Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.22 № 828 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) Қаулысымен
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік тарату жүйесі арқылы тарату қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 47 қаулысымен
бекітілген
Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату тәртібін айқындайды.
2. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламалары жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы коммерциялық негізде және республикалық бюджет қаражатының есебінен таралады.
3. Хабар таратудың жерсеріктік жүйелері халықаралық жерсеріктік ұйымдарға, жеке мемлекеттерге тиесілі орбиталық байланыс жерсеріктерін қамтиды.
Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату тәртібі
4. Отандық телевизия және радио бағдарламаларын коммерциялық тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт негізінде жүзеге асырылады.
5. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы республикалық бюджет қаражатының есебінен таратуды (бұдан әрі - еркін қолжетімді телевизия және радио бағдарламалары) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын байланыс операторы (бұдан әрі - Оператор) жүзеге асырады.
Операторды айқындау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6. Оператор теле- және радиосигналды біртұтас цифрлық стандартқа айналдыратын жерсеріктік телерадио хабарларын тарату тұрақтың ұсынуды және оны байланыс жерсерігінен жерүсті жеке қабылдаушы-жолдаушы құрылғысына ретрансляциялауды қамтамасыз етеді. Жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы тарату DVВ-S2 цифрлық стандартында жүзеге асырылады.
7. Еркін қолжетімді телевизия және радио бағдарламаларын тарату телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін (бұдан әрі - тізбе) конкурстық негізде қалыптастыруды және оны жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы одан әрі трансляциялауды білдіреді.
8. Тізбе конкурс өткізу жолымен қалыптастырылады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі — Комиссия) ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
9. Комиссия конкурсты өткізу барысында меншік нысандарына қарамастан, отандық телерадио хабарларын тарату ұйымдарының (бұдан әрі - Үміткер) өтінімдерін қарауды жүзеге асырады, сондай-ақ конкурс қорытындысы бойынша тізбені қалыптастыру жөнінде ұсынымдар қабылдайды.
Комиссияның ұсынымдары хаттама түрінде ресімделеді.
10. Тізбеге енгізуге құқық алуға арналған конкурс жыл сайын тиісті жылға арналған республикалық бюджет бекітілген сәттен бастап өткізіледі.
Телевизия және радио бағдарламалары тізбеге енгізілген телерадио хабарларын тарату ұйымдары Оператормен бір жыл мерзімге шарт жасасады.
Осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген бірінші конкурсты қоспағанда, конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама ол өткізілетін күнге дейін қырық күнтізбелік күн бұрын республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Уақтылы өтінім беріп, осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тиісті түрде ресімделген құжаттарды ұсынған Үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Комиссия осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тиісінше ресімделген өтінімдер және құжаттар салынған конверттерді конкурсты өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламада көрсетілген орында және мерзімде ашады, және конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады.
Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берген жағдайда Үміткерлер конкурс жеңімпаздары болып танылады.
11. Комиссияның хаттамасы және телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданады.
12. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы отандық телевизия және радио бағдарламаларын тарату жөніндегі бірінші конкурс осы Қағида қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өткізіледі.
Қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімдерді қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылады.
Комиссия берілген өтінімдерді, басқа құжаттарды қарайды және конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде бірінші конкурстың қорытындыларын шығарады.
Телерадио хабарларын тарату
ұйымдарының меншік
нысандарына қарамастан,
отандық телевизия және радио
бағдарламаларын жерсеріктік
тарату жүйесі арқылы тарату
қағидасына 1-қосымша
Қазақстан Республикасында
телерадио хабарларын
таратуды дамыту мәселелері
жөніндегі комиссияға
Жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы таралатын еркін
қолжетімді телевизия және радиобағдарламаларының тізбесіне
енгізу құқығын алуға
өтінім
Жалпы мәліметтер:
1. Толық атауы
Заңды тұлға/жеке тұлғаның аты-жөні_____________________________
2. Заңды мекенжайы:____________________________________________
3. Телефон, факс нөмірлері:____________________________________
4. Тақырыптық бағыты мен
бағдарламалардың атауы:________________________________________
Қоса берілетін құжаттар
1. ________________________
2. ________________________
3. ________________________
Қоса берілетін құжаттарымен бірге өтінімдерді қабылдау бірінші конкурсты қоспағанда, ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және конкурс өткізілетін күнге дейін он күнтізбелік күн қалғанда аяқталады.
Мына жағдайларда:
1) ұсынылған құжаттар конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермесе;
2) өтінімді Үміткер уәкілеттік бермеген адам берсе;
3) заңды тұлға - телерадио хабарларын тарату ұйымы акцияларының (үлестерінің, пайларының) 20 пайыздан астамын шетелдік жеке және заңды тұлға, азаматтығы жоқ тұлға тікелей және (немесе) жанама иеленсе, пайдаланса, билік етсе және (немесе) басқарса, конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді.
Бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы
М.О. 201__ ж. "__"_________
Өтінім 201___ж. "__"_________________қарауға қабылданды
_____________________________________________________________
(Комиссияның жұмыс органының жауапты адамының аты-жөні, қолы)
Телерадио хабарларын тарату
ұйымдарының меншік
нысандарына қарамастан,
отандық телевизия және радио
бағдарламаларын жерсеріктік
тарату жүйесі арқылы тарату
қағидасына 2-қосымша
Үміткердің конкурстық ұсыныстары
Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдердерді
қамтуға тиіс:
Шығармашылық ұсыныстар
Үміткер мыналарды ұсынуға тиіс:
- ТХ/РХ бағдарламаларын тарату кестесі;
- мынадай мәліметтерден тұратын ақпарат:
1) эфирге шығатын теле- және радио бағдарламаларының тақырыптық бағыты мен олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, талдау, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық бағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);
2) таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі бағдарламаларды трансляциялау уақыты;
3) жеке бағдарламалардың, сатып алынған бағдарламалар мен ретрансляциялардың арақатынасы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау кепілдігі;
5) кадрлық әлеуеті (шығармашылық, техникалық құрамы).
Техникалық ұсыныстар
Үміткер мыналарды ұсынуға тиіс:
- телерадио бағдарламаларын шығаратын стационарлық студиялық жабдықтың болуы, жай-күйі және түрі туралы ақпарат;
- ақпараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамасы;
- эфирге дыбысы мен бейнесі жоғары сапалы телерадио бағдарламаларын беру туралы міндеттеме;
- студиялық кешеннің орналасқан жері, бағдарламаларды орталық қабылдаушы-жолдаушы жерсеріктік станцияға жолдау тәсілі туралы ақпарат.
Қаржылық ұсыныстар
- берешекті төлей алушылықты дәлелдейтін құжаттар:
банк немесе банк филиалынан алдыңғы анықтама берілген уақыттан мерзімі өтіп кеткен үш айдан аса уақытқа созылған қарыздарының жоқтығы туралы банктің немесе банк филиалының қолы қойылған және мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
бірінші басшы немесе оны алмастырушы тұлғаның қолы қойылған соңғы қаржылық жылға арналған бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдыңғы уақыттағы салықтық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік төлемдер бойынша үш айдан артық берешегінің жоқтығы туралы немесе салықтық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік төлемдер бойынша бір уақыт ішінде бір теңгеден аз берешегінің болуы туралы салық органының тиісті анықтамасының түпнұсқасы;
- техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға жалпы шығындарды және басқа капитал салымдарын көрсету.
Үміткер өзінің пікірі бойынша Комиссияға конкурстық ұсыныстарды неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік беретін конкурстың мәні бойынша кез келген мәліметтерден тұратын қосымша құжаттарды ұсына алады.