"Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 514 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған "Мұнай базаларының және автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 29 мамырдағы
N 514 қаулысымен
бекітілген

"Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) мұнай базаларының және стационарлық, контейнерлік, жылжымалы автожанармай құю станцияларының (бұдан әрі - автожанармай құю станциялары) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Регламент:

      1) мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына оларды жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары, пайдалану және жою кезінде қойылатын қауіпсіздіктің ең төменгі талаптарын;

      2) мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын сыртқы табиғи әсерлердің тәуекел дәрежесін, өндірістік және пайдалану факторларын, қоршаған орта ластануының ықтимал салдарын ескере отырып, регламент талаптарына сәйкестігін бағалауды және растауды белгілейді.

2. Терминдер мен анықтамалар

      3. Регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      автожанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшектеп сатуды қамтамасыз ететін жабдықтармен жарақтандырылған технологиялық кешен;

      жерасты резервуары (жерасты сақтау) - егер резервуардағы сұйықтықтың ең жоғарғы деңгейі шектесетін алаңның төменгі жоспарлы белгісінен кемінде 0,2 м-ден төмен болса (резервуар қабырғасынан 3 м шегінде), мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуар;

      мұнай базасы - мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға және көтерме сатуға арналған ғимараттар мен құрылыстар кешені, технологиялық жабдықтары, резервуарлық паркі, техникалық құрылғылары мен коммуникациялары бар ұйым;

      мұнай базасының немесе автожанармай құю станциясының паспорты - оның негізгі сипаттамалары және жауапты пайдаланушы, жүргізілген қайта жаңартулар мен жөндеулер туралы ақпаратты, жүргізілген тексерулер мен оның нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын құжат;

      мұнай базасының, автожанармай құю станциясының қауіпсіздігі - адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;

      мұнай базасын немесе автожанармай құю станциясын пайдалану - ғимараттардың (құрылыстардың) техникалық жай-күйін бақылау, диагностика, техникалық қызмет көрсету, мұнай базасының немесе автожанармай құю станциясының техникалық құрылғыларын ағымдағы жөндеу;

      мұнай базасындағы, автожанармай құю станциясындағы қауіпті заттардың шекті саны - мұнай базаларындағы, қоймалардағы, автожанармай құю станцияларындағы олардың болуы декларациялау үшін негіз болып табылатын мұнай өнімдерінің мөлшері;

      мұнай өнімдерін сақтау қоймасы - мұнай өнімдерін қабылдауды, сақтауды және беруді қамтамасыз ететін технологиялық құрылыстардың, жабдықтардың кешені;

      техникалық құрылғылар - технологиялық жабдықтар (құбыржолдарының жалғастырушы бөлшектерін, сорғыларды қоса алғанда, резервуарлар, цистерналар, баллондар, бөшкелер, құбыржолдар), агрегаттар (төгу-құю құрылғылары, жерасты құрылыстары, шағын көлемді қазандықтар), жапқыш, реттеуіш және сақтандырғыш арматура, олардың тораптары және құрамдас бөлшектері; электр қондырғылар; отын-тарату бағаналарын, өлшеу және автоматтандыру құралдарын қоса алғанда, есепке алу және бақылау тораптары; мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында қолданылатын сүзгілер-лас ұстағыштар;

      тәуекелді бағалау - қауіптіліктің іске асырылу мүмкіндіктері мен зардаптарын талдау және бағалау, жол берілмейтін тәуекелдің өлшемдерімен салыстыру;

      тәуекелдің жол берілетін деңгейі - қауіпсіздіктің қоғамдық танылған деңгейі.

3. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын
құру және пайдалану шарттары

      4. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында қолданылатын техникалық құрылғыларды, материалдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етіледі.

      5. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында техникалық құрылғыларды дайындау үшін қолданылатын материалдар мен дайын бұйымдардың сапасы мен техникалық сипаттамасы дайындаушының паспорттарымен немесе сертификаттарымен расталады.

      6. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына арналған техникалық құрылғыларды жеткізу кезінде техникалық құрылғыларды атауын, елін және дайындаушы кәсіпорынды (орындаушыны), рұқсат етілетін пайдалану мерзімін, қолданылу тәсілін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратпен сүйемелдеу көзделуге тиіс.

      7. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қауіпті қалдықтар паспорттары, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес санитарлық паспорты, МЕМСТ 17.0.0.04-90 сәйкес экологиялық паспорты және мұнай базасы немесе автожанармай құю станциясының паспорты жүргізіледі.

4. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын
жобалау
4.1. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын
жобалауға қойылатын жалпы талаптар

      8. Жобалау кезінде ұқсас объектілердегі авариялық статистикалық деректерді, құрылыс пен пайдаланудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, авариялар, жұмыс істемеу, сыртқы әсерлер, персоналдың болжамды қателіктері кезінде барлық болуы мүмкін қауіптер біріздендірілуі тиіс.

      9. Барлық біріздендірген қауіптер үшін тәуекелді есептік, тәжірибелік немесе талдамалық әдістермен бағалау жүргізіледі.

      10. Тәуекелге жүргізілген бағалауды ескере отырып, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын пайдалану кезінде тәуекелді жою немесе оны жол берілетін деңгейге дейін азайту үшін шаралар кешені анықталады.

      11. Жол берілетін тәуекелдерді анықтау кезінде жобалау ұйымы:

      мұнай базаларының, автожанармай құю станцияларының ерекшелігін;

      қабылданатын техникалық құрылғылардың сенімділігін;

      құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын;

      сыртқы табиғи әсерлерді;

      мұнай өнімдерінің пайдалану қасиеттерін;

      персоналдың қате іс-қимылдарын;

      қоршаған ортаның ластануының, құрылыс, қайта жаңарту және кәдеге жарату кезінде құнарлы топырақ қабатының, өсімдік жамылғысының бұзылуы салдарының ықтимал әсерін;

      авариялардың (жарылыс, уландырғыш залал, қоршаған ортаның ластануы) және аварияларды оқшаулау және олардың салдарларын жою кезінде құнарлы топырақ қабатының, өсімдік жамылғысының бұзылуларының зақымдайтын тәуекелдерін ескереді.

      12. Тәуекелді жол берілетін деңгейден төмендету мүмкін болмаған кезде жобада адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар жүйесі көзделеді.

      13. Мұнай базаларын жобалауға, ғимараттарды, құрылыстар мен техникалық құрылғыларды орналастыруға 2.09.02-85 ҚНжЕ, 3.02-15-2003 ҚНжЕ, 2.11.03-93 ҚНжЕ, 4.04.10-2002 ҚНжЕ, 2.04.05-2002 ҚНжЕ, 5.03-37-2005 ҚНжЕ, 2.02.-11-2002 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жол беріледі.

      Барлық типтегі автожанармай құю станцияларын жобалауға, оларға ғимараттарды, құрылыстар мен техникалық құрылғыларды орналастыруға 4.01-15-2001 ҚН, 3.05-15-2001 ҚН, 1.02.010-97 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жол беріледі.

      Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын сумен жабдықтауды және желдетуді жобалау 4.01.41-2006 ҚР ҚНжЕ, 4.01.02-2001 ҚР ҚНжЕ, 4.02.42-2006 ҚНжЕ, 2.02-14-2002 ҚР ҚН талаптарына сәйкес орындалады.

      14. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының жалпы торапты автомобиль жолдарына кем дегенде екі кіру қақпасы немесе мұнай базасына кірме жолдары болуы тиіс.

      Жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін ені 0,75 м-ден кем емес асфальттанған және тас төселген тротуарлар жобалануда. Өтпелер жұмысшылар үшін өте қолайлы бағыттар мен жерлер арқылы орнатылуы тиіс.

      15. Мұнай базалары мен автожанармай құю станциялары үшін өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға сәйкес санитарлық-қорғаныс аймақтары жобаланады.

      16. Мұнай базаларын салуға арналған жобалық құжаттамада мұнай базасының аумағын биіктігі 2 м-ден кем емес жанбайтын материалдардан жасалатын қоршаумен қоршау көзделуі тиіс. Қоршау ғимараттар мен құрылыстардан (әкімшіліктен басқа) кем дегенде 5 м қашықтықта болуы тиіс.

      17. Мұнай базасының аумағын функционалды пайдалану бойынша технологиялық байланыстарды, жүк айналымы мен көлік түрлерін, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да талаптарды ескере отырып, аймақтар мен учаскелерге бөлу қажет.

      18. Жарылу қаупі бар аймақтарда орналасқан электр жабдықтары мен автоматтандыру құралдарының орындалуы үй-жайлардың және сыртқы құрылғылардың жарылыс-өрт және өрт қаупі бойынша жіктемесіне сәйкес келуі тиіс.

      19. Қоршаған орта әсерінің агрессивтілік дәрежесін бағалау және жер үсті резервуарлары мен құбыржолдарының сыртқы бетін тоттанудан қорғау 2.01-19-2004 ҚР ҚНжЕ сәйкес жүзеге асырылады.

4.2. Резервуарлық парктерге және мұнай базалары мен
автожанармай құю станцияларының резервуарларына қойылатын
талаптар

      20. Резервуарлық парк:

      су басу, көшкін, тас құлау әсеріне және басқа да бұзатын геологиялық әсерлерге ұшырамайтын алаңда орналасуы;

      ауа райы жағдайына қарамастан, сақтау объектісіне жақын немесе тікелей орналасқан тұрақты орнатылған өртке қарсы жабдықтардың барлығына қол жеткізімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кірме жолдармен жабдықталуы тиіс.

      21. Жобалық шешімдер резервуарларды тасымалданатын заттармен толтырудың қауіпсіз процесін және олардың босатылуын, газ кеңістігінде қысымның артуы мен төмендеуінен қорғауды, өртке қарсы іс-шараларды, оның ішінде пирофорлы қосылыстар түзілуінің, түпкі шөгінділер мен қоспаларын (мысалы, "тауарлық" су) алып тастаудың, газ-ауа тығындыларының жүргізілген құбыржолдардан резервуарларға түсуінің алдын алу шараларын көздеуі тиіс.

      22. Резервуарлық парк, сорғы станцияларының резервуарлары мен сыйымдылықтары авария кезіндегі өнім ысырабы мен залалды барынша азайтуды және жақын орналасқан елді мекендердің, кәсіпорындардың, су объектілері мен көлік жолдарының аумағына төгілу мүмкіндігін болдырмауды ескере отырып, сақталатын өнімнің авариялық төгілулерін оқшаулау жүйесімен және жою құралдарымен орналастырылуы және жайғастырылуы тиіс.

      23. Резервуарлық парктерді жарықтандыру үшін жобамен резервуарлық парктің опырылуы шектеріне тікелей орналасқан діңгектерде орнатылған прожекторлар көзделуі тиіс.

      24. Дәнекерлеу және басқа да отпен істейтін жұмыстар үшін арнайы жабдықталған және белгілермен көрсетілген алаңдар көзделеді. Өрт жабдықтарына және өрт гидранттарына кірме жолдар мен өтпелер әрқашан бос болуы тиіс: өрт гидранттарына және өрт су айдындарына олардың орналасу орындарын тез анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш жазбалар ілінуі тиіс. Түнгі уақытта өрт гидранттары мен су айдындарындағы көрсеткіштерге жарық түсірілуі тиіс.

4.3. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының
құбырларына қойылатын талаптар

      25. Мұнай базалары құбырларының технологиялық схемасы мұнай өнімдерін айдау бойынша (төгу-құю, мұнай өнімдері құбырларынан қабылдау, базаішілік айдау, тұнбаны кетіру, резервуарларды босату және тазарту), барлық негізгі және қосалқы операциялардың орындалу мүмкіндігін, мұнай өнімін қажеттілік немесе авария жағдайында бір резервуардан басқасына айдау мүмкіндігін көздеуі тиіс.

      26. Құбыржолдардың технологиялық схемасы өнеркәсіп қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін сақтау, қоршаған ортаны қорғау кезінде мұнай өнімдерінің араласуын, ластануын, сулануы мен ысырабын болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.

      27. Әр түрлі мұнай өнімдерін құбырлар арқылы айдау жобаға сәйкес жүргізілуі тиіс. Авиациялық техникада қолданылатын мұнай өнімдерін, сондай-ақ тура айдалатын бензинді және басқа да этилденбеген бензиндерді мұнай өнімдерінің бір тобына ғана арналған жеке мұнай өнімдерінің құбырлары бойынша айдау керек.

      28. Құбыржолдар олардың тоқтауы кезінде босатуды қамтамасыз ететін еңістермен жобалануы тиіс.

      29. Кедергілер арқылы өтетін құбыржолдардың жерүсті өтпелері орындарында көрші құбыржолдардың жылу және механикалық әсерлерден олардың біреуінің жарылуы мүмкін кезінде берік қорғауды қамтамасыз ететін конструктивтік шешімдер көзделеді.

      30. Жер үстінен құбыржолдардың жерүсті төсемдерінің биіктігі жер бедері мен жергілікті жердегі топырақ жағдайларына, құбырлардың жылу әсеріне байланысты қабылданады, бірақ 0,5 м-ден кем болмайды.

      31. Автомобиль жолдары мен өтпелердің қиылысқан жерлерінде автомобиль жолдары мен өту жолдарының үстінен биіктігі 4,25 м-ден кем емес және өтпелердің үстінен 2,2 м-ден кем емес тіреулер жобалануы тиіс.

      32. Ғимараттар мен құрылыстардың және құрылғылардың астына жерасты құбыржолдардың төсеміне жол берілмейді.

      33. Мұз қататын ортада құбыржолдар құбырдың үстіне дейінгі топырақтың қату тереңдігінен 0,1 м төмен болуы тиіс.

      34. Құбыржолдарды жерасты төсеу кезінде екі және одан да көп құбыржолдардың бір траншеяға бірдей орналасуы жағдайында олар бір қатарға (бір көлденең жазықтықпен) орналасады. Олардың арасындағы қашықтық жарықта құбырлардың мынадай шартты диаметрлерінде қабылданады:

      300 мм-ге дейін - 0,4 м-ден кем емес;

      300 мм-ден астам - 0,5 м-ден кем емес.

      35. Жерасты құбыржолдарының орналасу тереңдігі көлік қозғалысы көзделмеген жерлерде жер бетінен құбырдың немесе жылу оқшауламасының жоғарғы бөлігіне дейін 0,6 м-ден кем болмауы тиіс, ал қалған учаскелерде орналасу тереңдігі барлық қолданыстағы жүктемелерді ескере отырып, құбыржолдың беріктігін сақтау жағдайларына байланысты қабылданады.

      36. Базаішілік темір жолдардың, автомобиль жолдары мен кірме жолдарының қиылыстарында жерасты құбыржолдары болат құбырлардан жасалған қаптамаларда төселуі, оларға төселетін құбыржолдардың диаметрі сыртқы диаметрінен 100 - 200 мм-ден артық болуы тиіс, ал құбырдың шеттері шеткі рельстен немесе автожол өтетін шеткі бөлігінен әр жаққа 2 м орын қалдыруы тиіс. Қаптамалардың шеттері тығыздалуы және битуммен құйылуы тиіс. Қорғаныш қаптамалары бар құбыржолдардың учаскелерінде пісірме түйіспелерінің саны барынша аз болуы тиіс. Барлық түйіспелер физикалық бақылау әдістерімен тексерілуі тиіс.

      Орналасу тереңдігі болат қаптамалардың үстінен шпалдардың табанына дейін 1 м-ден кем болмауы тиіс, ал автожолдар мен кірме жолдардың асты - жол жабындыларының үстіне дейін 0,8 м-ден кем болмауы тиіс.

      37. Құбыржолдардың еңістері: тез жанғыш сұйық заттар үшін 0,002-ден кем болмауы; газ тәріздес заттар үшін 0,003-тен кем болмауы; тұтқырлығы жоғары және қататын заттар үшін 0,02-ден кем болмауы тиіс.

      38. Болат құбыржолдардың сыртқы бетін қоршаған орта мен кезбе токтардың әсерінен туындайтын тоттанудан қорғау 9.602-89 МЕМСТ-ға сәйкес келуі тиіс.

      39. Жылу оқшауламасын қолданудың қажеттілігі құбыржол төсеу орны мен тәсіліне, технологиялық процестің талаптарына, еңбек қауіпсіздігі мен жарылыс-өрт қауіпсіздігіне байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.

      40. Құбыржолдардың жылу оқшауламасы анықталған ақауларды сынағаннан және жойғаннан кейін жүзеге асырылады.

      41. Құбыржолдың жылу оқшаулау конструкцияларында мынадай элементтер:

      негізгі жылу оқшаулағыш қабат;

      арматуралаушы және бекітуші бөлшектер;

      қорғаныш-жабынды қабат (қорғаныш жабын) көзделеді.

      42. Тоттануға қарсы қорғаныш пайдалану мерзімі ішінде құбыржолдардың авариясыз (тоттану себебі бойынша) жұмысын қамтамасыз етеді.

      43. Жобалық құжаттамада құбырларды жерасты тоттанудан қорғау үшін олардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде шешімдер көзделеді.

      44. Жерасты құбыржолдары топырақ коррозиясынан арнайы тоттануға қарсы күшейтілген қорғанышпен (оқшаулаумен) қорғалуы тиіс.

      45. Құбыржолдардың сыртқы беттерін тоттанудан қорғау жүйесі мен түрін таңдау олардың төсемдерінің тәсілі мен жағдайларына, сыртқы ортаның тоттану белсенділігінің сипаты мен дәрежесіне, электр тоттану қауіптілігінің дәрежесіне байланысты жүзеге асырылады.

      46. Электр-химиялық қорғаныш (катодтық, протекторлық, дренаждық) жүйесін жобалау 9.602-89 МЕМСТ-ға сәйкес жүргізіледі.

      47. Құбыржолдардың электр-химиялық қорғанышы кезінде оқшаулағыш ернемектік қосылыстар көзделуі тиіс.

      48. Құбыржолдарды тоттануға қарсы қорғану жөніндегі іс-шараларды жобалау кезінде конструктивтік шешімдер тоттануға қарсы жабындарды тексеру мен қалпына келтірудің қол жетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

      49. Құбыржолдарды жаңғырту мен қайта жаңартуға жобалық құжаттаманы (қажетті сараптамалар мен келісімдерді жүргізумен) өзгерткеннен кейін жол беріледі.

      50. Барлық құбыржолдар сыйымдылығы бойынша өлшемделген болуы тиіс.

      51. Бітеме, реттеуші, сақтандырғыш арматуралар басқару мен қызмет көрсету үшін ыңғайлы және оңай қол жетімді жерлерде орналастырылуы тиіс.

      52. Ернемектік қосылыстарға құбырларды аппаратқа, арматураға және жауап ернемектері бар өзге де жабдықтарға қосу орындарында сондай-ақ, кезеңді бөлшектеу немесе ауыстырудың пайдалану процесін талап ететін құбыржол учаскесінде көздеуге жол беріледі.

      53. Кезеңді бөлшектеуді талап ететін арматура орналасқан жерлерде және салмағы 50 кг астам, қиын құбыржол тораптарында арматураларды монтаждау және бөлшектеу үшін механикаландырудың жылжымалы немесе тұрақты құралдары көзделуі тиіс.

      54. Бітеме арматура орнатылуы тиіс реттеуші вентильдер мен қақпақтардан басқа вентильдер мен қақпақтарды реттеуші негізгі бітеме құрылғылар ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      55. Технологиялық құбыржолдар үшін қолданылатын фасонды біріктіруші тетіктер, ернемектер, төсемелер және тіреу бұйымдары материалдың сапасы мен техникалық сипаттамасы бойынша 356-80 МЕМСТ-ға сәйкес келуі тиіс.

      56. Құбыржолдардағы төсемені және бітеме арматураларды ауыстыру ондағы қысым атмосфералыққа дейін төмендегеннен, ол мұнай өнімдерінен толық босатылғаннан және қолданыстағы құбыржолдардан ажыратылғаннан кейін ғана жол беріледі.

      57. Айдау және құю станцияларының құбыржолдарында жерасты және жерүсті құбырлары мен оларға орнатылған бітеме құрылғыларының технологиялық орналасу схемасы жасалуы және бекітілуі тиіс.

4.4 Мұнай базаларының сорғы станцияларына қойылатын талаптар

      58. Мұнай өнімдерін айдауға арналған сорғыларды ғимараттарда, ашық алаңдарда немесе қалқаның астында (егер сорғылар мен қозғалтқыштардың конструкциясы ашық ауада пайдалануға жол берілсе) орналастыру керек. Агрегаттың барлық қозғалатын бөліктері берік бекітілген қоршаулармен қорғалуы тиіс.

      59. Бір үй-жайда әртүрлі жарқ ету температурасында, мұнай өнімдерін айдауға арналған сорғыларды орнату кезінде, бұл үй-жай және барлық жабдық жарқ етудің ең төменгі температурасымен мұнай өнімдерін айдауға қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      60. Сорғыларды қозғалтқыштармен біріктіретін біліктерді қабырға арқылы өтетін жерлерде олардың саңлаусыздығын қамтамасыз ететін жанбайтын материалдардан тығыздаманың құрылғыларымен қабырғаның (қалқалар) барлық қалыңдығына болат құбырлардан жасалған қаптамаларда көздеу керек.

      Тез тұтанатын сұйықтықтарды айдауға арналған сорғылар орнатылған үй-жайда жазық белдікті берілістерді қолдануға жол берілмейді.

      61. Ғимараттарда орналасқан өнімді сорғы станцияларының сорғы агрегаттарының жетегі үшін, жалпы залда да, жеке үй-жайда да жанбайтын материалдан дайындалған қабырғаның (қалқаның) артына оларды орнатуға жол беретін электр қозғалтқыштар қолданылуы тиіс.

      62. Сорғы станцияларында сорғылардың шығар бөліктерінің арасындағы өтпелердің ені 1 м кем болмауы тиіс; ені 0,6 м дейін және биіктігі 0,5 м дейін сорғыларды орнату кезінде өтпелердің енін 0,7 м дейін азайтуға жол беріледі. Сорғылардың екі қатарға орналасуы кезінде қатарлардың арасындағы өтпенің ені 1,5 м кем болмауы тиіс.

      63. Іргетастардың мұнай өнімдерімен бүлінуін болдырмау үшін сорғылар жиектерімен металл тұғырықтарға орнатылуы тиіс.

      64. Сорғы станцияларындағы едендер мен науалар мұнай өнімдерін өткізбейтін және оларды сіңірмейтін материалдан дайындалады және ағындарды қабылдағыш жағына қарай еңістігі болады. Науалар ысырмалардың тораптары орналасқан жерлерде үрлеу шүмектері мен сорғылардың тұғырықтары - мұнай өнімдерін бұруға арналған кәрізбен біріктіріледі.

      Төгілген сұйықтықтарды тазарту үшін сорғы станцияларының үй-жайларда резеңке шлангалы су тіреушіктерімен жабдықталады. Гидравликалық бекітпелерді кәрізге сорғы станцияларының ағынды арналарын қосу жерлерінде сорғы станциясының қызмет көрсетуші персоналы тексереді.

      Ескерту. 64-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.09 № 108 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      65. Жерасты көлденең резервуарлардың шетжағы будың жарқ ету температурасы 120 о С-тан жоғары мұнай өнімдеріне және мазутқа арналған осы резервуарлар немесе бақылау және басқару пункттері қызмет көрсететін өнімді сорғы станциясының үй-жайларында орналастыруға рұқсат етіледі.

      66. Сорғы станциясындағы майлау майын металл немесе полиэтиленді ыдыста тығыз жабылған қақпақпен және тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтау қажет.

      67. Стационарлық автоматты газ анализаторлары тез тұтанатын мұнай өнімдерін айдау жөніндегі сорғы станциясының үй-жайында авариялық желдеткішпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнімдері буларының қауіпті қоспаларының болуы туралы дыбыс және жарық дабылдарының құрылғыларымен тосқауылдануы тиіс.

4.5. Эстакадалар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      68. Төгу-құю эстакадалары темір жолдардың тік көлденең учаскелерінде жобалануы тиіс.

      Қоймаларда біржақты төгу-құю эстакадаларын радиусы 200 м кем емес жолдардың қисық учаскелерінде орналастыруға рұқсат етіледі.

      69. Темір жол төгу-құю эстакадаларының ұзындығы бір уақытта өңделетін цистерналардың санына байланысты, бірақ темір жол цистерналарының бір бағытты құрамының ең жоғары ұзындығынан кем емес болып белгіленеді.

      70. Темір жол цистерналарын тиеу-түсіру үшін мұнай базаларының темір жол тұйығы бір және екі жақты эстакадалармен, құю немесе төгу құрылғыларымен, жүк, ауа-вакуумды коллекторлармен, жинақтармен, мазут пен майға арналған аралық резервуарлармен, мұнай өнімдерін есептеу тораптарымен, қыздыру аспаптарының көтеру және түсіру мен фронтты бойлай цистерналарды ауыстыру құралдарымен арнайы жабдықталуы тиіс.

      71. Мұнай базаларында екі жақты эстакадалар орналасқан темір жолдарда бағытпен төгу-құю үшін параллельді басып озатын кірер жолы болуы тиіс.

      Қолданыстағы эстакадаларды қайта жаңарту немесе кеңейту кезінде және цистерналарды екі жақтан шығаруды қамтамасыз ету мүмкін болмағанда көзделген тұйық жолды пайдалануға рұқсат етіледі.

      72. Төгу-құю құрылғыларымен немесе эстакадаларымен тұйық темір жолдардың ұзындығын ұлғайту керек (өрт кезінде құрамды ағыту мүмкіндігі үшін): 6-дан астам цистернаны бір уақытта өңдеу кезінде - 30 м-дер 3-ға тен 6-ға дейінгі цистернаны қоса алғанда - 20 м, 2 цистернаны бір уақытта өңдеу кезінде ұзындығы ұлғайтылмайды. Тұйық жолдың есепті ұзындығын ұлғайту көлемі соңғы цистернадан арынды брус жағына қарай қабылданады.

      73. Төгу-құю эстакадаларына ені 0,75 м кем емес қатты жабындармен жаяу сүрлеу салынуы тиіс.

      Жаяу сүрлеу әр эстакаданың шет жағына әкелуі тиіс, олардың теміржолдармен қиылысу орындарында рельстердің басымен деңгейінде тұтас төсеніштер орналастырылады.

      74. Автоэстакадалар биіктік габаритті белгілерімен жасақталуы тиіс.

4.6. Мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю құрылғысына
қойылатын қауіпсіздік талаптары

      75. Автомобиль цистерналары үшін құю құрылғылары алаңдарда қалқалардың астында орналасуы тиіс. Жеке құю құрылғылары (3 құрылғыға дейін) ашық алаңдарда орналасуы мүмкін.

      76. Мұнай өнімдерін бөшкелерге және ұсақ ыдысқа құю және орау құйғыш және орайтын (май, жағатын май) үй-жайларда жүзеге асырылады.

      77. Мұнай өнімдерін ыдыстарға құюға арналған құю пункттерін климат жағдайларына және мұнай өнімдерінің түрлеріне байланысты, үй-жайларда немесе ашық алаңдарда қалқалардың астында, ал оралғандары - тек үй-жайларға орналастыру керек.

      78. Тарататын, орайтын құрылғыларды негізгі құбыржолдарға қосуды ғимараттар мен алаңдардан тысқары, бітеме арматураны олардың негізгі құбырға қосылу орнына орната отырып жүргізу керек.

      79. Тарататын және орайтын үй-жайлар мұнай өнімдерінің мөлшерін жіберу және анықтау үшін құрылғылармен (есептеуіштермен, таразылармен, сорғылармен, май және отын тарататын колонкалармен, арнайы оралған құрылғылармен, ыдысқа салу желілерімен және т. б.), механикаландыру құралдарымен, жылыстау жинақтарымен, құюды автоматты түрде тоқтату құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.

      80. Тікелей арнайы жабдықталған автомашиналарда орнатылған бөшкелерде тез тұтанатын мұнай өнімдерін құюды жүргізуге жол беріледі.

      Бөшкелерге құю автоцистерналарға арналған алаңдарда немесе құятын жерде орналасқан алаңдарда арнайы құрылғылармен жүргізілуі тиіс.

      81. Мұнай базалары үшін тез тұтанатын және жанғыш мұнай өнімдері үшін тарату құрылғылары жеке ғимараттарда (үй-жайларда) немесе жеке алаңдарда орналасады.

      Мұнай өнімдерін тарату құрылғыларына беру өздігінен ағатын немесе жіберу тоқтатылған кезде жұмыс істейтін қорғаушы клапандармен жабдықталған сорғылардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеуіштердің жарамсыздығы кезінде мұнай өнімдерін жіберуді бақылау үшін құю бөлмелерінде тауарлық таразылар болған жөн.

      Ескерту. 81-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.09 № 108 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      82. Автотаразыларды платформасы атмосфералық шөгінділерден қалқамен қорғалған болуы тиіс. Тек көлденең учаскелерде таразыларды орналастыруға жол беріледі.

      83. Тарату крандарының арасындағы қашықтық 1 м-ден кем болмауы, ал еденнен кранды орналастыру биіктігі - стандартты бөшкенің биіктігінен кем болмауы тиіс.

      Бір маркалы мұнай өнімдерінің түрлі сорттарын құю үшін бір жұмыс орнында үш тарату кранына дейін орналастыруға тек бір сортты бір уақытта құйған жағдайда рұқсат етіледі.

      84. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.02.09 № 108 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      85. Құю үй-жайының алдына механикаландыру құралдарымен жабдықталған (бөшке көтергіштермен, аспалы кран-балкалармен және басқалары) биіктігі 1-1,1 м тиеу-түсіру алаңын орналастырған жөн, ал орау үй-жайлары өнімді қоймаға беру және көлік құралдарына тиеу үшін транспортерлермен жабдықталған болуы тиіс.

      86. Жалпы сыйымдылығы 400 м 3 аспайтын майға арналған резервуарларды бір қабатты құю және орау төле үй-жайларында, сондай-ақ ыдыстағы майлар үшін олармен біріктірілген қоймалық үй-жайлардың ғимаратында орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл ретте көрсетілген ғимарат отқа төзімділіктің екінші дәрежесінен төмен болмауы тиіс. Көрсетілген төле үй-жайларынан шығу тікелей сыртқа болуы және бірінші қабатқа қатынамауы тиіс.

      87. Көлемі қоса алғанда 100 м 3 дейінгі қыздыруды талап ететін май жіберу үшін тағайындалған тарату резервуарларын олардың шетжағы құю үй-жайларында жататындай етіп орналастыруға рұқсат етіледі, ал көлемі қоса алғанда 25 м 3 дейінгі осындай резервуарларды үй-жайдан тысқары резервуарлардан бу бұруды қамтамасыз ететін жағдайларда құю үй-жайында орналастыруға рұқсат етіледі.

4.7 Электр мен найзағайдан қорғау

      88. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен технологиялық операцияларда статикалық электр разрядтарының қауіптілігін жою үшін мынадай шараларды көздеу қажет:

      резервуарларды, цистерналарды, құбыржолдарды, деңгейін өлшеу және сынамалар алу құралдарын жерге қосу;

      мұнай өнімдерінің өтімділігін арттыру үшін қосымдарды қолдану;

      резервуарларға, кемелерге, автомобиль және темір жол цистерналарына ашық түсті мұнай өнімдерін құю жылдамдығын азайту жолымен статикалық электр зарядтары генерациясының қарқындылығын төмендету.

      89. Жерге қосу құрылғыларын статикалық электрден қорғау үшін электр жабдықтары мен найзағайдан қорғауға арналған жерге қосу құрылғыларымен біріктірген жөн. Тек статикалық электрден қорғауға арналған жерге қосу құрылғыларының кедергісі 100 Ом-нан жоғары болуға рұқсат етілмейді.

      90. Ғимараттар мен құрылыстар найзағайдың тікелей соққысынан, электр статикалық, электр магниттік индукциядан, жерүсті және жерасты метал коммуникациялар арқылы жоғары шаманың енуінен қорғалуы тиіс.

      91. Техникалық құрылғылар найзағайдың тікелей соққысынан және электр статикалық индукциядан қорғалуы тиіс.

      92. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдың тікелей соққысынан қорғау жеке тұрған немесе ғимараттарға орналастырылған оқшауланбаған сырықты немесе арқан жайтартқышпен орындалуы тиіс. Оларды қорғалатын ғимараттарда немесе құрылыстарда әрбір сырықты жайтартқышқа немесе әрбір арқан жайтартқыштың тіреуіне орналастыру кезінде кем дегенде екі ток тартқыш төселуі тиіс.

      93. Резервуарлар найзағайдың тікелей соққысынан былайша:

      резервуарлардың корпустары төбе металының қалыңдығы 4 мм-ден кем болғанда - жеке немесе резервуардың өзінде орнатылған жайтартқыштармен;

      резервуарлардың корпустары төбе металының қалыңдығы 4 мм және астам болғанда, сондай-ақ сыйымдылығы 200м 3 -тан кем жекелеген резервуарлар төбе металының қалыңдығына қарамастан - жерге қосқыштарға жалғастырумен қорғалуы тиіс.

      94. Резервуарлардың жерүсті парктері үшін найзағайдың тікелей соққыларынан, найзағайдан қорғауды жеке тұрған жайтартқыштармен орындаған жөн; жобадағы негіздемеге сәйкес резервуарлардың өзінде орнатылған жайтартқыштармен қорғауға жол беріледі.

      95. Металл қаңылтырмен ішінен қапталмаған жерасты темірбетонды резервуарлар парктер жеке тұрған жайтартқыштармен найзағайдың тікелей соққыларынан қорғалуы тиіс.

5. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

      96. Мұнай базасының немесе автожанармай құю станцияларының құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі әзірленеді.

      97. Жұмыстарды ұйымдастыру тәртібінде:

      құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың кезектілігі;

      көтергіш-көлік құралдарын және басқа да тетіктерді пайдалану мүмкіндігі;

      бақылау, пісірілген жіктерді термикалық өңдеу, жабдықтар мен техникалық құрылғыларды сынау және диагностикалау жұмыстарының орындалу тәртібі;

      көтергіш тетіктерді, жабдықтарды көшіру, өрт сөндіру құралдарын орналастыру тәртібі;

      жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар көзделеді.

      98. Құрылыс жобалық құжаттамаға сәйкес орындалады.

      99. Жобалық құжаттамадан ауытқу, жобамен көзделмеген материалдарды пайдалану анықталған кезде құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу сапасы, табылған бас тартулар түзетуге жатады.

      100. Техникалық құрылғылар мен олардың элементтерін монтаждау және жөндеу кезінде пісіру қосылыстарының қажетті пайдалану сенімділігін қамтамасыз ететін пісірулердің барлық түрлерін қолдануға рұқсат етіледі.

      Құбыржолдардың пісіру қосылыстарын бүлдірмейтін әдістермен бақылау 7512-82 МЕМСТ, 14782-86 МЕМСТ, 18442-80 МЕМСТ, 21105-87 МЕМСТ, 23055-78 МЕМСТ, 25225-82 МЕМСТ-ға сәйкес жүргізіледі.

      101. Пісіру материалдарының сертификаттары болуы тиіс.

      102. Монтаждау кезінде отпен жұмыс істеуді орындау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтаумен жүргізіледі.

      103. Техникалық құрылғыларды монтаждау кезінде материалдардың, құбырлардың, жабдықтардың, құбыржолдар мен арматуралардың бөлшектері сапасының кіру бақылауы олардың сертификаттарына сәйкестігіне, орындалған жұмыстардың сапасына операциялық бақылау жүргізіледі. Бақылау нәтижелері актімен ресімделеді, мәліметтер бұйымдар мен орындалған жұмыстардың сапасын растайтын барлық құжаттарды қоса берумен техникалық паспортқа енгізіледі.

      104. Қолданылу мерзімдері өтіп кеткен бұйымдар мен материалдар тексеріс жүргізілгеннен, ақаулар жойылғаннан, олардың сапасы мен қолданылу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сынау, сараптама және басқа жұмыстардан кейін ғана монтаждауға беріледі.

      Құбыржол арматурасы зауыттық сынаулар мен кепілдік мерзіміне қарамастан, монтаждауға берілу алдында беріктік пен саңылаусыздыққа сынауға жатады.

      105. Тоттанумен ласталған, зақымдалған, түрі өзгерген, қорғаныш жабындылары зақымдалған жинамалы бірліктерді, құбырларды, бөлшектерді және басқа да бұйымдарды монтаждауға рұқсат етілмейді.

      106. Үйіндінің ішінде монтаж жұмыстарын орындау үшін қазылған шұңқырлар мен орлар бұл жұмыстар аяқталған соң көмілуі және жоспарлануы тиіс. Жұмыстарда ұзақ үзілістер болған жағдайда уақытша қоршаулар орнатылуы тиіс.

      107. Құрылыс-монтаж жұмыстарының процесінде:

      құрылыс жұмыстарының сапасын;

      жабдықтарды, өнім құбырларын, бу құбырларын және су құбырын, кәріз және жылумен жабдықтау, кәбілдік және басқа да коммуникациялар желілерінің конденсат-құбырларын монтаждау сапасын;

      жерасты құрылыстарын, резервуарлар мен құбыржолдарды төсеу тереңдігін;

      жерүсті құбыржолдары төсемдерінің биіктігін;

      көлденең және тік жазықтықтарда құбыржолдың жол берілетін иілу радиустарын;

      авторлық қадағалауды бақылау жүзеге асырылады.

      108. Сорғы агрегаттарын монтаждау, жөндеу, сынау дайындаушы-зауыттардың жобасы мен нұсқауларына сәйкес жүргізілуі керек.

      109. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін жиналмаған конструкцияларды, жабдықтарды және шұңқырлар мен орлардың көмілмеген учаскелерін қалдыруға жол берілмейді.

6. Жабдықтарды пайдалануға қабылдау

      110. Резервуарларды пайдалануға қабылдауды сыртқы байқаудан, резервуарларды оларға орнатылған жабдықпен бірге тығыздылық пен саңылаусыздыққа сынаудан және ұсынылған құжаттаманың жобалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бағалаудан кейін жүргізеді.

      Резервуарлар сынауды жүргізу уақытына ескерту белгілерімен қоршалады және олардың маңында адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

      111. Резервуарларды беріктікке сынауды тек есептік гидравликалық жүктемеге ғана жүргізеді. Төмен қысымды резервуарларды сынау кезінде артық қысымның көлемі 25%-ға, ал вакуум, егер жобада басқа нұсқаулар болмаса, жобаның шамасынан 50%-ға артық қабылданады. Жүктеменің ұзақтығы 30 мин.

      112. Резервуарларды монтаждан қабылдау кезінде металл немесе синтетикалық понтондармен төмендегілер тексеріледі:

      резервуардың қабырғасы мен понтонның борты арасындағы саңылаудың және сақиналық тиектің, бағыттаушы құбырлар тиектерінің, деңгейі мен орталық тіреудің қолмен өлшеу құбырларының орналасу тығыздығының шамасы;

      жалғанған жіктер мен кілем материалдарының жай-күйі (пісірілмегендер, үзілулер, сызаттар, бөгде қосулар, қатпарлану және кебулерге жол берілмейді);

      қораптардың, қалтқылардың жай-күйі;

      жерге қосуды бекітудің болуы;

      секциялардың тиегін қатаңдату сақинасымен бекіту;

      өз арасында тордың жолағын және периметр бойынша тордың шеттерін бітеуді қосу;

      статикалық электрден қорғаудың болуы;

      тиек конструкциясының жұмыс қабілеттілігі;

      дренаждық құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі;

      тегістікті өлшеуіштің, сынамаалғыштың жұмыс қабілеттілігі.

      113. Егер понтонды дайындау немесе монтаждау кезінде жобадан немесе әзірлеуші-ұйымның ұсынымдарынан ауытқуға жол берілген болса, қабылдау әзірлеуші-ұйым өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      114. Понтондармен резервуарларды гидравликалық сынауды нығыздаушы тиектерді орнатқанға дейін жүргізеді. Бұл ретте төбесі қалқымалы резервуарларда жылжымалы баспалдақтың, дренаждық құрылғылардың және басқа жабдықтардың жұмысын қадағалайды. Гидравликалық сынаулар кезінде понтонды немесе қалқымалы төбені көтеру (түсіру) жылдамдығы пайдалану кезіндегіден аспауы тиіс. Понтонның қозғалысы бір қалыпты, тұтылусыз, жұлқуларсыз, шусыз және понтонның бетіне сұйық тимейтіндей болуы тиіс.

      115. Резервуарларды саңылаусыздыққа сынау оны жобалық құжаттамамен көзделген биіктікке дейін сумен толтырумен жүргізілуі тиіс.

      116. Сыртқы тексеру кезінде табылған ақаулар резервуар элементтерін саңылаусыздыққа сынау жүргізілгенге дейін жойылады. Ақаулар кейіннен пісірумен тиісті учаскелерді кесіп тастау және қорыту арқылы жойылады.

      Пісіру қосылыстарына бедер салуға жол берілмейді.

      117. Резервуар түбінің барлық пісірілген жіктерінің саңылаусыздығын вакуум әдісімен тексереді.

      Резервуар қабырғасының тігінен пісірілген жерлері рентгендік- немесе гамма-жарықтандырумен, ультра-дыбысты ақаутапқышпен, магнитографиялық немесе 3242-79 МЕМСТ-ға сәйкес басқа физикалық әдістермен тексеріледі.

      Резервуарларды сынаулардың нәтижелері қанағаттанғысыз болған жағдайда, табылған ақаулар жойылуы, ал сынаулар қайталануы тиіс.

      Резервуарларды сынауларды жүргізу туралы актілер әрбір сынау бойынша жасалады.

      Сынаулардың нәтижелері бойынша мәліметтер паспортқа енгізіледі.

      118. Құбырды көзбен шолып байқау кезінде: монтаждалған құбыржолдың жобалық құжаттамаға сәйкестігі; бекіткіш құрылғыларды орнатудың дұрыстығы, оларды ашу мен жабудың жеңілдігі; барлық жобалық бекіткіштерді орнату және барлық уақытша бекіткіштерді алу; ауа өткізгіштер мен дренаждардың бұрандаларын қоса алғанда, барлық пісіру жұмыстарының аяқталуы; термоөңдеу бойынша жұмыстарды аяқтау тексеріледі.

      119. Беріктік пен тығыздыққа сынау кезінде сыналатын құбыржол аппараттардан және басқа құбырлардан бітеуіштермен ажыратылады. Сыналатын құбырды ажырату үшін жапқыш арматураны пайдалануға жобамен негізделген жағдайларда жол беріледі.

      120. Сынауларды жүргізу кезінде құбыржолда орнатылған барлық жапқыш арматура толық ашық болуы, тығыздамалар нығыздалуы тиіс; реттеуші клапандар мен өлшеуіш құрылғылардың орнына монтаждық катушкалар; барлық бұрандалар, штуцерлер, біліктер бітелуі тиіс.

      121. Сынауларды жүргізу уақытына бітеуіштердің орналасу орны ескерту белгілерімен белгіленеді және олардың маңында адамдардың жүруіне жол берілмейді.

      122. Сынау кезінде қысым салыстырып тексеруден өткен және пломбаланған екі манометрмен бақылануы тиіс. Манометрлердің дәлдік сыныптылығы 1,5-тен төмен болмауы, корпустың диаметрі 160 мм-ден кем болмауы және шәкілдің атаулы қысымы өлшенетіннен 4/3 болуы мүмкін. Бір манометр жапқыш вентильден кейін престеу агрегатында, басқасы престеу агрегатынан неғұрлым алыстатылған құбыр нүктесінде орнатылады.

      123. Шартты қысымы 10 МПа (100 кгс/см 2 ) дейінгі құбыржолдарды беріктік пен тығыздыққа сынау гидравликалық немесе пневматикалық тәсілмен жүргізіледі. Артық қысымсыз жұмыс істейтін, 20 м-ден кем құбыржолдарға сынақ жүргізілмейді.

      124. Гидравликалық сынауды пневматикалық сынауға ауыстыруға мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:

      егер көтеруші құрылыс конструкциясы немесе тіректер құбыржолды сумен толтыруға есептелмесе;

      қоршаған ортаның температурасы 0 о С-тан төмен және құбыржолдың жекелеген учаскелерінің қату қауіптілігі болған кезде;

      егер сұйықты (суды) қолдану өзге де себептер бойынша мүмкін болмаса.

      125. Құбыржолдарды гидравликалық сынау әсіресе жылдың жылы уақытында қоршаған ауаның қолайлы температурасы кезінде жүргізіледі.

      Гидравликалық сынаулар үшін +5 0 С-тан төмен емес және +40 0 С-тан жоғары емес температурадағы су қолданылады.

      Егер гидравликалық сынау қоршаған ауаның температурасы 0 0 С-тан төмен кезінде жүргізілсе, судың қатуына қарсы шаралар қабылданады және құбыржолды сенімді босату қамтамасыз етіледі.

      Құбыржолды гидравликалық сынау аяқталғаннан кейін толығымен босатылады және су толық кеткенге дейін желдетіледі.

      126. Беріктікке сынамалық қысымның шамасы жобалық құжаттамамен белгіленеді және мынаны қамтуы тиіс:

      125р [Q] 20, бірақ 0,2 МПа (2 кгс/см 2 ) кем емес,

      [Q] 1

      мұндағы Р - құбырдың есептік қысымы, МПа;

      [Q] 20 - қоршаған ауаның температурасы + 20 о С кезінде құбыржол материалы үшін рұқсат етілетін кернеу;

      [Q] 1 - ең жоғары, оң есептік температура кезінде құбыржол материалы үшін рұқсат етілетін кернеу.

      Барлық жағдайларда сынамалық қысымның шамасы құбыржол қабырғасында баламалық қысым сынау температурасы кезінде материалдың аққыштық шегі сынамалық қысым кезінде 90%-дан аспайтындай қабылдануы тиіс.

      127. Арматураға дайындаудан немесе жөндеуден кейін сынамалық қысыммен гидравликалық сынау жүргізіледі.

      128. Құбыржолды сумен толтыру кезінде толығымен ауадан тазартылады. Сыналатын құбыржолдағы қысым жайлап көтеріледі. Қысымның көтерілу жылдамдығы жобалық құжаттамада көрсетілуі тиіс.

      129. Сыналатын құбыржолға суды кұбыржолда болатын қысым сынау қысымынан аспайтындай жағдайда тікелей су құбырынан немесе сорғымен құюға рұқсат етіледі.

      130. Сынау кезінде талап етілетін қысым сыналатын құбырға гидравликалық преспен немесе екі жапқыш вентиль арқылы жалғастырылған сорғымен жасалады.

      Сынау қысымына қол жеткізілгеннен кейін құбыр престен немесе сорғыдан ажыратылады.

      Құбырдағы сынау қысымы 10 минут ұсталады (беріктікті сынау), одан кейін оны жұмыс қысымына дейін төмендетіп, пісіру жіктерін мұқият тексеруді жүргізеді (тығыздылықты сынау).

      Тексеру біткеннен кейін қысымды қайтадан сынауға дейін көтереді және тағы 5 минут ұстайды, одан соң қайтадан жұмыс қысымына дейін төмендетеді және екінші рет құбырды мұқият тексереді.

      Тығыздыққа сынау ұзақтығы құбыржолды тексеру және ажырайтын қосылыстардың саңылаусыздығын тексеру уақытымен анықталады.

      Гидравликалық сынау біткеннен кейін құбырдағы барлық ауа салқындатқыштар ашық болуы тиіс және құбыржол толығымен тиісті дренаждар арқылы судан тазартылуы тиіс.

      131. Беріктік пен тығыздыққа гидравликалық сынаулар нәтижелері, егер сынау уақытында үзілулер, көрініп тұрған деформациялар, манометр бойынша қысымның түсуі болмаса, ал негізінен металда, пісіру жіктерінде, арматураның корпустарында, ажырайтын қосылыстарда және барлық бұрандаларда ағулар мен тершулер болмаса, қанағаттанарлық деп танылады.

      132. Сынаулардың қанағаттанғысыз нәтижелері кезінде табылған ақаулар жойылуы, ал сынаулар қайталануы тиіс.

      Құбыржол қысымда болған кезде пісіру жіктерін бедерлеуге және ақауларды жоюға жол берілмейді.

      133. Құбыржолдарға сынаулар жүргізу туралы тиісті акт жасалады.

      134. Құбыржолдар жұмыстарды ұйымдастыру жобасының нұсқауларына сәйкес шайылады немесе үрленеді.

      Шаю сумен, маймен, химиялық реагенттермен және рұқсат етілетін басқа да технологиялық заттармен жүзеге асырылады.

      Үрлеу сығылған ауамен, бумен немесе инертті газбен жүзеге асырылады.

      135. Құбыржолды шаю немесе үрлеу уақытында төмен түсіретін желілерде және тұйықталған учаскелерде орнатылған арматура толық ашық болуы тиіс, ал шаю немесе үрлеу біткеннен кейін мұқият тексерілуі және тазартылуы тиіс.

      136. Құбыржолдарға беріктік пен тығыздыққа кәдімгі сынаулардан басқа сынау уақытында қысымның түсуін анықтаумен саңылаусыздыққа қосымша пневматикалық сынау жүргізіледі.

      Технологиялық жабдықтың бекіткішінде тұрған құбыржолдар осы жабдықпен бірге сыналады.

      137. Саңылаусыздыққа қосымша сынау беріктік пен тығыздыққа сынаулар, шаю және үрлеу жүргізілгеннен кейін ауамен немесе инертті газбен жүргізіледі.

      138. Саңылаусыздыққа қосымша сынау жұмыс қысымына тең қысымда жүргізіледі.

      139. Қосымша сынаулардың ұзақтығы кемінде 24 сағатты құрауы және сыналатын әрбір құбыржол үшін жобалық құжаттамада көрсетілуі тиіс.

      Мерзімді сынаулар кезінде, сондай-ақ құбыржолды пісірумен және бөлшектеумен байланысты жөндеуден кейін сынаудың ұзақтығы кемінде 4 сағатқа белгіленеді.

      140. Саңылаусыздыққа қосымша сынау аяқталғаннан кейін әрбір құбыржол бойынша тиісті акт жасалады, мәліметтер паспортқа енгізіледі.

7. Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын пайдалану
7.1. Жалпы талаптар

      141. Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын пайдалану өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік талаптарын орындаумен жүзеге асырылады.

      142. Мұнай базаларын қауіпсіз пайдалануға:

      техникалық құрылғыларды, материалдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес қолдануға рұқсат берумен;

      мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастыру шараларын жүзеге асырумен: құрылыстарды орналастырумен және іргелес аумақты, техникалық құрылғыларды жайластырумен және жұмыс орындарын ұйымдастырумен;

      сенімді жұмыс істейтін, салыстырылып тексерілетін және тексерілетін өлшеу және автоматтандыру құралдарын, аварияға қарсы қорғау құрылғыларын, өрт қауіпсіздігі мен электр қауіпсіздігі ақпаратын алу, өңдеу және беру құралдарын қолданумен;

      тез әсер ететін герметикалық жапқыш және реттеуші арматура мен қауіпті және зиянды өндірістік факторларды оқшауландыру құралдарын қолданумен;

      қызметкерлердің тиісті біліктілігімен, олардың білімін және жұмыстарды қауіпсіз орындау дағдыларын тексерумен;

      қызметкерлерді қорғау құралдарын қолданумен қол жеткізіледі.

      143. Автожанармай құю станцияларын пайдалану 1996 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Мемтаукентехқадағалауы бекіткен Стационарлық, контейнерлік және жылжымалы станцияларды техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында жабдықтарды, тетіктерді, құрал-жабдықтарды жарамсыз күйде немесе қауіпсіздік құрылғылары (бөгеуші, тіркеуші және сигналдық тетіктер мен аспаптар) жарамсыз болған кезде, сондай-ақ жүктемелер мен қысымдар паспорттағыдан жоғары болған кезде пайдалануға жол берілмейді.

      144. Жұмысқа қосу немесе жабдықтарды, аппараттарды, құбыржол учаскелерін тоқтату кезінде жарылыс қаупі бар қоспалардың технологиялық жүйеде түзілуінің алдын алу бойынша шаралар (инертті газбен үрлеу, үрлеудің тиімділігін бақылау) көзделуі тиіс.

      145. Жүк көтергіш машиналар мен тетіктерде, қысыммен жұмыс істейтін бу қазандарында, ыдыстарда олардың шекті жүк көтергіштігі, қысымы, температурасы және кейінгі техникалық куәландыру мерзімдері белгіленуі тиіс.

      146. Лебедкаларда, крандар мен басқа да жүк көтергіш тетіктерде рұқсат етілетін жүк көтергіштікті шектеуіштер, жүк пен тетіктің өзінің өздігінен қозғалуына жол бермейтін тежегіш құрылғылар мен фиксаторлар болуы тиіс.

7.2. Резервуарлық парктер мен жекелеген резервуарларды пайдалану

      147. Әрбір пайдаланылатын резервуарда:

      жобаға сәйкестігі болуы, мынадай мәліметтерді қамтитын паспорты болуы: резервуардың типі, технологиялық схема бойынша резервуардың нөмірі, пенокамераның бұрандамасына дейін резервуардың нақты биіктігі, резервуардың базалық биіктігі, механикалық клапанның өткізу қабілеттілігі, гидравликалық клапанның өткізу қабілеттілігі, тыныс клапандарының типі мен саны;

      отты сақтандырғыштардың типі мен саны;

      резервуар паркінің технологиялық схемасына сәйкес корпуста айқын жазылған реттік нөмірі; тереңдетілген резервуардың нөмірі арнайы орнатылған кестеде көрсетілуі тиіс.

      Тұнба беретін, саңылаусыздығы жоқ, сондай-ақ жабдықтарының ақаулықтары бар резервуарларды пайдалануға жол берілмейді.

      148. Тыныс арматурасы жобалық қысымға реттелуі тиіс, ал оның дұрыс жұмыс істеуі пайдалану жөніндегі нұсқауларға сәйкес тексерілуі тиіс. Жылдың қысқы маусымында тыныс клапандары қыраулардан күніне кем дегенде 4 рет тазартылуы тиіс.

      149. Қолданыстағы резервуарларда оттың (жарылыстың) туындауын болдырмайтын шараларды қолданбай, уақытша отпен жұмыс істеуді жүргізуге жол берілмейді.

      150. Резервуарлар мен арматураға мынадай мерзімдерде техникалық тексеру жүргізілуі тиіс:

      тыныс клапаны - жылдың жылы уақытында айына кем дегенде екі рет және қоршаған ауаның қолайсыз температурасы кезінде кем дегенде 10 күнде бір рет;

      сақтандырғыш гидравликалық клапан - жылдың жылы уақытында айына кем дегенде екі рет және қоршаған ауаның қолайсыз температурасы кезінде кем дегенде 10 күнде бір рет;

      отты сақтандырғыш - ауаның қолайлы температурасы кезінде - айына бір рет, ал қолайсыз кезде - 10 күнде бір рет;

      желдеткіш келтек құбыр - айына бір рет;

      пенокамералар мен пеногенераторлар - айына бір рет;

      деңгейді өлшеуге және орташа сынаманы іріктеуге арналған аспап, деңгейді шектеуіш - кем дегенде айына бір рет;

      қабылдау-тарату келтек құбырлары - әрбір қабылдау-тапсыру кезінде, бірақ кем дегенде айына екі рет;

      қабылдау-тарату келтек құбырында қайта іске қосу құрылғысы - әрбір қабылдау-тапсыру кезінде, бірақ кем дегенде айына екі рет;

      ысырмалар (бітеу) - әрбір қабылдау-тапсыру кезінде, бірақ кем дегенде айына екі рет;

      өлшеу қақпағы, жарық қақпағы - әрбір пайдалану кезінде, бірақ кем дегенде айына бір рет (жабындысыз жарық қақпақтары);

      имекті кран - әрбір қабылдау-жіберу кезінде, бірақ кем дегенде айына екі рет.

      151. Жабдықтар мен арматураларды тексеру нәтижелері мен жойылған бұзылушылықтар техникалық жетекші бекіткен нысан бойынша журналға енгізіледі.

      Металл резервуарлар мерзімді түрде:

      жылына кем дегенде екі рет - реактивті отын, авиациялық бензин, авиациялық май және оның компоненттері, тура қуылатын бензин үшін;

      жылына кем дегенде бір рет - майлайтын майға қосым және қосымдағы май үшін;

      екі жылда кем дегенде бір рет - қалған майлар, автомобильдік бензин, дизель отыны, парафиндер және басқа да ерекшелігі жағынан оларға ұқсас мұнай өнімдері үшін қорғалады.

      152. Мұнай өнімдерінің қалдықтарынан резервуарларды тазалауды өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс арнайы құралдар мен құрылғыларды қолданумен механикаландырылған тәсілмен жүргізу керек.

7.3. Құбыржолдарды пайдалану

      153. Құбыржолдар мерзімді түрде тексерілуі тиіс. Тексерулердің мерзімдерін олардың тозу жылдамдығына, пайдалану тәжірибесіне, өткен байқаулар мен тексерулердің нәтижелеріне байланысты техникалық жетекші белгілейді, бірақ мұнай өнімдерін тасымалдайтын құбыржолдар үшін кем дегенде үш жылда бір рет және қалғандары үшін кем дегенде алты жылда бір рет.

      154. Құбыржолдарды тексеру кезінде сыртқы және ішкі байқауды жүргізеді.

      Сыртқы байқау кезінде: бекітуді қоса алғанда, пісіру жіктері мен ернемектік қосылыстардың жай-күйін; барлық қосылыстардың саңылаусыздығын; тірек конструкциялары іргетасының және аспаларының жай-күйін; жылжымалы тіректер жұмысының дұрыстығын; ауыстырушы құрылғылардың жай-күйі мен жұмысын; дренаждық құрылғылардың, арматураның жай-күйін тексереді.

      Ішкі байқау кезінде: тоттанудың, сызаттың бар-жоғын; құбыр мен құбыр бөлшектерінің, төсемелердің, ернемектердің пісіру жіктерінің, ернемектердің бетімен түйіндесетін арматураның және арматураның қабырғаларының қалыңдығының азаюын тексереді.

      Құбыржолды бұзуға немесе тексеруге жататын учаскені кесу арқылы бөлшектейді.

      Байқау нәтижелері актімен ресімделеді. Барлық айқындалған ақаулар жойылуы тиіс.

      155. Тез тұтанатын сұйықтықтар (бензин, керосин) тасымалданатын құбыржолдарға жүргізілген тексерулер мен жөндеу туралы мәліметтер және күні жазылған паспорт жасалуы тиіс.

7.4. Сорғы станцияларын пайдалану

      156. Редукторды қоса алғанда, сорты мен қозғалтқыш бір агрегат болып саналады. Әрбір сорғы агрегатының реттік нөмірі болуы тиіс. Қозғалтқышта, сорғы мен редукторда айналу бағытын көрсететін стрелкаларды, ал іске қосу құрылғысында - "Іске қосу" және "Тоқта" деген жазбаларды орнатады.

      157. Әрбір сорғы агрегатында формуляр болуы тиіс, оған оның жұмысын есепке алу деректері, жүргізілетін жөндеу көлемі енгізіледі. Формулярды сорғы агрегаттарын пайдалануға жауапты қызметкер толтырады.

      158. Агрегаттар арасындағы өту жолдарын материалдармен, жабдықпен немесе басқа заттармен үйіп тастауға тыйым салынады.

      159. Сорғы агрегаттарын техникалық тексеру мен жөндеуді дайындаушы-зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес бекітілген кесте бойынша, қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге тапсырыс-рұқсатты ресімдеумен жүргізу қажет.

      160. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін қотару бойынша сорғылық үй-жайда мерзімді түрде кестеге сәйкес мұнай өнімдері буларының қауіпті концентрациясының бар-жоғын анықтау үшін қоршаған ауаға талдау жүргізу қажет. Қоршаған ауаны талдау жөндеу жұмыстарының басталуы алдындағыдай жүргізіледі.

7.5. Темір жол эстакадаларын және кірме жолдарды пайдалану

      161. Электрлендірілген темір жолдарға жанасатын мұнай базаларындағы темір жолдардың кірме жолдарында екі оқшаулаушы түйіспе: біріншісі - төгу шөбінің шектерінде, екіншісі - тұйық стрелкасында орнатылуы тиіс.

      162. Тура жүретін локомотив өткелі үшін құю-төгу эстакадасымен теміржолды пайдалануға жол берілмейді.

      163. Цистерналарды төгу-құю кезінде қызмет көрсететін персоналға жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эстакадаларды, құю тіреушіктерін алаңшалармен, өтпелі көпірлермен жабдықтау қажет.

      164. Темір жол эстакадасында мөлдір мұнай өнімдеріне арналған аспалы көпіршелердің цистерналардағы тіректері үшін жасырын бұрандамалармен бірге ағаш немесе резеңке жастықтары болуы тиіс.

      165. Құю-төгу құрылғыларының көтергіш тетіктері тетіктердің өздігінен айналуын болдырмайтын сақтандырғыш құрылғыларымен жарақтандырылады.

      Құю тіреушіктерін бұрушы тетікпен бұру керек. Тіреушіктің үстіңгі бөлігіне бекітілген арқанды, тартымды қолдануға рұқсат етіледі. Осы мақсатқа құю-төгу құбыржолшегін немесе құбыржолды пайдалануға жол берілмейді.

      166. Құю-төгу құрылғыларынан немесе жеке тұрған тіреушіктерден екі жағы бойынша (төрт өсті бір вагонның қашықтығында) олардың артынан локомотивтердің кіруіне жол берілмейді "Локомотивті тоқтату" сигналдық белгілері орнатылуы тиіс.

      167. Цистерналарға авиациялық майларды, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды және авиациялық бензиндерді құю кезінде атмосфералық тұнбалар мен тозаңдардың түсуіне жол бермеу мақсатында темір жол эстакадалары қалқалармен немесе шатырлармен жабдықталуы тиіс.

      168. Құю-төгу шебін жарықтандыру үшін прожекторлар, сондай-ақ жарылысқа қарсы сенімділігі жоғары стационарлық шамдар қолданылады.

7.6. Мұнай өнімдерін автоцистерналар мен ыдыстарға
босатудың техникалық құрылғыларын пайдалану

      169. Мұнай өнімдерінің жекелеген маркаларын (сорттарын) босатудың типі мен көлеміне байланысты жұмыс орындары (островкалар) жеке цистерналар секілді, автопоездарды да құюмен қамтамасыз етуі тиіс.

      170. Құю көлеміне байланысты құю пунктінде қолмен басқарылатын құю тіреушіктері, оператордан жергілікті немесе қашықтықтан басқарумен автоматтандырылған құю қондырғылары қолданылады.

      171. Автоматтандырылған жүйелердің көмегімен автоцистерналарды құюды басқаруды арнайы оқудан өткен операторлар орындауы тиіс.

      172. Автоэстакадалар, автотұрақтар, сондай-ақ автоматтандырылған құю станциялары ақаусыз күйде ұсталуы тиіс, табылған мұнай өнімдерінің жылыстауы тез арада жойылуы тиіс. Ақаулы құрылғыларды пайдалануға жол берілмейді.

      173. Мұнай өнімдерін босату учаскелерінде құмның қоры және мұнай өнімдерін оқыс төгілулерді жоюға және ластанған жерлерді тазалауға арналған құралдар қарастырылуы тиіс.

      Мұнай өнімдерін алу кезінде қатаң тәртіп пен кезектілік сақталуы қажет. Әрбір автомобильді тиеу орнын мұнай базасының операторлары көрсетеді.

7.7. Пирстарды, айлақтарды және айлақтық құрылыстарды
пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары

      174. Мұнай базаларында мұнай құю кемелерін болатпен арқандау үшін кірер жерде кепілді тереңдіктерімен бірге арнайы айлақтық құрылыстар болуы тиіс.

      175. Пирстер мен айлақтардағы судың қажетті тереңдігі кеменің түбіндегі тереңдіктің кепілдендірілген қорында оны түсіру мен тиеуге байланысты дифферентті ескере отырып, неғұрлым терең орналасқан кеменің шекті тұнбасына байланысты.

      176. Мұнай базаларының пирстері мен айлақтарына су өткелдері барлық навигация ішінде кемелердің қауіпсіздігін және кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Кеме жүрісінің габариттерін кепілдендіруді қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар әрбір күнге кірудің нақты жай-күйімен анықталады.

      177. Мұнай базаларына су өткелдері мерзімді түрде қорғалуы тиіс. Кеме жүрістерінің белгіленген габариттерін ұстап тұру, су жолдарын, жол құрылыстарын, кеме жүзу жағдайының белгілерін тәртіпте ұстау су көлігі органына жүктеледі.

7.8. Желдетуге қойылатын қауіпсіздік талаптары

      178. Мұнай базаларындағы өндірістік үй-жайлар қызметкерлердің аймақта болуында қоршаған ауаның жай-күйін 12.1.005-88 МЕМСТ талаптарына сәйкес қамтамасыз ететін желдеткішпен жабдықталуы тиіс.

      179. Үй-жайларда қоршаған ауаның параметрлерін нормалау кезінде температуралардың рұқсат етілетін параметрлерінің, салыстырмалы ылғалдылықтың, 12.1.005-88 МЕМСТ сәйкес ауа қозғалысы жылдамдығының диапазонын негізге алу керек.

      180. Пайдалануға іске қосуға дейін барлық желдету қондырғылары сыналуы және реттелуі тиіс; зауыттық паспорты болмаған жағдайда, оларға техникалық паспорттар (формулярлар) жасалуы тиіс.

      181. Желдету қондырғыларын іске қосу сынаулары алдында:

      желдету жабдығын орнатудың дұрыстығын, ауаарналарының, каналдардың, желдету камераларының, шахталардың және басқа да құрылғылардың жобаға сәйкес дайындалуы мен монтажын;

      желдету жабдығының, ауа бөлулердің және басқа элементтердің бекіту сенімділігін;

      кедергілік құрылғылардың орналасуын орнықтыратын тетіктердің бар-жоғын және осы құрылғыларды басқару қолайлылығын;

      жобада көзделген шуға қарсы іс-шаралардың орындалуын;

      регламент талаптарының орындалуын;

      жобаның арнайы талаптарының орындалуын тексеру қажет.

      Желдету қондырғыларын тексеру кезінде анықталған бұзылушылықтар мен кемшіліктер сынаудың басталуына қарай жойылуы тиіс.

      182. Мұнай базаларында сумен жабдықтау жүйелері тиісті сапада сумен және қажетті көлемде өндірістік, тұрмыстық және 3.01.067-97 "Ауыз су" СанЕмН талаптарына сәйкес өртке қарсы қажеттілікпен қамтамасыз етуі тиіс.

8. Мұнай өнімдерін қабылдауға және босатуға
қойылатын қауіпсіздік талаптары

      183. Мұнай өнімдерін қабылдау мен босатуды мұнай базалары тек арнайы төгу-құю құрылғылары арқылы жүргізуі тиіс:

      Темір жол цистерналары - жекелеген тіреушіктер немесе төгу қондырғылары арқылы арнайы эстакадаларда;

      теңіз және өзен кемелері - айлақтық құрылыстар арқылы немесе айлақсыз тәсілмен;

      автомобиль цистерналары - құю станцияларында, автоэстакадаларда, жекелеген тіреушіктер арқылы;

      бөшкелер, бидондар және басқа ыдыстар - құю және өлшеп-орау пункттері;

      магистральдық мұнай өнімдері құбырлары бөлулері бойынша.

      184. Құюмен және вагон-цистерналарда, теңіз және өзен кемелерінде, автомобильдік көлікте тасымалдауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізбесі, буып-түю мен таңбалау, құю мен тасымалдауға арналған көлік құралдарын дайындау 1510-84 МЕМСТ талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      185. Тез тұтанатын және жанғыш мұнай өнімдерін төгу және құю саңылаусыздануы тиіс, құйылатын саңылаусыз ыдыстан буды бөлу тәсілі жобалық құжаттамамен анықталады.

      186. Тұтқырлығы жоғары қыздырылған мұнай өнімдерін темір жол цистерналарына, құю кемелеріне, бункерлік жартылай вагондарға, автобитум тасымалдаушыларға, автогудронаторларға "Темір жол көлігі және жүктерді тасымалдау объектілері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 43 бұйрығымен көзделген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4104 болып тіркелген температураларда құю керек.

      187. Тұтқыр және тұтқырлығы жоғары мұнай өнімдерін (май, мазуттар, эмультұздар және басқалар) темір жол цистерналарына төменнен төгу аспабымен, сондай-ақ өнімді қыздыру құралдарымен жабдықталған кемелерге тиеу керек.

      188. Мыналарға:

      айлақтарда, темір жол және автомобильдік цистерналарының эстакадаларында найзағай кезінде және желдің жылдамдығы 15 м/с және одан артық болғанда кемелердің төгу-құю операцияларын жүргізуге;

      резервуарларда, темір жол және автомобильдік цистерналарда және басқа конструкцияларда найзағай кезінде және желдің жылдамдығы 12,5 м/с және одан артық болғанда биіктікте жұмыстарды (сынамаларды іріктеу, деңгейді өлшеу және т. б.) орындауға жол берілмейді.

      189. Ашық ауада барлық жұмыстар тоқтатылатын осы климаттық ауданда сыртқы ауа температурасы мен жел күшінің шекті мәндерін жұмыстардың жүргізілу орны бойынша қаланың (ауданның) әкімшілігі белгілейді.

      190. Резервуарларды толтырудың (босатудың) ең жоғары өндірімділігі жобада көрсетілген шамалардан аспауы тиіс.

      Понтондармен (жүзбелі шатырлармен) резервуарларды толтырудың (босатудың) өндірімділігі жобаға сәйкес понтонның көтеру (түсіру) жылдамдығы 6,0 м/сағ. аспайтындай болуы тиіс.

      191. Темір жол цистерналарында, сондай-ақ төгу-құю құрылғыларында қатқан мұнай өнімдерін тек бумен, ыстық сумен, жылытылған мұнай өнімімен (айналымдық әдіс) немесе электр қыздырғышпен қыздыруға болады. Осы мақсат үшін ашық отты (алауларды, темір пешті, факелдерді, дәнекерлеу шамын) қолдануға жол берілмейді.

      Қыздыру уақытында мұнай өнімі температурасының артуы кезінде оның цистернадан шығарылмауын қадағалау қажет.

      192. Темір жолдарда тез тұтанатын сұйықтармен тұрған темір жол цистерналарын стационарлық, қоймалық (шығыстық) ыдыстар ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      193. Төгу-құюға келетін мұнай құю кемелері өзінің жіктемесі, конструкциясы және жабдығы бойынша 1510-84 МЕМСТ талаптарына сәйкес мұнай өнімдерін тиеуге дайын болуы тиіс.

      194. Мұнай өнімдерін қабылдау (тапсыру) аяқталғаннан кейін тарату құбырындағы ысырмалар магистральдық мұнай өнімдері құбыржолдарының пломбаларымен пломбаланады.

      195. Мұнай өнімдерін кезекті қотару кезінде оларды барынша аз араластыру мақсатында физикалық-химиялық қасиеттері бойынша бір-біріне жақын мұнай өнімдерін алу керек.

      Магистральдық мұнай өнімдерінің құбыржолдары бойынша қотару кезінде бензиннің температурасы 30 0 С-тан аспауы, керосин мен дизель отының температурасы 40 0 С-тан аспауы тиіс.

      196. Автоцистерналарға мұнай өнімдерін босату құюдың автоматтандырылған жүйелері, автоэстакадалар және жеке тіреушіктер арқылы жүргізіледі.

      197. Мұнай өнімдерін автомобильдік цистерналарға, тіркемелер мен жартылай тіркемелерге құю үшін арнайы, оның ішінде жоғарғы және төменгі құю құрылғыларымен, есептік-мөлшерлі құрылғылармен, сорғылық агрегатпен, қашықтықтан басқару пультімен, асыра құюдың алдын алуға және құю процесін саңылаусыздандыруға арналған құрылғылармен, сондай-ақ бірлік массасында (көлемінде) құйылатын мұнай өнімдерінің мөлшерін өлшеудің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған автоматтандырылған құрылғылар қолданылуы тиіс.

      198. Автоцистерналарға мұнай өнімдерін құюды шашырандысыз, сұйық қабатының астынан жүргізу қажет, ол құю құбыржолшектері мен құбыржолдарын цистернаның түбіне дейін түсірумен жеткізіледі. Шеттеріндегі құбыржолшектердің соққы кезінде ұшқын түзілу мүмкіндігін болдырмайтын металдан дайындалған ұштықтары болуы және жерге қосылуы тиіс.

      199. Қоршаған ортаның ластануының алдын алу мақсатында құю құрылғылары тетікпен жабдықталуы немесе құю операцияларынан кейін құю құрылғыларынан мұнай өнімдерінің қалдықтарын құю мүмкіндігіне арналған ыдыспен жарақтандырылуы тиіс.

9. Мұнай өнімдерін сақтауға қойылатын
қауіпсіздік талаптары

      200. Резервуарды таңдау мұнай өнімінің сипаттамасына, тұтанғыштықты, өрт қауіптілігін, жарылыс қауіптілігін, буланғыштылығын, ұшқырлығын, уыттылығын ескере отырып, буланудан болатын мұнай өнімінің шығынын барынша азайтуды ескере отырып пайдалану шарттарына байланысты техникалық-экономикалық есептеулерге негізделуі тиіс.

      Мұнай өнімдерінің ауамен тұтануының рұқсат етілетін шектері және мұнай өнімдерінің өрт және жарылыс қаупі бар қасиеттерінің басқа сипаттамалары осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

      201. Төгу-құю және сақтау кезінде барлық операцияларды ең жоғарғы саңылаусыздандыруды қамтамасыз ету қажет.

      Мұнай базаларының және жағармай құю станцияларының жұмыс аймағында ауада зиянды заттардың мүмкін шектегі шоғырлануы осы регламенттің 2-қосымшасында берілген көрсеткіштерден аспауы тиіс.

      202. Әрбір сорттың немесе марканың мұнай өнімдері жеке, оларға арналған жарамды, ішкі май-бензинді және буға төзімді қорғанышты жабынды, электр статикалық ұшқын қауіпсіздігінің талаптарын қанағаттандыратын резервуарларда сақталуы тиіс.

      203. Резервуарларда мұнай өнімдерін қыздыру температурасы 90 0 С-тан аспауы тиіс және жабық ыдыстарда мұнай өнімдері буларының жарқ ету температурасы 15 0 С-қа төмен болуы тиіс. Мұнай өнімдерін қыздыру температурасына нәтижелерді журналға тіркеумен тұрақты бақылау орнатылуы тиіс.

      204. Сорт ауысымы кезінде мұнай өнімдері сапасының сақталуын қамтамасыз ету үшін резервуардың тазалығы және оны толтыруға дайындығы 1510-84 МЕМСТ-қа сәйкес болуы тиіс.

      205. Мұнай өнімдерін ыдыста сақтауды арнайы жабдықталған қоймалық ғимараттарда, қалқаның астында және ашық алаңдарда жүзеге асырады. Сақтау тәсілін климаттық жағдайларға, сақталатын мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттеріне, ыдыстың түріне байланысты қабылдайды.

      Тез тұтанатын мұнай өнімдерін, сондай-ақ мұнай өнімдерін ашық алаңдарда ағаш ыдыста сақтауға жол берілмейді.

      206. Ыдыстағы жанғыш мұнай өнімдерін бір қабатты жерасты құрылыстарында сақтауға рұқсат етіледі. Резервуарлардың жалпы көлемі 20000 м 3 дейінгі кәсіпорындарда жарқ ету температурасы 120 0 С-тан жоғары, 60 м дейінгі мөлшерде мұнай өнімдерін жанғыш материалдардан жасалатын жерасты құрылыстарында, осы құрылыстарды 0,2 м-ден кем емес қалыңдықта топырақ қабатымен (нығыздаумен) көмілген және едені жанбайтын материалдардан жасалған жағдайда қоса сақтауға рұқсат етіледі.

      207. Мұнай өнімдерін ыдыста сақтауға арналған алаңдар (ашық және қалқаның астында) қатты топырақты және су ағу үшін еңісті болуы тиіс. Алаңдардың периметрі бойынша тұйық үйінділеу немесе жанбайтын материалдардан жасалған биіктігі 0,5 м қоршау қабырға, ал өту немесе алаңға жүру орындарында - пандустар көзделуі тиіс.

      208. Тұтқыр мұнай өнімдерін төгу кезінде темір жол цистерналарында және құю кезінде резервуарларда қыздыру мен қотаруға ең аз шығын кетіретін температураға дейін қыздырады. Қыздыруға оңтайлы температураны анықтау үшін бастапқы деректерді таңдау төгу-құюдың нақты шарттарына, мұнай өнімдерінің және қоршаған ортаның температурасына, мұнай өнімдерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

      209. Мұнай өнімдерін төгу-құюдың өздігінен ағуы кезінде қыздыруға оңтайлы температура теміржол және автомобильдік цистерналарға, кемелерге белгіленген мерзімдерде төгу-құюды қамтамасыз ету шарттарына байланысты анықталады.

10. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын
консервациялау және тарату кезінде қойылатын
қауіпсіздік талаптары

      210. Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын консервациялау және тарату жобасының негізінде жүргізіледі. Консервациялау және тарату бойынша жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жобалық шешімдердің орындалуын қамтамасыз ететін жоспарларға сәйкес жүргізіледі.

      211. Консервациялау және тарату кезінде технологиялық жүйеде жарылыс қаупі бар қоспалардың, сондай-ақ гидраттүзілімі немесе сұйықтардың қатуы нәтижесінде тығындардың түзілімін болдырмаудың шаралары көзделуі тиіс (инертті газбен үрлеу, үрлеудің тиімділігін бақылау және т.б.).

      212. Қауіпті өндірістік объектіні консервациялаудың ұзақтығы жобамен көзделген мерзімдерден асса немесе асуы мүмкін болса және мүлікке, тұрғындардың өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян тудыру қаупі туындаса немесе туындауы мүмкін болса, авариялардың тәуекеліне азайтататын қосымша қауіпсіздік шаралары әзірленуі және іске асырылуы тиіс.

11. Сәйкестігін бағалау

      213. Мұнай базасының автожанармай құю станциясының регламентке сәйкестігін бағалау мына кезеңдерде жүргізіледі:

      ғимараттарды, құрылыстарды және төңірегіндегі аумақтарды пайдалануға қабылдау;

      Қазақстан Республикасында өндірілетін және оның аумағына енгізілетін техникалық құрылғыларды, материалдарды Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес пайдалануға рұқсат ету;

      мұнай базалары мен автомай құю станцияларын пайдалану.

      214. Мұнай базаларының, автожанармай құю станцияларының ғимараттарының, құрылыстарының және іргелес аумақтарының сәйкестігін бағалау және пайдалануға қабылдау олардың жобалық құжаттамаға сәйкестігін Қазақстан Республикасының белгіленген Заңнамасымен құрылған комиссияның тексеруінен кейін жүргізіледі.

      215. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы экологиялық кодексінде белгіленген тәртіпте қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар мен қызметтерді орындауға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      216. Пайдаланылатын мұнай базаларының және/немесе жағармай құю станцияларының персоналы мен авариялық-құтқару қызметтерінің аварияларды оқшаулау және салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығын бағалау өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      217. Өрт және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы регламентті сақтауды бағалау өрт қауіпсіздігі туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      218. Электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттің талаптарын сақтаудың сәйкестігін бағалауды электр энергетикасы туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган жүзеге асырады.

      219. Техникалық реттеу саласында сәйкестігін бағалау техникалық тәртіппен реттеу туралы белгіленген заңнамада жүзеге асырылады.

12. Техникалық регламентке сәйкестік презумпциясы

      Ескерту. 12-тарау алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.02.09 № 108 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

13. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі

      Ескерту. 13-тарау алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.02.09 № 108 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

14. Қолданысқа енгізілу мерзімдері мен талаптары

      222. Осы техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      221-1. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және мемлекеттік органдардың құзыреттері шегінде қалыптастырылатын өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен үйлестірілуге жатады.

      Ескерту. 14-тарау 221-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.09 № 108 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  "Мұнай базаларының және
автожанармай құю
станцияларының қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар" техникалық
регламентке
1-қосымша

Мұнай өнімдерінің өрт және жарылыс қауіпті
қасиеттеріне сипаттама

Зат

Температу-
ра, 0 С

Ауамен тұтану шегі

жарқ
ету-
лер

өзді-
гінен
тұтану

Температу-
ралық, 0 С

шоғырлану, %
(көлемі бойынша)

тө-
менгі

жоғар-
ғы

төмен-
гі

жоғар-
ғы

Бензиндер:
Б-70 авиациялық
Б-91/115 авиациялық
Б-100/130 авиациялық
А-72 автомобильдік
Дизель отыны:
арктикалық
қыстық
жаздық
Керосин:
ашық
тракторлық
Мазут:
флоттық
100 отындық
40 отындық
Отын:
Т-1
ТС-1
Уайт-спирит


-34
-38
-34
-36

64
48
71

57
27

158
145
140

30
28
33-36


300
435
474
300

330
240
310

216
250

390
420
380

220
220
227


-34
-38
-34
-36

57
69
62

35
27

106
143
138

25
20
33


-4
-4
-4
-7

105
119
100

75
69

133
170
145

65
57
68


0,79
-
0,98
0,79

-
-
-

1,40
1,40

-
-
-

1,4
1,2
-


5,16
-
5,46
5,16

-
-
-

7,5
7,5

-
-
-

7,5
7,1
-

  "Мұнай базаларының және
автожанармай құю
станцияларының қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар"
техникалық регламентке
2-қосымша

Мұнай базасы мен автожанармай құю станциясының
жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың рұқсат
етілетін шекті шоғырлануы

Заттар (булар мен
газдар)

Рұқсат етілетін
шекті шоғырлану,
мг/м 3

Қауіптілік сыныбы

Бензин
(еріткіш, отындық)

100

IV

Бензол*

5

II

Керосин (С-ға қайта
есептеуде)

300

IV

Дизель отыны (С-ға
қайта есептеуде)

300

IV

Минералдық мұнай
майлары *

5

III

Мұнай*

10

III

С 1 4 көмірсутек-
терімен қоспадағы
күкіртті сутек

3

III

Күкіртті сутек

10

II

Тетраэтилқорғасын*

0,005

I

Толуол

50

III

Уайт-спирит (С-ға
қайта есептеуде)

300

IV


      Ескертпе: * заттар теріге тиген кезде қауіпті. Рұқсат етілетін шекті шоғырлануды арттыруға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады