Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
2-тармақтың үшінші абзацындағы «және (немесе) коммерциялық мүдделерін» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы «олар үшін белгіленген су тұтыну лимиті шегінде» деген сөздер «елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бірінші абзацта:
мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
«тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шығыстары құрамында» деген сөздер «тиісті қаржы жылдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «және үйге ортақ (бірыңғай)» деген сөздер «бірыңғай» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов