"Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысы

      «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және саны 27405 адам болатын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы шегінде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 марта 2011 года № 1163 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2011 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2011 года № 250

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 марта 2011 года № 1163 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2010 года» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы организовать работу призывных комиссий и обеспечить проведение призыва в апреле - июне и октябре - декабре 2011 года граждан мужского пола в количестве 27405 человек в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан организовать усиленное дежурство сотрудников органов внутренних дел в местах сбора и отправки в войска призывников.
      3. Министерству здравоохранения Республики Казахстан в установленном порядке организовать медицинское обеспечение призывных пунктов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить перевозку уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы и граждан, призванных на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Внутренние войска Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканскую гвардию Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан по заявкам Министерства обороны Республики Казахстан.
      5. Министерствам обороны, внутренних дел, по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан возмещение расходов на перевозку граждан, призванных на срочную воинскую службу, а также уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы, производить непосредственно организациям, осуществляющим перевозку, по предъявленным ими счетам в пределах ассигнований, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов