Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аtаnа Кnоwlеdgе Сitу» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында және 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына нысаналы салым ретінде беруді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.06 № 1469 Қаулысымен.
3. Осы қаулы ол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов