Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы N 26 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      сегізінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық бюджетте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға:
      2010 - 15,4 млрд. теңге;
      2011 - 63,1 млрд. теңге;
      2012 - 70,3 млрд. теңге;
      2013 - 70,3 млрд. теңге көзделген.»;
      «Кіріспе» деген 2-бөлімде:
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге беретін және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде берілетін кредиттер субсидиялауға жатпайды.»;
      «Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
      «Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деген кіші бөлімде:
      «Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттарында»:
      үшінші бөлік «тобы» деген сөзден кейін «немесе Мемлекеттік комиссия» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлік «тобының» деген сөзден кейін «және/немесе Мемлекеттік комиссияның» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Екінші бағытты іске асыру тетігінде»:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Жұмыс тобы Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын қарастырады және қарастыру қорытындысы бойынша борышкердің Бағдарламаға қатысуын мақұлдайды немесе қабылдамайды.
      Егер борышкердің кредит (тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асатын болса және оның қызметінің өңірлер үшін жүйе құраушы маңызы болса, оның Бағдарламаға қатысуы Жұмыс тобының ұсынымы бойынша Мемлекеттік комиссиясының қарауына жіберілуі мүмкін.»;
      10-тармақ «тобы» деген сөзден кейін «немесе Мемлекеттік комиссия» деген сөздермен толықтырылсын;
      11 және 12-тармақтар «тобы» деген сөзден кейін «немесе Мемлекеттік комиссия» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
      «13. Мемлекеттік комиссия борышкердің Сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен:
      1) салықты және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеудің мерзімін ұзарту ұсынылған (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа);
      2) Жоспар шеңберінде басқа да шаралар ұсынылған жағдайда мақұлдайды.»;
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлім мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «2011 - 2014 жылдары міндеттерді шешу төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету, кәсіпкерлік секторды нығайту.»;
      «Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімдегі бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2010 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджетте 15 421,2 млн. теңге, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде қаржы агентінің қызметтеріне ақы төлеуге 366 млн. теңге көзделеді.
      2011 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджетте 63,1 млрд. теңге, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде қаржы агентінің қызметтеріне ақы төлеуге 732 млн. теңге көзделеді.
      2012 және 2013 жылдары Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджетте 70 332 млн. теңге көзделген.*
      Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
      * Ескертпе: республикалық бюджеттен берілетін қаражатты бағыттар бойынша үйлестіру жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.»;
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Егер борышкер кредит (тер) інің сомасы 3 млрд. теңгеден асатын болса, оның Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуын Жұмыс тобы немесе Мемлекеттік комиссия қарайды.
      Мөлшері 3 млрд. теңгеден асатын кредиттер:
      1) өңірде халықтың жұмыспен қамтылуын қолдауда және өсіруде;
      2) жергілікті бюджеттің кіріс базасын қалыптастыруда;
      3) өңір экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз етуде;
      4) шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортқа бағдарлануын немесе импорт алмастыруын қамтамасыз етуді дамытуда өңір үшін жүйе құраушы маңызы бар кәсіпорынды сауықтыру қажеттілігі туралы өңір әкімдігінің оң қорытындысының негізінде Жұмыс тобының және/немесе Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарылады.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Жұмыс тобы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының материалдарын қарайды және қарау қорытындылары бойынша борышкердің Бағдарламаға қатысуын мақұлдайды немесе қабылдамайды.
      Егер борышкер кредит (тер) інің сомасы 3 млрд. теңгеден асатын болса және оның қызметінің өңір үшін жүйе құраушы маңызы болса, оның Бағдарламаға қатысуы Жұмыс тобының ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссиясының қарауына шығарылуы мүмкін.»;
      50, 51, 52, 54, 55 және 63-тармақтар «тобы» және «тобының» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе Мемлекеттік комиссия» және «немесе Мемлекеттік комиссияның» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2010 года № 301 и от 10 июня 2010 года № 556

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2011 года № 26. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 168

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.03.2015 № 168.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2010 года № 301 "Об утверждении Программы "Дорожная карта бизнеса 2020":
      в Программе "Дорожная карта бизнеса 2020", утвержденной указанным постановлением:
      в разделе 1 "Паспорт Программы":
      строку "Источники и объемы финансирования" изложить в следующей редакции:
      "В республиканском бюджете на реализацию Программы "Дорожная карта бизнеса 2020" предусмотрено:
      2010 - 15,4 млрд. тенге;
      2011 - 63,1 млрд. тенге;
      2012 - 70,3 млрд. тенге;
      2013 - 70,3 млрд. тенге;
      в разделе 2 "Введение":
      часть седьмую изложить в следующей редакции:
      "Субсидированию не подлежат кредиты, в которых кредитором являются государственные институты развития, а также кредиты, выдаваемые финансовыми институтами на переработку сельскохозяйственной продукции и субсидирующиеся в рамках бюджетных программ Министерства сельского хозяйства.";
      в подразделе "Второе направление: оздоровление предпринимательского сектора" раздела 4.3. "Задачи":
      в "Условиях субсидирования процентной ставки по кредитам Банков":
      в части третьей после слов "группой" дополнить словами "или Государственной комиссией";
      в части четвертой после слов "группы" дополнить словами "и/или Государственной комиссии";
      в Механизме реализации второго направления:
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      "9. Рабочая группа рассматривает материалы потенциальных участников программы и по итогам рассмотрения одобряет или отклоняет участие должника в Программе.
      Если, сумма кредита (тов) должника превышает 3 млрд. тенге и его деятельность носит системообразующее значение для региона, участие его в Программе может быть вынесено на рассмотрение Государственной комиссии по представлению Рабочей группы.".
      в пункте 10 после слова "группа" дополнить словами "или Государственная комиссия";
      в пунктах 11 и 12 после слова "группой" дополнить словами "или Государственной комиссией";
      дополнить пунктом 13 следующего содержания:
      "13. Государственная комиссия одобряет соответствующим протоколом участие должника в программе оздоровления в случае:
      1) предоставления отсрочки по уплате налогов и других обязательных платежей в бюджет (кроме индивидуального подоходного налога, удерживаемого у источника выплаты);
      2) предоставления других мер в рамках Плана.";
      в раздел 5 "Этапы реализации Программы" добавить часть следующего содержания:
      "В 2011 - 2014 годах решение задач будет реализовано по четырем направлениям: поддержка новых бизнес-инициатив, оздоровление предпринимательского сектора, снижение валютных рисков предпринимателей, усиление предпринимательского сектора."
      в разделе 6 "Необходимые ресурсы и источники их финансирования"  часть первую изложить в следующей редакции:
      "На реализацию Программы из республиканского бюджета в 2010 году предусматривается 15 421,2 млн. тенге, в том числе на оплату услуг финансового агента, оказываемых в рамках Программы 366 млн. тенге.
      На реализацию Программы из республиканского бюджета в 2011 году предусматривается 63,1 млрд. тенге, в том числе оплата услуг финансового агента, оказываемых в рамках Программы 732 млн. тенге.
      На реализацию Программы в 2012 и 2013 годах из республиканского бюджета предусмотрено 70 332 млн. тенге.*
      Дальнейшее финансирование Программы будет осуществляться в рамках средств, предусмотренных в республиканском бюджете на соответствующие финансовые годы.
      * Примечание: Распределение средств по направлениям из республиканского бюджета будут уточняться при формировании соответствующих бюджетов на планируемый период.";
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 10 июня 2010 года № 556 "О некоторых мерах по реализации Программы "Дорожная карта бизнеса 2020":
      в Правилах субсидирования ставки вознаграждения по кредитам банков второго уровня субъектам частного предпринимательства в рамках второго направления "Оздоровление предпринимательского сектора" Программы "Дорожная карта бизнеса 2020":
      пункт 17 изложить в следующей редакции:
      "17. Если сумма кредита (тов) должника превышает 3 млрд. тенге, участие его во втором направлении реализации Программы рассматривается Рабочей группой или Государственной комиссией.
      Кредиты, размер которых превышает 3 млрд. тенге, выносятся на рассмотрение Рабочей группы и/или Государственной комиссии на основании положительного заключения акимата региона о необходимости оздоровления предприятия, имеющего системообразующее значение для региона:
      1) в поддержании и росте занятости населения в регионе;
      2) в формировании доходной базы местного бюджета;
      3) в обеспечении диверсификации экономики региона;
      4) в развитии экспортоориентированости или обеспечения импортозамещения выпускаемых товаров, работ, услуг.";
      пункт 48 изложить в следующей редакции:
      "48. Рабочая группа рассматривает материалы потенциальных участников Программы и итогам рассмотрения одобряет или отклоняет участие должника в Программе.
      Если сумма кредита (тов) должника превышает 3 млрд. тенге и его деятельность носит системообразующее значение для региона, участие его в Программе может быть вынесено на рассмотрение Государственной комиссии по представлению Рабочей группы.";
      в пунктах 51, 52, 54, 55 и 63 после слов "группы" и "группой" дополнить словами "или Государственной комиссии" и "или Государственной комиссией" соответственно.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Kазахстан                       К. Масимов