«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін Сингапурдағы (Сингапур) 2010 жылғы I Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарындағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеудің мынадай мөлшері бекітілсін:
1) спортшылар үшін:
алтын медаль үшін - 10000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
күміс медаль үшін - 5000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
қола медаль үшін - 3000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
2) жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушылар үшін:
алтын медаль үшін - 5000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
күміс медаль үшін - 3000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде;
қола медаль үшін - 2000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов