меморандума о взаимопонимании между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки по Казахстанско-Американской программе по экономическому развитию":
      в пункте 1 слова "Министерство экономики и бюджетного планирования" заменить словами "Министерство экономического развития и торговли";
      в пункте 2 слова "Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Султанова Бахыта Турлыхановича" заменить словами "Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан Айтжанову Жанар Сейдахметовну".
      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2006 года № 1194 "О назначении Национального Координатора от Республики Казахстан по Программе Центрально-Азиатского Регионального Экономического Сотрудничества":
      в пункте 1 слова "Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Султанова Бахыта Турлыхановича" заменить словами "Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан Айтжанову Жанар Сейдахметовну".