Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 146 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
      2-тармақтың үшінші абзацындағы «және (немесе) коммерциялық мүдделерін» деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақтағы «олар үшін белгіленген су тұтыну лимиті шегінде» деген сөздер «елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      бірінші абзацта:
      мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      «тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шығыстары құрамында» деген сөздер «тиісті қаржы жылдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы «және үйге ортақ (бірыңғай)» деген сөздер «бірыңғай» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2006 года № 248

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2011 года № 146. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 1034

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.12.2015 № 1034 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2006 года № 248 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 12, ст. 113) следующие изменения:
      в Правилах субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, утвержденных указанным постановлением:
      в абзаце третьем пункта 2 слова "и (или) коммерческих интересов" исключить;
      в пункте 5 слова "для них лимита водопотребления" заменить словами "удельного среднесуточного водопотребления на одного жителя в населенных пунктах";
      в пункте 6:
      в абзаце первом:
      слово "поддержанных" заменить словом "одобренных", текст на государственном языке не изменяется;
      слова "в составе расходов Администратора бюджетной программы на соответствующий финансовый год" заменить словом "на соответствующие финансовые годы";
      в абзаце третьем слова "общедомовыми (едиными)" заменить словом "едиными".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов