Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэрожоба» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып айқындалсын.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні азаматтық авиация саласындағы сертификаттық тексеруге алдын ала қорытынды дайындау мен беру және кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты технологиялық қызметтерді ұсыну болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.09.2014 № 995; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов