Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламент! Мәжілісінің карауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
жоба
Қазакстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейб1р заңнамалық
актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық ic жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат, № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28-құжат, 32-құжат):
1) 62-баптың үшінші бөлігінде «дербес жүргізген жағдайда - адвокат клиентпен жасасқан шартпен» деген сөздер «заңды тұлғаны тіркемей дербес жүзеге асырған жағдайда - адвокаттар алқасы төралқасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 111-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер адвокат заң көмегін тарапқа судьяның (сот) ұйғарымы негізінде тегін көрсетсе, сот осы бапта аталған шығындарды заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың пайдасына өндіреді».
2. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 49, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 8 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Адвокаттың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері
1. Адвокаттың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы мүмкін.
2. Адвокаттың көмекшілері еңбек шартының негізінде заң консультациясында, адвокат кеңсесінде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істей алады.
Адвокаттың көмекшілері адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершілігімен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы тағылымдамадан өтуші бола алады.
Тағылымдамадан өтудің мақсаты адвокаттық қызметтің кәсіби білімін және практикалық дағдыларын игеру болып табылады.
Осы бапта белгіленген талаптарға жауап беретін және тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам тағылымдамадан өтуге жіберу туралы өтінішпен адвокаттар алқасының төралқасына жүгінеді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары заңгерлік білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін дипломның түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме).
4. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша адвокаттар алқасының төралқасы мынаадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) тағылымдамадан өтуге жіберу туралы;
2) тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тарту туралы.
5. Тағылымдамадан өтушілер санының көп жинақталуы себебімен тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тартуға жол берілмейді.
6. Тағылымдама кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттың басшылығымен жүзеге асырылады. Тағылымдаманың ұзақтығы алты айды құрайды. Бір адвокаттан тағылымдаманы кемінде екі тағылымдамадан өтуші бір мезгілде өте алады.
7. Тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруды Қазақстанның адвокаттар одағымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіби даярлау бағдарламасы бойынша адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.
Тағылымдамадан өтушілерді кәсіби даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушілер үшін міндетті болып табылады және тағылымдамадан өтушінің адвокаттың кәсіптік және этикалық мінез-құлық нормаларын зерделеуді, тағылымдамадан өтушілер мен адвокаттар үшін ұйымдастырылатын практикалық сабақтарға баруды қоса алғанда, адвокаттық қызметті ұйымдастыру жөнінде тағылымдамадан өтушінің арнайы теориялық білімдерді, практикалық дағдыларды игеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтуға тиіс.
Тағылымдамадан өтушілерді кәсіби даярлау бағдарламасын толық игеру тағылымдамадан өтудің жалғыз шарты болып табылады.
8. Тағылымдаманың қорытындысы бойынша тағылымдамадан өту барысында тағылымдамадан өтуші алған кәсіби білімі мен практикалық дағдылар деңгейі көрсетілетін тағылымдама басшысының қорытындысы жасалады. Қорытындыға тағылымдамадан өтуші жасаған іс жүргізу және өзге де жазбаша құжаттардың жобалары, сондай-ақ тағылымдамадан етушінің теориялық және практикалық сабақтарға қатысқанын растайтын құжат қоса беріледі. Тағылымдаманың қорытындылары туралы материалдар адвокаттар алқасының төралқасына енгізіледі және олар тағылымдама аяқталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қарауға жатады. Адвокаттар алқасы төралқасының шешімі көпшілік дауыспен қабылданатын тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекіту туралы не тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы қаулы нысанында ресімделеді, төраға мен отырысқа қатысқан адвокаттар алқасы төралқасының мүшелері қол қояды және ол қабылдағаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей тағылымдамадан өтушіге тапсырылады.
Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім дәлелді болуы тиіс және сотқа шағым жасауға болады. Тағылымдамадан өтпеген адам жалпы негіздерде тағылымдамаға қайта жіберіледі.
9. Тағылымдамадан «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өз өкілеттіктерін тоқтатқан судьялар өтпейді.
10. Адвокаттың көмекшісі мен тағылымдамадан өтушінің адвокаттық қызметпен дербес айналысуға құқығы жоқ.
9-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген адвокаттың лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.
2. Лицензия осы Заңда белгіленген тәртіппен және жағдайларда адвокаттар алқасында тағылымдамадан және Аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі.
3. Аттестаттаудан өтпей адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны:
1) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
3) теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, прокурордың немесе тергеушінің жұмыс стажы кемінде он жыл болған әрі осы Заңда белгіленген тәртіппен және жағдайларда адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен кезде прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар алуға құқылы.
4. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қабылдайды.»;
2) мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-баптармен толықтырылсын:
«9-1-бап. Аттестаттау комиссиясы
1. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанынан құрылатын Аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өтеді.
2. Аттестаттау комиссиясының негізгі міндеттері:
1) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2) отырыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Аттестаттау комиссиясы жеті мүшеден - Қазақстанның адвокаттар одағының президентін қоса алғанда, адвокатураның, әділет органдарының өкілдерінен және ғалым-құқықтанушыдан тұрады. Қазақстанның адвокаттар одағының президенті лауазымы бойынша Аттестаттау комиссиясының төрағасы болып табылады. Аттестаттау комиссиясының хатшысын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тағайындайды.
Аттестаттау комиссиясының жұмыс регламенті және дербес құрамы көрсетілген органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Аттестаттау комиссиясының құрамы жыл сайын жаңартылады. Ғалым-құқықтанушының кандидатурасын таңдауды жоғары оқу орындарының ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Аттестаттау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдардың жоғары заңгерлік білімі және заңгерлік мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі болуға тиіс.
3. Аттестаттау комиссиясы оның отырысына кемінде оның бес мүшесі қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
4. Аттестаттау комиссиясының отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.
9-2-бап. Аттестаттаудан өтуге жіберу
1. Адвокат лицензиясын алуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтінішпен Аттестаттау комиссиясына жүгінуге құқылы.
Өтінішке:
1) өмірбаяны;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары заңгерлік білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда салыстыру үшін нотариалдық куәландырылған көшірме ұсынылады);
4) оларды Аттестаттау комиссиясына ұсынғанға дейін бір ай бұрын үміткердің тұратын жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамалары;
5) оларды Аттестаттау комиссиясына ұсынғанға дейін бір ай бұрын бүкіл республика бойынша мәліметтер көрсетілген, үміткердің тұратын жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
6) тағылымдамадан өту жөніндегі қорытындыны бекіту туралы адвокаттар алқасы төралқасының қаулысы қоса беріледі (тағылымдамадан өтуі міндетті адамдарға қатысты).
2. Үміткердің осы Заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау істерінің материалдарын қалыптастырады және оларды Аттестаттау комиссиясына материалдар келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде ұсынады. Аттестаттау ісінің материалдарын қарау қорытындысы бойынша Аттестаттау комиссиясы аттестаттауға жіберу туралы не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
Аттестаттаудан өтуге жіберуден бас тарту туралы шешім:
1) үміткер осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған;
2) осы Заңның 7-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер болған жағдайларда қабылданады.
3. Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда Аттестаттау комиссиясы азаматқа оны шығарған күнінен бастап бес күннен кешіктірмей дәлелді шешім беруге міндетті.
Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімге үміткер сотқа Аттестаттау комиссиясының шешімін алған күнінен бастап бір ай мерзімде шағым жасауға құқылы.
9-3-бап. Аттестаттау өткізудің тәртібі мен шарттары
1. Аттестаттауға жіберілген үміткерге оны жүргізгенге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей аттестаттау өткізілетін орын, күні және уақыты туралы аумақтық әділет органы арқылы хабарланады.
2. Аттестаттау тоқсанында кемінде бір рет өтеді.
Аттестаттау комиссиясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісім бойынша қажеттілігіне қарай көшпелі отырыстар өткізеді.
3. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) қолданыстағы заңнаманы білуге тест тапсыру;
2) емтихан билеттері бойынша ауызша емтихан тапсыру.
4. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды өткізу шарттарының объективтілігі мен стандарттылығын қамтамасыз етеді.
Тестке енгізуге жататын сұрақтар тізбесі аттестаттау өтетін күні қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, Аттестаттау комиссиясы бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тесттер жауаптарының біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс.
5. Үміткер алдын ала аттестаттау өткізу, тестілеуді жүргізу тәртібімен, үміткерлерді іріктеу рәсімдерінің ұзақтығымен және мазмұнымен танысуы тиіс. Үміткер жазбаша расталған өз таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тестілеуден өтуге құқылы.
Тестілеуден өту кезінде үміткердің анықтама және өзге де әдебиеттерді, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды, оның ішінде қалталық дербес компьютерлерді және өзге де электрондық жабдықтарды пайдалануына жол берілмейді. Үміткер көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда ол Аттестаттау комиссиясының шешімімен тестілеуден шеттетіледі және осы Заңда белгіленген жалпы негіздерде қайтадан жіберіледі.
6. Тестілеу компьютерлік техниканы пайдалана отырып өткізіледі. Тестілеудің жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлік техниканың көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері үміткерге жеке қолын қойғызу жолымен танысу үшін ұсынылады. Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы үміткерге тапсырылады, екінші данасы Аттестаттау комиссиясына беріледі.
7. Үміткер, егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан жетпіс және одан көп пайызды құраса, тестілеуден өтті деп есептеледі және аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіледі.
Тестілеуден өтпеген үміткер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
8. Ауызша емтиханда үміткердің білімін тексеру кезінде мазмұны бойынша үш теориялық сұрақты қамтитын әртүрлі емтихан билеттері пайдаланылады.
Емтихан билеттері мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, Аттестаттау комиссиясы бекітеді, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мөрімен бекітілетін конверттерге салынады және оларды аттестаттауға келген үміткерлер мен Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен Аттестаттау комиссиясының отырысы ашылатын күні төраға ашуы тиіс.
9. Үміткерге емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптар дайындауға жиырма минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Үміткер жария еткен сұрақтарға оның ауызша берген жауаптарының дұрыстығын Аттестаттау комиссиясының мүшелері бес баллды жүйе бойынша бағалайды. Аттестаттау комиссиясының әр мүшесі үміткердің жауабын басқа мүшелерінен тәуелсіз бағалайды.
Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Аттестаттау комиссиясының мүшелері қойған бағаларды есептейді, содан кейін олар жинақталады және Аттестаттау комиссиясының қатысып отырған барлық мүшелерінің санына бөлінеді.
Аттестаттау комиссиясының әр мүшесі қойған бағалар және емтихан билетінің сұрақтары бойынша үміткер жинаған орташа балл Аттестаттау комиссиясының хаттамасында көрсетіледі.
10. Үміткер, егер жалпы орташа балл кемінде терт балл құраса, аттестаттаудан өтті деп есептеледі.
Үміткер, егер жалпы орташа балл төрт баллдан кем құралса, аттестаттаудан өтпеді деп есептеледі.
Аттестаттау нәтижелері бойынша Аттестаттау комиссиясы оны қабылдағаннан кейін келесі күннен кешіктірмей үміткерге тапсырылатын, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша аттестаттау туралы не аттестаттаудан өтпегені туралы дәлелді шешім шығарады.
Аттестаттау комиссиясының аттестаттаудан өтпегені туралы шешіміне сотқа шағымдануға болады.
11. Аттестаттау комиссиясы отырысының барысы хаттамада тіркелуге тиіс.
Хаттамада:
1) отырыстың күні мен өтетін орны;
2) отырыстың басталатын және аяқталатын уақыты;
3) қатысып отырған Аттестаттау комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты;
4) күн тәртібі;
5) күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған шешімдер;
6) үміткерлерге аттестаттаудан ету тәртібін түсіндіру;
7) үміткердің тегі, аты, әкесінің аты;
8) тестілеу нәтижелері;
9) әр үміткердің емтихан билеттерінің нөмірі мен мазмұны;
10) емтихан билеті бойынша ауызша емтиханды тапсыру нәтижелері бойынша әр үміткерге Аттестаттау комиссиясының мүшелері қойған бағалар;
11) Аттестаттау комиссиясының шешімі көрсетіледі.
Аттестаттау комиссиясының хаттамасына аттестаттауға қатысқан барлық мүшелер қол қояды. Хаттамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар онда жазылуға және аттестаттауға қатысқан мүшелердің қолымен куәландырылуға тиіс.
12. Аттестаттау комиссиясы отырысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудио- және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында осы құралдарды пайдалану кезінде алынған стенограмма, аудио- және (немесе) бейнежазбалар отырыс хаттамасына қоса тіркеледі және Аттестаттау комиссиясының материалдарымен бірге сақталады.
13. Аттестаттауға келмеген үміткер осы бапта көзделген тәртіппен Аттестаттау комиссиясының келесі отырысына шақырылады.
Аттестаттау комиссиясының отырысына үміткер қайтадан келмеген жағдайда аттестаттау материалдары Аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша қайтаруға жатады.
14. Аттестаттаудан өтпеген адам алты ай өткен соң аттестаттауға қайтадан жіберіледі.»;
3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның
қолданысын тоқтата тұру
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы:
1) адам мемлекеттік қызметте болған;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін мәслихат депутатының өкілеттіктерін орындаған;
3) мерзімді әскери қызмет өткерген;
4) осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша оның адвокаттар алқасының мүшелігінен шығарылуы;
5) заңды тұлғаны тіркемей кәсіби қызметін дара жүзеге асыратын адвокатта қызметтік үй-жайы нақты болмаған;
6) оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, адвокат кәсіпкерлік немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналысқан, сондай-ақ адвокат коммерциялық ұйым құрған, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқау кеңесінің құрамына енген кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Адвокат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адвокаттар алқасының мүшелігіне кіргеннен кейін бір айдың ішінде адвокаттық қызметпен айналысу уақытында өзіне заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы оның меншігіндегі үлесті (акциялар пакетін) және пайдалану табыс алуға әкеп соқтыратын өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландыруға жатады. Адвокат өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады. Адвокат сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен табыс алуға құқылы.
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның қолданысы адвокаттың тоқтата тұру мерзімі көрсетілген өтінішінің негізінде де тоқтатыла тұруы мүмкін.
Көрсетілген жағдайларда лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығымен тоқтатыла тұрады. Қабылданған шешім туралы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған адам, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
3. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде адвокаттық қызметпен айналысуға тыйым салуға әкеледі.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның қолданылуын қалпына келтіру адвокаттың өтініші бойынша он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығының және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін негіздердің тоқтатылғанын растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Лицензияның қолданылуы қалпына келтірілгендігі туралы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған адамға, соттарға, құқық қорғау органдары мен адвокаттар алқасына хабарланады.
5. Адвокат лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе лицензиясының қолданылуын қалпына келтіруден бас тарту туралы шешімге сотқа шағым беруге құқылы.»;
4) 13-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «өкілеттігі» деген сөзден кейін «заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі, ал өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей дербес жүзеге асырған кезде адвокаттар алқасының төралқасы берген» деген сөздермен толықтырылсын.
5) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Адвокаттың міндеттері
1. Адвокат:
1) өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстанның адвокаттар одағының төралқасы бекітетін Адвокаттың кәсіптік этика кодексінің нормаларын сақтауға;
2) өзінің кәсіби қызметінде адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің принциптерін басшылыққа алуға;
3) өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға міндетті.
2. Егер адвокат:
1) заң көмегін сұрап өтініш жасаған адамның мүддесіне қайшы келетін істің негізіне жеке мүддесі болған;
2) осы іс бойынша ол мүдделері көмек сұрап өтініш жасаған адамның (тараптардың өзара келісімі бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделеріне қайшы келетін адамдарға заң көмегін көрсетіп жүрген немесе бұдан бұрын көрсеткен;
3) судья, прокурор, анықтауды жүргізуші адам, тергеуші, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбірленуші немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретінде іске қатысқан;
4) істі тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысқан жағдайда, ол заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға міндетті.
3. Адвокат заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті және көмек сұрап әтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ.
4. Іс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына, өз өкілеттігін мүддесін қорғайтын немесе білдіретін адамға зиян келтіріп пайдалануына тыйым салынады.
5. Адвокаттың қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім шығарылған жағдайда оған белгіленген тәртіппен шағым жасауға міндетті.
Адвокат сенім білдірушінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қолайлы әсерін тигізетін іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау жөніндегі кез келген, заңмен тыйым салынбаған іс-әрекеттерді орындауға міндетті.
6. Адвокатқа мемлекеттік қызметте болуға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйым құруға, коммерциялық ұйымның басқарушы органының құрамына немесе байқау кеңесінің құрамына енуге, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.»;
6) 19-баптың бірінші бөлігінде:
«заң консультациясы» деген сөздерден кейін «, оның ішінде мамандандырылған заң консультациясы» деген сөздермен толықтырылсын;
«сондай-ақ» деген сөз «не» деген сезбен ауыстырылсын;
7) 20-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Адвокаттар алқасы қауымдастық (одақ) нысанындағы Қазақстанның адвокаттар одағына және өзге де қоғамдық бірлестіктерге ерікті бірігуге құқылы.
Қазақстанның адвокаттар одағы заңда белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс. Қазақстанның адвокаттар одағының өкілеттігі осы Заңмен және оның жарғысымен айқындалады.
Өзге қоғамдық бірлестіктердің өкілеттігі олардың жарғыларымен айқындалады.»;
8) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Қазақстанның адвокаттар одағының өкілеттігі
1. Қазақстанның адвокаттар одағының негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік органдарда адвокаттардың және адвокаттар алқаларының мүдделерін білдіру және қорғау;
2) адвокаттар көрсететін заң көмегінің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсаттарда Қазақстанның адвокаттар одағы:
1) адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда адвокаттар алқалары мен адвокаттардың мүдделерін білдіреді;
3) адвокатура мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң жобалау қызметіне қатысады;
4) адвокаттардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша оқуды үйымдастырады, адвокаттарды кәсіби оқыту бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, адвокаттар тағылымдамасынан өтушілерді кәсіби даярлау багдарламасын келіседі;
5) адвокатура мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлейді;
6) Адвокаттардың кәсіби этикасы кодексін әзірлейді және бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.
2. Қазақстанның адвокаттар одағының атқарушы органдарын, оның басшыларын сайлау тәртібі, олардың өкілеттіктерінің мерзімі Қазақстанның адвокаттар одағының жарғысымен айқындалады.»;
9) 21-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы алып тасталсын;
10) 24-баптың 2-тармағында:
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) адвокаттар алқасына оны қабылдаған күннен бастап алты айдың ішінде адвокат төлейтін және адвокаттар алқасының тек материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын нығайтуға жұмсалатын ең төменгі есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін бастапқы нысаналы жарна ставкаларын белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) ауылдық елді мекенде адвокаттық қызметті кемінде үш жыл міндетті жүзеге асыру шартымен адвокаттардың алқа мүшелігіне қабылданатын адвокаттарды бастапқы нысаналы жарна төлеуден босатады;
4-3) ең төменгі есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін айсайынғы мүшелік жарна ставкаларын белгілейді, бұл ретте ауылдық елді мекендерде кәсіби қызметін жүзеге асыратын, не кемінде бір жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттар белгіленген ставкадан елу пайыз мөлшерінде ай сайынғы мүшелік жарналарды төлейді;
4-4) ай сайынғы мүшелік жарнаны төлеуден жүктілігі және туу бойынша, не үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде адвокаттарды және уақытша еңбекке жарамсыз болу салдарынан қатарынан екі айдан артық адвокаттық қызметті жүзеге асырмаған адвокаттарды босатады;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Заңда көзделген негіздер бойынша адвокат лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне өтініш жасайды;»;
11) тармақша «заң консультацияларын,» деген сездерден кейін «оның ішінде мамандандырылған заң консультацияларын құрады, оларды кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді,» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
1. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып, сайланған күніне дейін кемінде екі жыл тікелей адвокаттар алқасының мүшесі болған адвокат сайлана алады.
Бұл ретте бір адам қатарынан екі мерзімнен артық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымында бола алмайды.
2. Алқаның жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы:
1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етеді және төралқаның, алқа мүшелерінің жалпы жиналыстары (конференциялары) шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
2) төралқа аппаратының жұмысына басшылық жасайды, алқа аппаратының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасын білдіреді;
4) адвокат таңдаған адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысанын және заңды мекен-жайын көрсетіп, адвокаттар алқасына мүшелікке кірген лицензиаттар туралы, сондай-ақ шығару себебін көрсетіп, адвокаттар алқасы мүшелігінен шығарылғандар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітетін нысан бойынша адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етеді;
6) тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің аумақтық органына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттар көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу туралы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өндіру туралы өтінімді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
7) тағылымдамадан өтушілерді кәсіби даярлау бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді;
8) Қазақстанның адвокаттар одағы бекітетін адвокаттарды кәсіби оқыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді;
9) адвокаттар алқасы өкілінің әділет органдарына келіп түскен адвокаттар көрсеткен заң көмегінің сапасына жеке және заңды тұлғалардың шағымдарына тексеру жүргізуге қатысуын қамтамасыз етеді, тексеру жүргізу үшін қажетті ақпарат пен мәліметті ұсынады.
Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа да өкілеттіктері адвокаттар алқасының Жарғысымен белгіленеді.»;
12) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адвокаттар алқасына мүшелік міндетті болып табылады.
Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлардың бірінің анықталуы негіз болып табылады.
Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.»;
13) 29 және 30-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Адвокаттар алқасы мүшесінің міндеттері
1. Адвокаттардың осы Заңның 15-бабында көзделген жалпы міндеттерінен басқа, адвокаттар алқасының мүшесі:
1) адвокаттар алқасы Жарғысының талаптарын сақтауға;
2) адвокаттар алқасы мен оның органдарының жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
3) құқықтық насихат жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
4) бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелік жарналар төлеуге;
5) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы статистикалық есепті ұстауға;
6) тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне лицензиялау туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және жағдайларда беруге;
7) өзінің заңды мекен-жайының өзгергені туралы адвокаттар алқасы төралқасын хабардар етуге;
8) адвокаттар көрсеткен заң көмегінің сапасына жеке немесе заңды тұлғалардың шағымдарын тексеру жөніндегі комиссияға тексеру үшін қажет материалдарды ұсынуға міндетті.
2. Адвокаттар алқасының мүшесі адвокаттар алқасының алдында бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелік жарналар төлеу міндеттемесінен басқа, өзгедей біржақты мүліктік міндеттемелерді мойнына алмайды.
30-бап. Адвокаттардың тәртіптік жауапкершілігі
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, Адвокаттардың кәсіби этика кодексінің, Адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғаны үшін адвокат мынадай тәртіптік жауапкершілік шараларының біріне тартылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиядан айыру туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне өтініш бере отырып, адвокаттар алқасы мүшелігінен шығару.
2. Тәртіптік іс жүргізу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретіне жатады.
3. Тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде, тексеру материалдарында және соттардың жеке қаулыларында, құқық қорғау органдарының үсынымдарында жазылған фактілерді растайтын мән-жайлардың болуы негіз болып табылады.
Тәртіптік іс жүргізуді тексеру материалдарын, тексеру материалдарымен танысқаннан кейін жасалған адвокаттың жазбаша түсініктемесін және тараптар ұсынған басқа да материалдарды қарау қорытындысы бойынша адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы не адвокаттар алқасының төралқасы қозғауы мүмкін.
Ұсынылған материалдар толық болмаған жағдайда адвокаттар алқасы төралқасының терағасы не адвокаттар алқасының төралқасы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратады.
4. Тәртіптік жазаны тәртіптік теріс қылық анықталғанда тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей, адвокаттың науқас болған, оның демалыста, іссапарда болған немесе адвокаттың сот тәртібімен адвокаттар алқасы төралқасына келіп түскен жеке немесе заңды тұлғаның өтінішіне, соттың жеке қаулысына немесе құқық қорғау органының ұсынымына шағым берген уақытын есептемей, адвокаттар алқасының төралқасы қолданады.
5. Тәртіптік іс жүргізу адвокаттың, қажет жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің қатысуымен қаралады. Тәртіптік іс жүргізудің қаралатын орны, күні мен уақыты туралы адвокатқа, қажет жағдайда шағыммен жүгінген адамға төралқа отырысы басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарланады. Адвокаттың төралқа отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі қолда бар материалдардың негізінде тәртіптік істі қарауға кедергі келтірмейді.
Адвокаттар алқасының төралқасы оның мүшелерінің кемінде жартысы болған кезде тәртіптік істі қарауға қүқылы.
Адвокаттар алқасының төралқасы тәртіптік іс материалдарын жан-жақты, объективті және алаламай зерттейді, адвокатқа тәртіптік ықпал ету шарасын қолдану үшін негіздердің бар-жоғын белгілейді.
Тәртіптік ықпал ету шараларын айқындау кезінде:
1) теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;
2) теріс қылық жасалған мән-жайлар;
3) жасалған теріс қылық әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін теріс салдарлар;
4) адвокаттың бұрынғы мінез-қүлығы;
5) адвокаттық қызмет стажы;
6) адвокаттың жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар ескеріледі.
Шешім ашық дауыс берумен қабылданады және оған отырысқа қатысушы төралқа мүшелерінің кемінде жартысы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тәртіптік теріс қылықты жасағаны үшін адвокатқа бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
Төралқа шешімі тәртіптік істі қарауға қатысқан төралқа төрағасы мен мүшелері қол қоятын қаулы түрінде ресімделеді. Тәртіптік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесі адвокатқа оны шығарған күнінен бастап үш жүмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы қабылданған шешім туралы өтініштері бойынша тәртіптік іс жүргізу қозғалған адамдарды хабардар етеді.
6. Төралқаның тәртіптік жаза қолдану туралы шешіміне адвокат өзіне адвокаттар алқасының төралқасы қаулысының көшірмесі тапсырылған күнінен бастап бір ай мерзімде сот тәртібімен шағым бере алады.
7. Егер жаза қолданылған күнінен бастап алты айдың ішінде адвокатқа жаңа жаза қолданылмаса, оған жаза қолданылмаған болып есептеледі.
Тәртіптік жазаны адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындауға адал қараған және оның мінез-құлқы мінсіз болған жағдайда адвокаттар алқасы төралқасы төрағасының бастамасы бойынша не заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе басшыларының өтініші бойынша адвокаттар алқасының төралқасы мерзімінен бұрын алып тастайды.
8. Осы баптың жетінші тармағында көрсетілген мерзімдер өткенге дейін адвокатпен бірнеше мәрте теріс қылық жасау кезінде жазалау шарасы ұлғаяды. Жыл ішінде қайталап теріс қылық жасалған кезде, қатаң сөгіс алған адвокатқа адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алдына өтінішті қозғай отырып, адвокаттар алқасының мүшелігінен шығару түріндегі жаза қолданылады.»;
14) мынадай мазмұндағы 34-баппен толықтырылсын:
«34-бап. Әділет органдары
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өз өкілеттіктері шегінде:
1) адвокаттардың осы Заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді, осы мақсаттарда адвокаттар алқасынан, сот, құқық қорғау және өзге де органдар мен ұйымдардан қажетті мәліметтерді сұратады;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітетін нысан бойынша адвокаттар алқасы ұсынатын адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді жинақтайды;
3) лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар тізілімін жүргізеді;
4) электронды бұқаралық ақпарат құралдарында адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру және қалпына келтіру, лицензияларынан айыру және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын лицензиаттар тізімдерін жариялауды қамтамасыз етеді;
5) Аттестаттау комиссиясының қызметін және оның қызметі туралы талдау-ақпараттық есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.
2. Аумақтық әділет органы өз құзыретінің шегінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттар алқасы өкілінің қатысуымен адвокаттар көрсеткен заң көмегінің сапасына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды тексеру жөніндегі комиссия құрады. Тексеру он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Шағымдарды тексеру жөніндегі комиссия:
1) іс-әрекетіне шағым жасалған адвокаттан, өтініш берушіден, адвокаттар алқасынан, соттардан, прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан, сондай-ақ басқа да органдардан анықтамаларды және өзге де ақпаратты сұратуға;
2) шағымдағы дәлелдерді тексеру үшін қажет іс жүргізу және өзге де құжаттармен танысуға;
3) адвокаттың әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Адвокаттың кәсіби этика кодексінің нормаларын бұзушылықтың бар-жоғына қатысты қорытындыны қамтитын жүргізілген тексеру нәтижелері туралы анықтама, сондай-ақ ұсынымдар жасауға құқылы.
Ұсынымдармен анықтаманың бір данасы тексеру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей адвокатқа тапсырылады, екінші данасы келіп түскен күннен бастап екі апта мерзімде комиссия мүшелерінің, іс-әрекетіне шағым жасалған адвокаттың және қажет жағдайда өтініш берушінің қатысуымен адвокаттар алқасының төралқасына қарауға жіберіледі.
Комиссия заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік ету жөніндегі шығыстарды өндіру бойынша сомаларды қайтаруға қатысты өтініштерді тексеруге құқылы емес.».
3. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
22-баптың 6-тармағында «адвокаттар алқасы мүшелері мен тағылымдамадан өтуші адвокаттардың тәртіптік жауапкершілігі және жауапкершілікке тарту тәртібі,» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті