Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
04 «Білім беру» деген функционалдық топта:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген әкімші бойынша:
005 «Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» деген бағдарламада:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
«Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп интернат» деген жолда «1 467 072» деген сандар «1 205 460» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасының орталық ғылыми кітапханасы» РМҚК ғимараттарының кешенін реконструкциялау» деген жолда «714 494» деген сандар «951 636» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 450 орындық жатақханасын салу |
24 470 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов