Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік көрме орталығының аумағында Қазақстан Республикасының сауда-көрме орталығын құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік көрме орталығының аумағында Қазақстан Республикасының сауда-көрме орталығын құру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 қаңтардағы
№ 37 қаулысымен
мақұлданған
жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік көрме
орталығының аумағында Қазақстан Республикасының сауда-көрме
орталығын құру туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы достық қатынастарды ескере отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің Бүкілресейлік көрме орталығының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұрақты жұмыс істейтін көрмелерін құру туралы шешімін және осы мақсаттарда тиісті шарттық-құқықтық негіз құру қажеттілігін негізге ала отырып,
өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, мәдени, ғылыми, білім байланыстарын дамыту мүддесі үшін,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаты Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік көрме орталығының аумағында Қазақстан Республикасының сауда-көрме орталығын құру болып табылады.
2-бап
Осы Келісімнің 1-бабында көзделген мақсатта Ресей Тарапы жалпы ауданы 4833,1 ш.м құрайтын, Мәскеу қаласы, Мир даңғылы, 119-үй, 11-құрылыста орналасқан «Металлургия» павильоны федералдық маңызы бар мәдени мұра объектісін (бұдан әрі - объект) жылына 1 ресей рублі мөлшерін құратын жалдау ақысымен және объект тікелей алып жатқан және онымен тарихи және функционалдық байланысты жер учаскесін (бұдан әрі - жер учаскесі) жылына 1 ресей рублі мөлшерін құрайтын жалдау ақысымен Қазақстан Тарапына 50 жылға жалға береді.
Ресей Тарапы жер учаскесін Қазақстан Тарапына жер учаскесін жалдау шартын жасасу құқығы үшін ақы алмай береді.
3-бап
Осы Келісімді іске асыру бойынша Тараптардың уәкілетті ұйымдары:
- Қазақстан Тарапынан - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
- Ресей Тарапынан - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік болып табылады.
Тараптардың әрқайсысы өзінің уәкілетті ұйымының өзгергені туралы басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды.
4-бап
Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 3 ай ішінде Тараптардың уәкілетті ұйымдары Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес осы Келісімнің 2-бабында көзделген талаптармен объекті мен жер учаскесін жалдау шартын жасасатын болады.
11-баптың ережелеріне сәйкес Келісімнің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, Тараптардың уәкілетті ұйымдары жаңа жалдау шарттарын осындай талаптармен кезекті 50 жылдық кезеңге жасасады.
5-бап
Ресей Тарапы осы объекті мен жер учаскесі осы Келісімнің мақсатында оларды пайдалануға кедергі келтіретіндей үшінші тұлғалардың борыштарынан, құқықтарынан бос екендігіне, кепілдікке берілмегендігіне және қандай да бір түрдегі ауыртпалықтары жоқ екендігіне кепілдік береді.
6-бап
Объекті мен жер учаскесі сауда-көрме қызметін жүзеге асыру, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, ұлттық тағам мейрамханаларын (дәмханаларын) ашу жолымен осы Келісімнің 1-бабында көзделген мақсатта қана пайдаланылады. Объектіні және жер учаскесін өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
7-бап
Жер пайдалану мен объектіні сақтау, пайдалану және мемлекеттік қорғау саласындағы қала құрылысы қызметіне байланысты қатынастар Ресей Федерациясының жер заңнамасымен, Ресей Федерациясының қала құрылысы туралы және сәулет қызметі туралы заңнамасымен, Ресей Федерациясының қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Ресей Федерациясы халықтарының мәдени мұра (тарих және мәдениет ескерткіштері) объектілерін сақтау, пайдалану және қорғау саласындағы заңнамасымен реттеледі.
8-бап
Объектіні күрделі жөндеу, жөндеу-реставрациялық жұмыстары, пайдалану және жер учаскесін күтіп ұстау, пайдалану жауапкершілігі шекарасы шегінде жөндеудің барлық түрлері мен инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау Қазақстан Тарапының уәкілетті ұйымының есебінен жүзеге асырылады.
9-бап
Осы Келісімді іске асыру барысында тараптар арасында туындайтын даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады.
10-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекеленген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
11-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім 50 жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы басқа Тарапқа ағымдағы кезең аяқталғанға дейін кемінде бір жыл бұрын өзінің осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы хабарламаса, келесі осындай кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
__________ Мәскеу қаласында қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей заңды күші бар.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 қаңтардағы
№ 37 қаулысымен
мақұлданған
жоба
Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Үкіметі арасындағы Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік көрме
орталығының аумағында Қазақстан Республикасының сауда-көрме
орталығын құру туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі,
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы достық қатынастарды ескере отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің Бүкілресейлік көрме орталығының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұрақты жұмыс істейтін көрмелерін құру туралы шешімін және осы мақсаттарда тиісті шарттық-құқықтық негіз құру қажеттілігін негізге ала отырып,
өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, мәдени, ғылыми, білім байланыстарын дамыту мүддесі үшін,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаты Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік көрме орталығының аумағында Қазақстан Республикасының сауда-көрме орталығын құру болып табылады.
2-бап
Осы Келісімнің 1-бабында көзделген мақсатта Ресей Тарапы жалпы ауданы 4833,1 ш.м құрайтын, Мәскеу қаласы, Мир даңғылы, 119-үй, 11-құрылыста орналасқан «Металлургия» павильоны федералдық маңызы бар мәдени мұра объектісін (бұдан әрі - объект) жылына 1 ресей рублі мөлшерін құратын жалдау ақысымен және объект тікелей алып жатқан және онымен тарихи және функционалдық байланысты жер учаскесін (бұдан әрі - жер учаскесі) жылына 1 ресей рублі мөлшерін құрайтын жалдау ақысымен Қазақстан Тарапына 50 жылға жалға береді.
Ресей Тарапы жер учаскесін Қазақстан Тарапына жер учаскесін жалдау шартын жасасу құқығы үшін ақы алмай береді.
3-бап
Осы Келісімді іске асыру бойынша Тараптардың уәкілетті ұйымдары:
- Ресей Тарапынан - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік;
- Қазақстан Тарапынан - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып табылады.
Тараптардың әрқайсысы өзінің уәкілетті ұйымының өзгергені туралы басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды.
4-бап
Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 3 ай ішінде Тараптардың уәкілетті ұйымдары Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес осы Келісімнің 2-бабында көзделген талаптармен объекті мен жер учаскесін жалдау шартын жасасатын болады.
11-баптың ережелеріне сәйкес Келісімнің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, Тараптардың уәкілетті ұйымдары жаңа жалдау шарттарын осындай талаптармен кезекті 50 жылдық кезеңге жасасады.
5-бап
Ресей Тарапы осы объекті мен жер учаскесі осы Келісімнің мақсатында оларды пайдалануға кедергі келтіретіндей үшінші тұлғалардың борыштарынан, құқықтарынан бос екендігіне, кепілдікке берілмегендігіне және қандай да бір түрдегі ауыртпалықтары жоқ екендігіне кепілдік береді.
6-бап
Объекті мен жер учаскесі сауда-көрме қызметін жүзеге асыру, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, ұлттық тағам мейрамханаларын (дәмханаларын) ашу жолымен осы Келісімнің 1-бабында көзделген мақсатта қана пайдаланылады. Объектіні және жер учаскесін өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
7-бап
Жер пайдалану мен объектіні сақтау, пайдалану және мемлекеттік қорғау саласындағы қала құрылысы қызметіне байланысты қатынастар Ресей Федерациясының жер заңнамасымен, Ресей Федерациясының қала құрылысы туралы және сәулет қызметі туралы заңнамасымен, Ресей Федерациясының қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Ресей Федерациясы халықтарының мәдени мұра (тарих және мәдениет ескерткіштері) объектілерін сақтау, пайдалану және қорғау саласындағы заңнамасымен реттеледі.
8-бап
Объектіні күрделі жөндеу, жөндеу-реставрациялық жұмыстары, пайдалану және жер учаскесін күтіп ұстау, пайдалану жауапкершілігі шекарасы шегінде жөндеудің барлық түрлері мен инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау Қазақстан Тарапының уәкілетті ұйымының есебінен жүзеге асырылады.
9-бап
Осы Келісімді іске асыру барысында тараптар арасында туындайтын даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады.
10-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекеленген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
11-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім 50 жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы басқа Тарапқа ағымдағы кезең аяқталғанға дейін кемінде бір жыл бұрын өзінің осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы хабарламаса, келесі осындай кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
__________ Мәскеу қаласында қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей заңды күші бар.
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін