Белгілі ортағасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати мен қазақ батыры Райымбек Хангелдіұлын мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімінің Алматы қаласында Мұхаммед Хайдар Дулати мен Райымбек Хангелдіұлына ескерткіштер (бұдан әрі - ескерткіштер) орнату туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) ескерткіштердің құрылысына жер учаскелерін бөлуді жүргізсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Ескерткіштерді орнату «Мұхаммед Хайдар Дулати» қоғамдық қорының және «Райымбек батыр» республикалық қоғамдық бірлестігінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны назарға алынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов