Орман қоры жерiнiң жекелеген учаскелерiн елдi мекендер жерiне ауыстыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 1115 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң  130-бабына , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнiң  51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумағындағы "Ақкөл" ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттiк мекемесiнiң жалпы алаңы 291,4 гектар жер учаскелерi қосымшаға сәйкес орман қоры жерiнiң санатынан елдi мекендер жерiнiң санатына ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.07 № 406 Қаулысымен.

      2. Ақмола облысының әкімі жер учаскелерін жеке және заңды тұлғаларға беру кезінде орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.07 № 406 Қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                          2005 жылғы 9 қарашадағы
                                              N 1115 қаулысына
                                                   қосымша

      Орман қоры жерiнiң санатынан елдi мекендер жерiнiң 
  санатына ауыстырылатын Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумағы 
                      жерiнiң экспликациясы

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
2011.04.07 № 406 Қаулысымен.

Жер пайдаланушының атауы


Жалпы алаңы, гектар


оның iшiнде:

орман өскен

егiстiк

шабындық

жайылым

басқа
жерлер

"Ақкөл"
ормандар және
жануарлар дүние-
сiн қорғау
жөнiндегi
мемлекеттік
мекемесi

291,4

9,2

9,7

32,8

202,3

37,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады