Алматы қаласында Мұхаммед Хайдар Дулати мен Райымбек Хангелдіұлына ескірткіштер орнату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 17 Қаулысы

      Белгілі ортағасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати мен қазақ батыры Райымбек Хангелдіұлын мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімінің Алматы қаласында Мұхаммед Хайдар Дулати мен Райымбек Хангелдіұлына ескерткіштер (бұдан әрі - ескерткіштер) орнату туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) ескерткіштердің құрылысына жер учаскелерін бөлуді жүргізсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Ескерткіштерді орнату «Мұхаммед Хайдар Дулати» қоғамдық қорының және «Райымбек батыр» республикалық қоғамдық бірлестігінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны назарға алынсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады