Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1040 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 8 қазандағы
№ 1040 қаулысымен 
бекітілген    

Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарда және оны қолдану тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) абоненттік терминал - байланыс желілері бойынша дабыл беру арқылы объектінің орналасу орнын айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің қондырғысы;
      2) диспетчерлік орталық - Қазақстан Республикасында тіркелген спутниктік навигация қызметтерін көрсету операторы;
      3) штаттық режим - белгіленген уақыт параметрлеріне сәйкес көлік құралының орналасқан жері туралы дабыл берілетін абоненттік терминалдың жұмыс режимі;
      4) штаттан тыс режим - көлік құралының орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі болмаған не дабыл беру белгіленген уақыт параметрлері бұзылған жағдайдағы абоненттік терминалдың жұмыс режимі.

2. Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар

      3. Абоненттік терминал мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) терминалдың пайдалану сапасын сыртқы жағдай әсерінен (атмосфера әсерінен, температураның ауытқуы, жоғары ылғалдылық, дірілдеу) жұмыс істеу қалпында сақтауына мүмкіндік беретін берік материалдардан жасалған корпусының болуы;
      2) рұқсатсыз алуды болдырмау мақсатында және оны көлік құралының ішіне стационарлық бекітуге сәйкестендіру құралдарын салуға мүмкіндік беретін конструкциясының болуы;
      3) кедендік бақылаудағы тауарлардың өткізілуіне бүкіл бағыт бойы тұрақты дабыл беруді қамтамасыз етуі.

3. Техникалық жабдықты қолдану тәртібі

      4. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылауда тасымалдау үшін пайдаланылатын әрбір көлік құралын абоненттік терминалмен жарақтандырады.
      5. Көлік құралына қондырылған абоненттік терминал көлік құралының орналасқан жері туралы дабыл беруді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қамтамасыз етеді.
      6. Абоненттік терминал қондырылған көлік құралын пайдалану басталғанға дейін кедендік тасымалдаушыны тіркеген кеден органы абоненттік терминалға пломба салады.
      Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде абоненттік терминалдың болмауы не оның ақаулы болуы, сонымен қатар сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
      7. Абоненттік терминал диспетчерлік орталықтардың біріне қосылады. Кедендік тасымалдаушы диспетчерлік орталық арқылы кеден органына көлік құралының өткізілуі туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді, ол:
      1) көлік құралына қондырылған абоненттік терминалдың дабылдарын қабылдау мен өңдеуді;
      2) абоненттік терминалдың қабылданған дабылдары негізінде көлік құралының орналасқан жерін анықтауды;
      3) абоненттік терминалды қосу және сөндіру күні мен уақытын белгілеуді;
      4) пароль белгілеу, есепке алу жазбаларын әкімшілендендіру арқылы ақпаратқа қол жеткізуді шектеуді;
      5) кеден органына көлік құралы туралы ақпарат ұсынуды;
      6) көлік құралы туралы ақпаратты 3 жыл ішінде мұрағаттау мен сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
      8. Абоненттік терминалдың техникалық параметрлері шығарушы зауыттың техникалық шарттары мен параметрлеріне сәйкес белгіленеді.
      9. Штаттық режимде жұмыс істейтін кедендік бақылаудағы тауарлар өткізілетін көлік құралдарына қондырылған абоненттік терминалдардың дабылы үшін көлік құралының орналасқан жері туралы абоненттік терминалдың дабыл беру арақашықтығы 60 минуттан аспайды.
      10. Абоненттік терминал штаттан тыс жұмыс істеу режимнің функциясын ұстайды, ол автоматты режимде мынадай жағдайларда енгізіледі:
      1) көлік құралының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаса;
      2) көлік құралында қондырылған абоненттік терминалдың белгіленген штаттық режимі бұзылғанда.
      Абоненттік терминалдың қауіпті дабылдар беруінің басталуы штаттан тыс режим енгізілген сәттен бастап 5 минуттан аспауға тиіс.
      11. Абоненттік терминал кедендік бақылаудағы тауарларды бүкіл өткізу кезеңіне жұмыс істейтін қалыпта және дабыл беру режимінде болады.
      12. Абоненттік терминалды қосу тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылғаннан кейін қамтамасыз етіледі, ал кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін абоненттік терминалды сөндіруге жол беріледі.

Об утверждении требований к техническому оборудованию и порядка его применения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2010 года № 1040. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2015 года № 685

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 685 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 228

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 34 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые требования к техническому оборудованию и порядок его применения.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 8 октября 2010 года № 1040

Требования к техническому оборудованию и порядок его применения

1. Общие положения

      1. Настоящие Требования к техническому оборудованию и порядок его применения разработаны в соответствии с подпунктом 7) статьи 34 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О таможенном деле в Республике Казахстан".
      2. В настоящих Требованиях к техническому оборудованию и порядке его применения используются следующие понятия:
      1) абонентский терминал - устройство системы спутниковой навигации, позволяющее определять местоположение объекта посредством передачи сигнала по каналам связи;
      2) диспетчерский центр - оператор предоставления услуг спутниковой навигации, зарегистрированный в Республике Казахстан;
      3) штатный режим - режим работы абонентского терминала, при котором сигнал о местонахождении транспортного средства передается в соответствии с установленными временными параметрами;
      4) нештатный режим - режим работы абонентского терминала в условиях отсутствия возможности определения местонахождения транспортного средства либо нарушения установленных временных параметров передачи сигнала.

2. Требования к техническому оборудованию

      3. Абонентский терминал должен соответствовать следующим требованиям:
      1) иметь корпус из прочного материала, позволяющий сохранять эксплуатационные качества терминала в рабочем состоянии под воздействием внешних условий (атмосферные влияния, перепады температур, повышенная влажность, вибрация);
      2) иметь конструкцию, позволяющую его стационарное крепление, внутри транспортного средства и наложение средств идентификации (пломбирование) в целях исключения несанкционированного снятия;
      3) обеспечивать устойчивую передачу сигналов на протяжении всего маршрута перемещения товаров под таможенным контролем.

3. Порядок применения технического оборудования

      4. Таможенный перевозчик оснащает каждое используемое для перевозок под таможенным контролем транспортное средство абонентским терминалом.
      5. Абонентский терминал, установленный на транспортное средство, обеспечивает передачу сигнала о местонахождении транспортного средства на всей территории Республики Казахстан.
      6. До начала эксплуатации транспортного средства с установленным абонентским терминалом абонентский терминал опломбировывается таможенным органом регистрации таможенного перевозчика.
      Несоблюдение таможенным перевозчиком условий и обязанностей, предусмотренных таможенным законодательством Таможенного союза и/или Республики Казахстан для осуществления такой деятельности, в том числе отсутствие либо неисправность абонентского терминала, а равно изменение, удаление, уничтожение, повреждение либо утрата средств идентификации влекут за собой ответственность в соответствии с Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях.
      7. Абонентский терминал подключается к одному из диспетчерских центров. Таможенный перевозчик обеспечивает доступ таможенному органу  к информации о перемещении транспортного средства посредством диспетчерского центра, который должен обеспечивать:
      1) прием и обработку сигналов абонентского терминала, установленного на транспортном средстве;
      2) определение местонахождения транспортного средства на основании принятых сигналов абонентского терминала;
      3) фиксацию даты и времени включения и выключения абонентского терминала;
      4) ограничение доступа к информации посредством установления паролей, администрирование учетных записей;
      5) предоставление таможенному органу информации о транспортном средстве;
      6) архивацию и хранение информации о транспортном средстве в течение 3 лет.
      8. Технические параметры абонентского терминала устанавливаются в соответствии с техническими условиями и параметрами завода изготовителя.
      9. Для сигналов абонентских терминалов, работающих в штатном режиме, установленных на транспортных средствах перемещающих товары под таможенным контролем, периодичность передачи сигнала абонентского терминала о местонахождении транспортного средства, составляет не более 60 минут.
      10. Абонентский терминал поддерживает функцию нештатного режима работы, который вводится в автоматическом режиме в следующих случаях:
      1) невозможности определения местонахождения транспортного средства;
      2) нарушения установленного штатного режима абонентского терминала, установленного на транспортном средстве.
      Начало передачи тревожных сигналов абонентского терминала не должно превышать 5 минут с момента введения нештатного режима.
      11. Абонентский терминал находится в исправном состоянии и режиме передачи сигнала на весь период перемещения товаров под таможенным контролем.
      12. Включение абонентского терминала обеспечивается после помещения товаров под таможенную процедуру таможенного транзита, а отключение допускается после завершения таможенной процедуры таможенного транзита.