Қарағанды және Ақмола облыстарының жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 247 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бұйратау» мемлекеттік табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылданып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағына берілсін.
      2. Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. «Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бұйратау» мемлекеттік табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің, республикалық маңызы бар Белодым және Ерейментау мемлекеттік табиғи қаумалдарының базасында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
      4. Жалпы алаңы 19209,9 гектар, оның ішінде Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Теміртау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің 7341,9 гектар және Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ерейментау орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің 11868 гектар жер учаскелері орман қоры жерлерінің санатынан алынсын.
      5. Осы қаулының 4-тармағында көрсетілген жер учаскелері және жалпы алаңы 69758,1 гектар, оның ішінде Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағындағы алаңы 20812,1 гектар және Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағындағы алаңы 48946 гектар босалқы жерлер заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Мекемеге тұрақты жер пайдалануға берілсін.
      6. Осы қаулының 5-тармағында көрсетілген Мекеменің жер учаскелері орман қоры жерлері, босалқы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
      7. Қарағанды және Ақмола облыстарының әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме жерлері төңірегінде күзет аймағын белгілеп, онда осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге келеңсіз әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.
      8. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетін сома есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
      9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-4-жолмен толықтырылсын:
      «21-4. «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 6-жолда:
      3-бағанда:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда «11537» деген сандар «11631» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда «5366» деген сандар «5460» деген сандармен ауыстырылсын;
      мына:
      «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» 185» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» 94».
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 11 наурызда 
№ 247 қаулысына    
қосымша        

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

гектармен

Атауы

Жалпы алаңы

оның ішінде:

Орманды жерлер

Ормансыз жерлер

шабындық

жайылым

су астында

өзге

ормансыз жерлер жиыны

1

2

3

4

5

6

7

8

Ақмола облысының Ерейментау ауданы

1. Орман қорының жерлері (Ерейментау орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі) Ерейментау орманшылығы

11 868,0

8 003,2

499,1

2 017,2

4,6

1 343,9

3 864,8

2. Босалқы жерлер

48 946,0

-

-

48 719,0

69,0

158,0

48 946,0

Қарағанды облысының Осакаров ауданы

1. Орман қорының жерлері (Теміртау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы) Молодежное орманшылығы

7 341,9

1 427,7

1 805,0

3 551,0

-

558,2

5 914,2

2. Босалқы жерлер

20 812,1

-

-

20 757,3

54,8

-

20 812,1

Барлығы:

88 968,0

9 430,9

2 304,1

75 044,5

128,4

2 060,1

79 537,1

О некоторых вопросах отдельных государственных учреждений Карагандинской и Акмолинской областей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2011 года № 247

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять в установленном законодательством порядке в республиканскую собственность государственное учреждение "Государственный природный парк "Буйратау" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Карагандинской области" как имущественный комплекс, находящийся в коммунальной собственности акимата Карагандинской области, и передать в ведение Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      2. Акимату Карагандинской области совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан и Комитетом лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке осуществить необходимые мероприятия по реализации пункта 1 настоящего постановления.
      3. Создать государственное учреждение "Государственный национальный природный парк "Буйратау" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (далее - Учреждение) на базе государственного учреждения "Государственный природный парк "Буйратау" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Карагандинской области, Белодымовского и Ерейментауского государственных природных заказников республиканского значения.
      4. Изъять из категории земель лесного фонда земельные участки общей площадью 19209,9 гектара, в том числе государственного учреждения "Темиртауское хозяйство по охране лесов и животного мира" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Карагандинской области" - 7341,9 гектара и государственного учреждения "Ерейментауское государственное учреждение лесного хозяйства" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области" - 11868 гектаров.
      5. Предоставить в установленном законодательстве порядке земельные участки, указанные в пункте 4 настоящего постановления, и земли запаса общей площадью 69758,1 гектара, в том числе, на территории Осакаровского района Карагандинской области площадью 20812,1 гектара и Ерейментауского района Акмолинской области площадью 48946 гектаров в постоянное землепользование Учреждению согласно приложению к настоящему постановлению.
      6. Перевести земельные участки Учреждения, указанные в пункте 5 настоящего постановления, из категории земель лесного фонда, земель запаса в категорию земель особо охраняемых природных территорий, а имеющиеся на этой территории леса отнести к категории государственного лесного фонда "леса государственных национальных природных парков".
      7. Акиматам Карагандинской и Акмолинской областей в установленном законодательством порядке установить охранную зону вокруг земель Учреждения с запрещением и (или) ограничением в пределах этой зоны любой деятельности, отрицательно влияющей на состояние и восстановление экологических систем.
      8. Установить, что финансирование Учреждения осуществляется из республиканского бюджета за счет и в пределах сумм, предусматриваемых в республиканском бюджете на содержание особо охраняемых природных территорий.
      9. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения и изменения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 14, ст. 168):
      перечень организаций, находящихся в ведении Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденный указанным постановлением:
      дополнить строкой, порядковый номер 21-4, следующего содержания:
      "21-4. Государственное учреждение "Государственный национальный природный парк "Буйратау";
      2) утратил силу постановлением Правительства РК от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      3) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":
      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов, с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:
      в строке, порядковый номер 6:
      в графе 3:
      в строке "Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан с учетом его территориальных органов и подведомственных ему государственных учреждений, в том числе:" цифры "11537" заменить цифрами "11631";
      в строке "Государственные учреждения, подведомственные Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, в том числе:" цифры "5366" заменить цифрами "5460";
      после строки:
      "Жонгар-Алатауский государственный национальный природный парк 185" дополнить строкой следующего содержания:
      "Государственный национальный природный парк "Буйратау" 94".
      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 11 марта 2011 года № 247

                           Экспликация
      земельных участков, предоставляемых в постоянное
         землепользование государственному учреждению
   "Государственный национальный природный парк "Буйратау"
     Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства
           сельского хозяйства Республики Казахстан"

                                                          в гектарах

Наименование

Общая
площадь

в том числе:

Лесные
угодья

Нелесные угодья

сено-
косы

паст-
бища

под
водой

прочие

итого
нелес-
ных
угодий

1

2

3

4

5

6

7

8

Ерейментауский район Акмолинской области

1. Земли лесного
фонда
(Ерейментауское
государственное
учреждение
лесного
хозяйства)
Ерейментауское
лесничество

11868,0

8003,2

499,1

2017,2

4,6

1343,9

3864,8

2. Земли запаса

48946,0

-

-

48719,0

69,0

158,0

48946,0

Осакаровский район Карагандинской области

1. Земли лесного
фонда
(Темиртауское
хозяйство по
охране лесов и
животного мира)
Молодежное
лесничество

7341,9

1427,7

1805,0

3551,0

-

558,2

5914,2

2. Земли запаса

20812,1

-

-

20757,3

54,8

-

20812,1

Всего:

88968,0

9430,9

2304,1

75044,5

128,4

2060,1

79537,1