Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін елді мекендер жеріне ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1115 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы «345,3» деген сандар «291,4» деген сандармен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақмола облысының әкімі жер учаскелерін жеке және заңды тұлғаларға беру кезінде орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Жалпы алаңы, гектар» деген бағандағы «345,3» деген сандар «291,4» деген сандармен ауыстырылсын;
«орман өскен» деген бағандағы «53,9» деген сандар «9,2» деген сандармен ауыстырылсын;
«жайылым» деген бағандағы «211,5» деген сандар «202,3» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Ақмола облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов