Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 514 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 267-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:
бірінші бөлікте:
"болуы тиіс", "дайындалуы" және "біріктірілуі тиіс" деген сөздер "болады", "дайындалады" және "біріктіріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"этилденген бензиндерді айдау үшін жинақ резервуарымен, қалған жағдайларда" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші бөлікте:
"жүйелі түрде" деген сөздер алынып тасталсын;
"тексеруі тиіс" деген сөздер "тексереді" деген сөзбен ауыстырылсын;
81-тармақтың бірінші бөлігінде:
"этилденген,", "тиіс" деген сөздер алынып тасталсын;
"орналасуы" деген сөз "орналасады" деген сөзбен ауыстырылсын;
84-тармақ алынып тасталсын;
12 және 13-тараулар алынып тасталсын;
"Қолданысқа енгізілу мерзімдері мен талаптары" деген 14-тарау мынадай мазмұндағы 221-1-тармақпен толықтырылсын:
"221-1. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және мемлекеттік органдардың құзыреттері шегінде қалыптастырылатын өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен үйлестірілуге жатады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |