2011 жылғы 11 наурызда болған жойқын жер сілкінісі және зор цунами салдарынан Жапонияда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Жапонияға ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 1000000 (бір миллион) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты: Ваnк nаmе: Sumіtоmо Мitsuі Ваnkіng Соrроrаtіоn, Вrаnсh nаmе: Gіnzа, Аssоunt numbеr: 8047670 (Оrdіnаrу аssоunt), SWIҒТ Соdе: SМВС JP JT, Recіріеnt: Тhе Jараnеsе Rеd Сrоss Sосіеtу, Rесіріеnt аddrеss: 1-1-3 Shіbа-Dаіmon Міnаtо-ku, Тоkуо JАРАN арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсін.
3. Жапонияға ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен саны 83250 (сексен үш мың екі жүз елу) физикалық қалбыр ет консервілері броньнан шығарылсын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 95 Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жапония, Нарита әуежайына дейін ізгілік жүкті уақтылы тиеп жіберуді және әуе көлігімен жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік жүгін алушыны анықтасын және көмек көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов