Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:
7-тармақ «35-А көше» деген сөздер «Орынбор көшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 61) тармақшамен толықтырылсын:
«61) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізу;»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлық шараларының қабылдануына дербес жауапты болады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов