Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және іске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 желтоқсан N 1337

      2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 4-бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының шеңберiнде жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.01.2017 № 14 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады